«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-сі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: (инд 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 506-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, 72-92-60, (tileuov@rkastana.kz)

1. Жоспарлау және есептілік бөлімінің бас маманы-бақылаушысы (D-4 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 71 751-ден 96 735 теңгеге дейін.

Негізгі фунционалдық міндеттемелері: жергілікті бюджеттің орындалуын талдау; Тексеру комиссиясына мәліметтер мен есептерді қорытындыларды дайындау, Тексеру комисияның бақылаулық іс-шараларына қатысу; Астана қаласының мәслихатына берілетін жергілікті бюджетті орындалуы туралы жылдық жоспарды дайындауға қатысу; бөлімнің құзіретіне кіретін аналитикалық іс-құжаттарының сұрақтарын дайындау; мемлекеттік қаржылық бақылауды жақсартуға байланысты құжаттарды талдап және баға беруді ұсыну; Тексеру комиссиясының бақылау қызметі бойынша тоқсандық, жылдық есептерді дайындау, қаржылық бақылау сұрақтары бойынша методикалық іс-құжаттарды дайындауға қатысу; жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит,қаржы), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. Ішкі аудит және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы-заңгері, (D-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 94 813-тен 128 126 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттемелері: Бұйрық жобаларына және басқа да актілерге құқықтық сараптама жүргізу; Тексеру комиссиясы қызметін құқықтық қамтамасыз ету; талап жұмыстарын жүргізу; Тексеру комиссиясының мүддесін сотта және басқа да мемлекеттік органдарда көрсету, бюджеттік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; Тексеру комиссиясы қаулысының, оның жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды ұйымдастыру; жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына кіретін мәселелердің тізімін қалыптастыруға қатысу; құқықтық мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау, жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу. Құқықтық мәселелер бойынша методикалық қолдауды көрсету, ұсынылған бақылау актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне сапалық бақылауды заңдық сараптама жолымен жүзеге асыру.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Жоғарғы білім: құқық (құқықтану).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

3. № 2 бақылау бөлімінің бас инспекторы-бас бақылаушысы, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезеңіне (D-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 94 813-тен 128 126 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттемелері: Бақылау нысандарында бақылау іс-шараларын жүргізу; бақылау іс-шаралары бойынша материалдарды талдау және жинақтау; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды даярлауға қатысу; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау; бақылау нысандарының бюджетті салықтық талаптардың, басқа да жергілікті бюджеттің орындалу мәселелерін, жергілікті бюджетке түсімнің толық және уақтылы түсуін, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін реттейтін, нормативтік құқықтық актілердің орындалуы бойынша бақылауды ұйымдастыру, жұмыстың тиімділігі бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

4. № 4 бақылау бөлімінің бас маманы-бақылаушысы, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезеңіне (D-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 71 751-ден 96 735 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттемелері: Бақылау нысандарында бақылау іс-шараларын жүргізу; бақылау іс-шаралары бойынша материалдарды талдау және жинақтау; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды даярлауға қатысу; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау; бақылау нысандарының бюджетті салықтық талаптардың, басқа да жергілікті бюджеттің орындалу мәселелерін, жергілікті бюджетке түсімнің толық және уақтылы түсуін, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін реттейтін, нормативтік құқықтық актілердің орындалуы бойынша бақылауды ұйымдастыру, жұмыстың тиімділігі бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

 1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) нотариалдық куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) нотариалдық куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын құжаттар тізбесіндегі 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми дәрежелер жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беруі қажет. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, №13 ғимарат, 5 қабат, 506 кабинетте қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 507 кабинет) үміткерлерді әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-3 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

D-4 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма), Қазақстан Республикасының заңнамасымен білуге арналған тестте Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

«Астана ақшамы» газетінің 09.10.2014 жылғы
№ 114 (3171) санында жарияланған