'Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.09.2025 - 18.09.2025 Қабылдау 1 этап: 19.09.2025- 23.09.2025 Қабылдау 2 этап: 25.09.2025 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 26.09.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.10.2025 Сұхбат: 06.10.2025 Анықтама телефоны: 87021683555 D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы' мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор мемлекеттік аудиторы, D-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері: Аудиторлық, сараптамалық-талдамалық ісшараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтау; тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін материалдарды беруді жүзеге асыру, мемлекеттік аудит жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттік аудитордың сертификаты болуы.
Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, халықаралық құқық, құқықтану, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, халықаралық құқық, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B- 5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.