Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2012 жылдағы негізгі қорытындылары
«Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 16(2926) санында жарияланған
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 2012 жылға бекітілген жылдық жоспары шегінде қаланы күтіп ұстауға және дамытуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалауға және бақылауға байланысты маңызды және ауқымды жұмыстар атқарылды.
2012 жылдың ағымында 36 бақылау іс-шарасы өткізіліп, оның ішінде 27 іс-шарада тиімділікті бақылау (75%) және 9 іс-шарада сәйкестілікті және қаржылық есептілікті (25%) бақылау жүргізілді. Бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 242 190,6 млн.теңге сомасын құрады, бұл Астана қаласының 2012 жылға түзетілген бюджетінің 72,4% құрайды (334 597,5 млн.теңге).
Жалпы бақылаумен қамтылған қаражаттың ішінде 144 712,5 млн.теңге сомасындағы ақшалай қаражаты елорданы дамыту бюджетіне (59,8%), 97 478,1 млн. теңге (40,2%) ағымдағы бюджет қаражаты.
Бақылау іс-шараларының шегінде бақылаумен барлығы 138 бақылау нысандары қамтылды, оның ішінде 21 бақылау нысаны - кешенді бақылаумен, 28 нысан - тақырыптық бақылаумен, 80 нысан үстеме және 9 нысан бірлескен бақылаумен қамтылды.
2012 жылы Тексеру комиссиясымен қаржылық бақылау органдарының бірлесіп әрекеттесуі шегінде алғашқы рет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен бірлесіп 2 бақылау нысандарында және Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясымен бірлесіп 5 бақылау іс-шаралары 7 - бақылау нысандарында жүргізілді.
2012 жылдың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 5 570,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде 2 811,8 млн.теңге немесе 62,8% сомасы орнына келтірілді немесе бюджетке қайтарылды. Сонымен, бұзушылықтардың көбісі бойынша бақылау нысандары тарапынан бұзушылықтарды жою бойынша жылдам шаралар қолданылды.
Бұзушылықтарды талдау кезінде негізгі бөлігі сәулет және қала құрылысы саласында заңнама рәсімдерін сақтамағандықтан 53,7%, бюджет заңнамасының рәсімдерін сақтамағандықтан 24,6%, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар жалпы бұзушылықтар көлемінің 12,9% құрайтындығын көрсетті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қолданылып жатқан шараларға қарамастан әлі де бюджет қаражатын жоспарлаудан бастап, кейіннен оның уақтылы пайдалануы мен шығындарды тиімді жұмсау барысында бюджет заңнамасының бұзушылықтары жіберіледі.
Іс жүзінде барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын жасау барысында басқа бағдарламалық құжаттарға, оның ішінде 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласының даму Бағдарламасымен байланысы жоқ түрлі көрсеткіштер жоспарланатынын атап өту қажет.
Көбінесе, қойылған міндеттерді өз уақытында орындау мақсатында және бөлінген қаражатты мемлекеттік органдармен игерілуде заңнамамен көрсетілген түрлі келісімдер және құжаттардың бекітілу рәсімдері сақталмайды. Одан басқа, мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алуларды бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларсыз жүзеге асырады. Жекелеген инвестициялық жобалардың жобалау-сметалық құжаттама жасалу сапасы да жақсы болуды қалдырады, өйткені, ол кейін нысандардың аяқталу мерзімімен олардың соңғы құнына әсер етеді.
Мемлекеттік органдардың жағынан мердігерлік мекемелермен тауар және қызмет көрсетушілерге қатысты «жұмсақтық» байқалады. Сонымен, жасалған келісім шартта көрсетілген мерзімде тауар жеткізілмеген және жұмыс орындалуы уақытында жасалмағаны үшін айыппұл санкцияларын есептеудің орнына белгіленген соңғы мерзімдер кейінге ауыстырылып отырады. Өз кезегінде, міндеттерді атқару мерзімін ұзарту келісім шарттың соңғы бағасына да дебиторлық қарыздың туындауына да әсер етеді. Кейіннен нысандарды аяқталу мерзімін бұзу жалпы бюджеттің орындалуына әсер етеді, себебі қала бюджетінде салынған нысандарды кейін де қамтамасыз етуге де қаражат көзделген.
Бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерімен орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес келмейтін, дебиторлық қарыздың туындауына алып келетін, тауарларды, жұмыс және қызметтерді алдын ала төлеу жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың әрекеттерінде өзара келісушілік болмау себебінен іс-шаралардың қайталану фактілері орын алады бұл бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың төмен тиімділігіне әкеледі.
Осыған байланысты, 2012 жылдың ағымында жіберілген бұзушылықтары үшін әр түрлі жауапкершіліктер түріне 96 лауазымды тұлға тартылған, оның ішінде:
- Тәртіптік жауапкершілікке - 88 адам (қатаң сөгіс-6, сөгіс-38, ескерту 44);
- Әкімшілік жауапкершілікке (айыппұлға) – 6 лауазымды және 2 заңды тұлға.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан 2050 Стратегиясы» Жолдауында көрсетілген жаңа стратегиялық мақсаттардың жүзеге асырылуы, әсіресе қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік ресурстарды тиімді бөлу мәселесін алдыңғы қатарға шығарады.
Осыған орай, үнемі бақылау жүргізуге және ресурстардың пайдалану тиімділігіне талдау жүргізуге тиісті мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңызы арта түседі.
Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш