Астана қаласының 2012 жылғы бюджетінің орындалуы бойынша, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаштың Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 30 мамырдағы сессиясындағы Баяндамасы
Құрметті депутаттар!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын Есебін ұсынды.
Жалпылай алғанда, Астана қаласының әкімдігі 2012 жылғы жергілікті бюджеттің өзекті параметрлерін орындады.
Қаланың макроэкономикалық көрсеткіштері өзінің оң тенденциясын жалғастырды.
Аталғанда, елордада жалпы өңірлік өнімнің деңгейі 2,7 трлн.теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылғы деңгейден 12,8% жоғары болып, Атырау облысы мен Алматы қаласынан кейінгі 3 орынды иеленді.
Елорда тұрғындарының ақшалай кірісінің өсімі 8% құрады, инфляция деңгейі жоспарланған дәліз шегінде қалып 6,2% құрады.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы талдамалық және бақылау іс-шаралары қорытындылары бойынша елорданың атқарушы органдарының жұмыстарында жекелеген кемшіліктерін көрсетті.
Біріншіден, елорданың жалпы өңірлік өнімнің айтарлықтай өсімі өндірістік емес сектордың артуы есебінен болды, яғни 86% құраған қызмет көрсету саласының өсімі байқалады.
Екіншіден, 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жалпы өңірлік өнімнің жалпы үлесінде құрылыс саласы көрсеткіштері 1,9%-ға және өндіріс 0,4%-ға төмендеуі байқалады.
Үшіншіден, 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қомақты қаражат экономиканың диверсификациялауына тиісті әсерін тигізбеді.
Қаланың жалпы өңірлік өнімнің жүйесінде өндіріліп жатқан өндірістің бөлігі айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады, ал 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3,3% пайыздан 2,9%-ға дейін төмендеді.
Төртіншіден, Астана қаласының 2011-2015 жылдары даму бағдарламасын 2011-2012 жылдары жүзеге асыру барысында жекелеген мақсаттар мен мүдделерге қол жетілмеді.
Одан басқа, Даму бағдарламасы параметрлеріне уақытылы өзгерістер енгізбеу салдарынан, Бағдарламада жоспарланған кейбір іс-шаралардың көрсеткіштері нақты көрсеткіштермен, олардың қаржыландыру көлемімен сәйкес келмейді.
Қала бюджетінің орындалу бөлігінде де оң тенденциялар байқалады.
Жергілікті бюджет кірісі алғашқы мақұлданған көлемінен 61,3 млрд. теңгеге немесе 24,1%-ға артығымен қалыптасты, ал шығындар 89,3 млрд. теңгеге немесе 41,3% өсті.
Жергілікті бюджеттің өз кірісінің көрсеткіштері соңғы үш жылда жыл сайын орта есеппен 16,0%-ға артуда екенін атау қажет.
Алайда, есептік жылда бюджеттің шығыс бөлігінде жекелеген шығындар негізсіз жоспарланып, жыл ішінде бюджетті нақтылау кезінде азайтылған, қайта бөлінген немесе мүлдем жойылған.
Одан басқа, есептілік кезеңде қала әкімдігі 2011 жылы даму бюджеті бойынша пайдалынылмаған және тиісті түрде 2012 жылы пайдалануға рұқсат етілген 3,1 млрд.теңге сомасының 1,5 млрд. теңгесін республикалық бюджетке қайтарған (48,3%).
Айта кетсек, соңғы үш жылдың ішінде игерілмеген қаражат көлемі 2010 жылдың қорытындысы бойынша 14 млрд.теңгеден 2012 жылы 3,9 млрд.теңгеге дейін төмендеді.
Сонымен қатар, 2012 жылы дебиторлық қарыздың көлемі 75,3 млрд.теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 11,4 млрд.теңгеге немесе 17,8% өсті.
Жалпы бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің ағымдағы қарызы 34,8 млрд. теңгеге өскен.
Өткен жылдардағы дебиторлық қарызды азайту іс-шаралары жеткілікті деңгейде өткізілмеуде.
Кредиторлық қарызды өтеу көрсеткіштері анағұрлым жақсарып, 2013 жылғы 1 қаңтарға 1,9 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2012 жылғы ағымдағы кредиторлық қарыз көрсеткіші 2011 жылғы ағымдағы кредиторлық қарыз көрсеткішінен 91,9 млн.теңгеге немесе в 1,3 есеге артық.
Аталғандардың салдарынан жекелеген әкімгерлер стратегиялық жоспарлардың мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізе алмады.
Жалпы 2012 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен 152 мақсатты индикаторлар қарастырылып, 120 мақсатты индикаторлар орындалды (78,9%), 16 мақсатты индикатор орындалған жоқ, қалған 16 индикатор бойынша статистикалық мәліметтер қалыптасуда немесе мүлдем жоқ.
Нәтижелердің 562 көрсеткішінен, 465 нәтиже көрсеткіші орындалған (82,7%), 75 нәтиже көрсеткіші орындалған жоқ, 22 нәтиже көрсеткіші бойынша статистикалық мәлімет қалыптасуда немесе мүлдем жоқ.
Құрметті депутаттар!
Сіздерге ұсынылған есепте негізгі бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру мәселелеріне - даму, үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту бағдарламаларына басты назар аударылған.
Барлық бағдарламалар жалпы алғанда алдарына қойылған мақсаттарына жетті немесе жету барысында, оның дәлелі елорданың макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы болып табылады.
Сонымен қатар, көлемді жобалардың жүзеге асырылуы, қойылған мақсаттардан кейбір ауытқулармен, бюджеттік және басқа да заңнамалар бұзушылықтарымен қоса жүруде.
Атағанда, Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша 2010-2012 жылдар кезеңінде жалпы құны 33,7 млрд. теңге тұратын 166 жоба мақұлданып, мемлекеттің қолдауын 136 жеке кәсіпкерлік субъектілер алған.
Салалар бөлігінде жобалардың 35% өнеркәсіптік жобалар құраса, ал 65% - қызмет көрсету саласында жүзеге асырылуда. Алайда, бұл көрсеткіштер Бизнес жол картасының негізгі мақсатты индикаторларына сәйкес келмейді.
Бизнес жол картасы бағдарламасының жүзеге асырылуы кәсіпкерлерді субсидиялаумен қамту және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жағынан, шағын және орта жеке кәсіпкерлер субъектілерімен жаңа кәсіпорындарды құру және жаңа жұмыс орындарын ұлғайту бөлігінде субсидиялау көрсеткіштері өте төмендігімен сипатталады.
Мысалға, 2012 жылы 4 жобаны қолдау көлемі жыл бойында мақұлданған субсидиялау сомасының 39,5% құрады. Бұл ретте, жекелеген мемлекет қолдауын алушылар нақтыланбаған кең көлемді көтерме сауда түрімен айналысушылар болып табылады.
Көліктік қызметтер саласы бойынша 36 жоба мақұлданып, жобалардың жалпы санының 21,6%-ын құрайды, ал қызмет көрсету саласында үлес салмағы 39% құрады. Алайда, бұл салада қысқа мерзім ішінде жоғары амортизациялық тозу себептері Бизнестің жол картасының мақсатты көрсеткіштеріне қол жетілмеуіне соғу мүмкіндігін атаймыз.
Оған қоса, Бизнес жол картасы 2020 шеңберінде азаматтарды жұмыспен қамту бөлігінде мемлекеттік органдардың көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келмейтіні анықталды.
Мысалға, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша Бизнестің жол картасы бағдарламасы шегінде 3 316 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 260 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылған.
Алайда, Тексеру комиссиясының мәліметі бойынша Жол картасы шеңберінде қолдау алған 4 кәсіпорында бар болғаны 11-ақ адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылған.
Жеке кәсіпкерлік субъектілер саны, жүзеге асырылып жатқан жобалар санының және де қаржыландыру көлемінің өсуіне қарамастан жоспарланудағы жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіштері өспеуде.
Бизнес жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруда үйлестіру органдары жағынан әлі де тиісті деңгейдегі бақылаудың жоқтығы байқалады.
Астана қаласында «100 мектеп 100 аурухана құрылысы» салалық бағдарламасының жүзеге асырылуы бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтарымен жүргізілуде.
Жалпы, Бағдарламаны жүзеге асыруға 2007-2012 жылдары 15 нысан құрылысына 61,1 млрд.теңге қаражат бөлінген.
Бүгінгі күні 7 білім беру және 3 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, денсаулық сақтау саласының сомалық құны 35,8 млрд.теңге тұратын 5 жоба жүзеге асырылуда.
Анықталған бұзушылықтар негізінен сапасыз жобалау-сметалық құжаттама дайындалуына, жобалардың көптеген түзетулеріне байланысты, көбінесе мемлекеттік сараптамадан өтпеген жекелеген жобалар қымбаттаумен жүзеге асырылған, 60,0 млн. теңгеден астам негізсіз төлемдер бюджетке қайтарылуға тиіс.
Өздеріңізге мәлім, бюджет шығындарының басымды бөлігі елорданың, оның инфрақұрылымының одан әрі дамуына жолданады.
Есептік жылы қала әкімдігімен 22 бюджеттік бағдарлама бойынша 184,5 млрд.теңге сомасына 349 бюджеттік инвестициялық жобалар жүзеге асқан. Игеру сомасы 180,9 млрд.теңгені немесе 98,1% құрады.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы 89 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оның 45 нысаны немесе 50,5% коммуналдық меншікке тапсырылды.
Тексеру комиссиясы инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау барысында құрылыс құны өсуіне соғатын көптеген келісім шарттардың жұмыс атқару мерзімдері жобалау-сметалық құжаттамалармен көзделген нормативтік мерзімдермен сәйкессіздігі, түзетулер, жасалған келісім шарттарын өзгерту фактілері анықталды.
Соның нәтижесінде, 2012 жылы 7 жобаның құны 10,0 млрд.теңге сомасына қымбаттады.
Өз баяндамамды аяқтай келе, Сіздерге, құрметті депутаттар, Тексеру комиссиясының есебін сындарлы талқылағандарыңыз үшін және жергілікті бюджеттің атқарылу сапасын жақсарту, қаржылық тәртіпті күшейту және нығайту жөніндегі ескертулеріңіз, ұсынымдар мен ұсыныстарыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді!
Назарларыңызға рахмет!