«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-сі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-сі
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
(инд 010000, Астана қаласы, Иманов көшесі, 11, 505/2-кабинет,
анықтама үшін телефон: 8 (7172) 73-11-93, 73-10-41,(tileuov@rkastana.kz)
1. Жоспарлау және есептілік бөлімінің бас маманы-бас бақылаушысына (D-4 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 71 751-ден 96 735 теңгеге дейін.
Негізгі фунционалдық міндеттемелері:
- жергілікті бюджеттің орындалуын талдау;
- Тексеру комиссиясына мәліметтер мен есептерді қорытындыларды, дайындау, Тексеру комисияның бақылаулық іс-шараларына қатысу;
- Астана қаласының мәслихатына берілетін жергілікті бюджетті орындалуы туралы жылдық жоспарды дайындауға қатысу;
- бөлімнің құзіретіне кіретін аналитикалық іс-құжаттарының сұрақтарын дайындау;
- мемлекеттік қаржылық бақылауды жақсартуға байланысты құжаттарды талдап және баға беруді ұсыну;
- Тексеру комиссиясының бақылау қызметі бойынша тоқсандық, жылдық есептерді дайындау, қаржылық бақылау сұрақтары бойынша методикалық іс-құжаттарды дайындауға қатысу;
- жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит,қаржылар), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Мүмкіндігінше экономика және қаржылық бақылау органдарында жұмыс тәжірибесі болуы. Мемлекеттік тілді білуі қаланады.
2. № 2 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушысына, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 71 751-ден 96 735 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттемелері:
- бақылау объектілерінде бақылау іс-шараларын жүргізу;
- бақылау іс-шаралары бойынша іс-құжаттарын талдау және біріктіру;
- Тексеру комиссияның құзіретіне кіретін аналитикалық іс-құжаттарын дайындауға қатысу;
- бөлімнің құзіретіне кіретін аналитикалық іс-құжаттарының сұрақтарын дайындау;
- жергілікті бюджеттің орындалуын реттейтін сұрақтар бойынша, бюджет, салық заңнамалары және өзге де нормативтік құқықтық актілердірді бақылауын өткізу, салық әкімшісінің тиімділігі бойынша қаржының жергілікті бюджетке толық және уақытылы түсуін бақылау,
- жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Мүмкіндігінше экономика және қаржылық бақылау органдарында жұмыс тәжірибесі болуы. Мемлекеттік тілді білуі қаланады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;
- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
- құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру БАҚ-та («Астана ақшамы» және «Вечерняя астана») соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ, 010000, Астана қаласы, Иманов көшесі, 11, №505/2 кабинетте қабылданады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын құжаттар тізбесіндегі 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжаттарды қабылдау мерзiмiнде құжат тігілетін мұқабада орналастырылған күйде қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беруі қажет. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде үміткерлерді әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.