Мемлекеттік аудит объектілерін ескерту
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы №13-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған Тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың Үлгілік жүйесі 46-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін ескертеді:
- жоғары дәрежедегі әлеуетті тәуекелдеріне әкелетін жағдайлардың туындауы туралы (№1 тізім);
- жоғары тәуекел дәрежесі және 2022 жылы аудиторлық іс-шараларды жүргізу туралы мәселені қарау туралы (№2 тізім).
Барлық мемлекеттік аудит объектілеріне бюджет қаражатының тиімді игерілуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында бюджеттің атқарылуы жөнінде басқарушылық шешімдерді қабылдауды ұсынамыз.
Сонымен қатар, ақпаратты ведомстволық бағынысты ұйымдарға мәлімет үшін жіберу қажет.
Төрағаның м.а. А. Молдашев