2021 жылғы 2 наурызда Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды бағалау шеңберінде білім беру саласындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды
Тексеру комиссиясының отырысында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды бағалау шеңберінде білім беру саласындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды.
Мемлекеттік аудит 19 объектіні, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасын (бұдан әрі – Білім басқармасы) және оның ведомстволық бағынысты 18 ұйымын қамтылды.
Білім басқармасы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде көзделген іс-шараларды, жалпы алғанда, орындады, алайда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – 2016 - 2019 жылдарға арналған ББДМБ) көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне және Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың негізгі индикаторларына қол жеткізілуіне қарамастан, бірқатар жеке қайталанатын жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер бар.
Білім басқармасы бюджет қаражатын жоспарлау кезінде жол берген Қазақстан Республикасы заңнамасы бұзушылықтарының жүйелі сипаты бағдарламалық құжаттарды әзірлеу деңгейінің жеткіліксіздігін, нәтижелілік көрсеткіштерін жоспарлау сапасының төмендігін көрсетеді, бұл одан әрі жоғары тұрған стратегиялық бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына қол жеткізілуіне теріс әсерін береді.
Білім басқармасы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде бюджет ресурстарын пайдалану жөніндегі іс-шараларды орындау шеңберінде бюджеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшы құрамы мен бас бухгалтерлері үшін көзделген лауазымдық айлықақыны арттыру жөніндегі норманы заңсыз қолдану бөлігінде орта білім беру саласындағы бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берген.
Білім басқармасы білім беру ұйымдары бөлінісінде оқулықтар мен ОӘК қажеттілігін есепке алуды жүргізбейді, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз ету бойынша бекітілген Қағидалардың талаптары сақталмайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне стипендияны арттыруға бөлінуі тиіс бюджет қаражатын жоспарлау кезінде шығындардың негізділігі бойынша бюджет жүйесінің қағидаттары сақталмайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметін көрсету бойынша білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері орын алған, атап айтқанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі шығыстарды қосу есебінен жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша шығыстарға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыландыру көлемі негізсіз ұлғайтылған.
Білім беру ұйымдарына компьютерлік техниканың кеш жеткізілуіне байланысты Білім басқармасы 2020-2021 жылдардағы оқу кезеңінің басында қашықтықтан оқыту форматында білім беру процесіне қатысушылар үшін тиісті деңгейде жағдай жасамаған.
2020 - 2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру кезінде бюджет қаражатының сапасыз жоспарлануына мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде үнемдеу есебінен (үнемдеу - 557 602,0 мың теңге) инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру көлемінің едәуір азаю фактілері көрсетеді, нәтижесінде қаржыландыру көлемінің азаюымен жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіштер 613-тен 500 орынға дейін немесе 18,4%-ға (төмендеу - 113 орын) қысқарды, Бағдарламаны іске асыруға қосымша 12 инфрақұрылымдық жобаның енгізілуіне қарамастан, бұл факт жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және халықтың табысын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның негізгі мақсатына қол жеткізбеу тәуекелін тудырады.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасының мынадай: басымдық бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу шарттары; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90% көлемінде болған кезде отандық өндірушілерден сатып алу; жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі екі жалақы мөлшеріндегі шарттарды сақтамау бөлігінде талаптары мен шарттары сақталмайды, бұл ретте, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша іріктелген инфрақұрылымдық жобалар уақытша жұмыспен (1 айдан 6 айға дейін) қамтамасыз етеді және іске асырылған жобалар тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етпейді.
Одан басқа, мамандықтар бөлінісінде еңбек ресурстарының қажеттілігі айқындалмаған, оның нәтижесінде мердігерлік ұйымдармен мемлекеттік сатып алу шарттарында белгілі бір мамандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарттар болмаған, тек жұмыс орындарының саны ғана көрсетілген.
Аудит қорытындылары бойынша жалпы сомасы 3 667,7 млн.теңгеге (оның ішінде, 2 957,0 млн. теңгесі қалпына келтірілуі және 710,7 млн. теңгесі өтелуі тиіс) қаржылық бұзушылықтар, жалпы сомасы 969,9 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, жалпы сомасы 21 958,9 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау, 249,1 млн. теңге сомаға ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 184 бұзушылық пен жүйелік сипаттағы 99 бұзушылық анықталды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы 3 әкімшілік іс жүргізуді қозғады, олар бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудиттің 17 материалы уәкілетті органдарға жіберілді.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы тапсырмалар мен ұсынымдар әзірлеп, аудит объектілеріне жіберілді.