«Астана-аймақтық электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамында квазимемлекеттік сектор активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары
2021 жылғы 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста «Астана-аймақтық электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамында квазимемлекеттік сектор активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары талқыланды.
Қазақстан Республикасының энергетикалық саласына жүргізілген талдау «Астана-аймақтық электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрі болып табылатын электр энергия беру өңірлер бойынша ең төменгі тарифтер жағдайында жұмыс істейтінін көрсетті (республика бойынша орташа алғанда кВт*сағат үшін 4,79 теңге кезінде кВт*сағат үшін 4,07 теңге). Бұл жаңа желілердің бюджет қаражаты есебінен салынуына байланысты, ал Қоғамның инвестициялық бағдарламасы өз желілерін қайта құруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге бағытталғанын анықтайды.
Елорда халқы үшін тұтынатын электр қуатының қорытынды тарифтері республика бойынша ең төменгі тарифтік бағалардың бірі болып табылады. 2020 жылы өңірлер бойынша электр энергия қолжетімділігіне жүргізілген талдау елорда Атырау қаласынан кейін 2-ші орында тұрғанын көрсетті.
Қала әкімдігінің елорда тұтынушыларын энергия қуатымен сенімді қамту жөніндегі жүргізіп жатқан жұмысына қарамастан, негізгі энергиямен жабдықтаушы ұйымы «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің түпкі тұтынушылары – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар үшін тарифтері республика бойынша орташа болып табылады. Елорда бойынша 2021 жылы энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифтерін талдау көрсеткендей, қаланың электрмен жабдықтаушы негізгі компаниясы – «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің бюджеттік ұйымдар үшін тарифтері халыққа (кВт/сағ үшін 14,03 теңге) және басқа тұтынушыларға (кВт/сағ үшін 20,46 теңге) қарағанда тиісінше 3,3 және 2,2 есе жоғары және кВт/сағ үшін 46,12 теңгені құрайды. Сонымен қатар, елордадағы басқа да электрмен жабдықтаушы компаниялардың заңды тұлғалар үшін тарифтері 2 есеге жуық төмен.
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жалпы есепті деректерге сәйкес тексерілетін кезеңде Қоғамның даму жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілетіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, тексеру барысында қала үшін стратегиялық маңызды нысан жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігіне әсер ететін бірқатар факторлардың бар екенін анықтады. Осылай, 2020 жылды Қоғам сәтсіз қаржылық нәтижемен аяқтады (-1 551 570,0 мың теңге), оның негізгі себебі өткен жылдары салықтардың дұрыс есептелмеуі, соның нәтижесінде Қоғам өткен жылдары толық төленбеген салықтарды 2020 жылы төледі. Сонымен қатар, Қоғамның қаржылық нәтижесіне Қоғамның балансына 2020 жылы жалпы сомасы 27 249,0 млн. теңгеге энергетикалық объектілердің (2019 жылдан 5,8 есе артық) және 2016-2020 жылдардағы тарифтік сметада ескерілмеген сенімгерлік басқаруға берілген 45 777,0 млн.теңгенің берілуі айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте тарифтерді қалыптастыру қағидаларында негізгі құралдарды балансқа қабылдау бекітілген тарифтің ол аяқталғанға дейін өзгеруіне негіз болып табылмайды. Сонымен қатар, 2020 жылы жалпы сомасы 687 100,0 мың теңгеге жоспарлы нормативтік техникалық ысыраптардың (3 030 233,0 мың теңге немесе 9,8 %) асып кетуі орын алды, олар
3 567 777,0 мың теңгені немесе 10,78%-ды құрады, бұл тиісінше қаржылық нәтижеге ықпалын тигізді. Сонымен қатар, оларды ұлғайту себептерін Қоғам нақты түсіндірмейді.
«Астана-ЕРЦ» ЖШС сайтының деректеріне сәйкес коммуналдық қызметтер үшін түбіртектер бойынша жиналу 90%-дан астамын құрайтынына қарамастан, Қоғам көрсеткен қызметтер үшін төлемдер үнемі кешіктіріліп тұрады, осының салдарынан «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен есеп айырысулар бойынша қалыптасқан жағдай да қоғамның тұрақты жұмыс істеуіне әсер етеді. Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғам балансындағы 3 378 269,6 мың теңге дебиторлық берешектің
2 885 400,0 мың теңгесі немесе 61,1%-ы «Астанаэнергосбыт» ЖШС үлесіне тиесілі болып отыр.
Қоғам менеджменті тарапынан белгілі бір шаралардың басымдылығын анықтамай Инвестициялық бағдарламаға қосу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдады, бұл қаражатты ретсіз қайта бөлуге әкеліп, Қоғамның нақты даму стратегиясының жоқтығын көрсетті.
Заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілгеннен және акционер ауысқаннан кейін Қоғамның жарғысына тиісті сәйкестендірулер бойынша шаралар уақытында қабылданбаған. Бұдан басқа, Директорлар кеңесі, басқарма және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерге, сондай-ақ қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер дер кезінде енгізілмеген.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 40 451,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылық, оның ішінде қалпына келтіруге 21 951,0 мың теңге (аудит барысында толық қалпына келтірілді) және өтеуге тиіс 18 500,7 мың теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы 1 151 621,5 мың теңгені құрап, 16 рәсімдік бұзушылықтар және 14 кемшіліктер анықталды.