«Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №86 (2996) санында жарияланды
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2013 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындысы шығарылды
2013 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген жоспарға сәйкес, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 15 бақылау іс-шаралары өткізілді, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артты.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бақылау шарасымен 68 705,8 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын қамтитын 73 бақылау объектісінде бақылау іс-шаралары өткізілді. Бұл ретте, бақылаумен қамтылған қаражаттың қомақты бөлігі Астана қаласын дамыту мақсатына арналған, нақты 22 853,7 млн. теңге сомасында.
Нәтижесінде, анықталған бұзушылықтар сомасының жалпы көлемі 12 509,7 млн. теңгені құрады, ол бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінің 18,2% құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анықталған бұзушылықтар көлемі 51% өскенін атап өту керек.
Қорытындыларда көрсетілгендей бұзушылықтардың негізгі бөлігін 74,9% көлемінде бюджет қаражатының шығыстары алып отыр. Аталған бұзушылықтар бюджет қаражатын алушы болып табылатын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ барлық бақылау нысандарына да тән.
Бұл ретте, бюджетке өтелуге тиісті соманың көлемі 281,6 млн.теңге, ал 1 905,0 млн.теңге сомасындағы қаражаттар қалпына келтірілуге тиісті.
Одан басқа, бұрыңғы мерзімдегідей Тексеру комиссиясының бақылауы барысында жарғылық капиталы Астана қаласының әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, яғни түрлі меншік формаларының заңды тұлғаларымен, мемлекет активтерін пайдалануда көптеген бұзушылықтар анықталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу және орындау сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Кейбір іс-шараларға, олардың жүзеге асырылуына жергілікті бюджет есебінен қомақты қаражат бөлінген.
Мысалы, Денсаулық сақтау басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында Балалар үйі қызметінің дамуы, бағыты, мақсаты мен міндеттері көрсетілмеген.
Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің 2011-2015 жылғы Стратегиялық жоспарында жол-көлік оқиғаларында қайтыс болғандар деңгейі көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштер 13,3% дан 13,1% аралығында болғанына қарамастан, 2012 жылға 16% мөлшермен жоспарланған.
Одан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өткен жылдардың қорытындысы бойынша стратегиялық жоспарлардың көрсеткіштері мен мақсатты индикаторларын нақты қалыптасқан көрсеткіштермен сәйкес келтіріліп қоюда. Нәтижесінде, стратегиялық жоспар көрсеткіштерінің жетістіктерін объективті бағалау мүмкіндігі болмай отыр.
Кейбір мемлекеттік органдар мен олардың ведомствоға бағынысты мекемелерінің қаржылық тәртібінің төмендігі байқалуда.
Мысалға, Тексеру комиссиясымен өткен бақылаудың қорытындысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасына ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық жағдайының қиындығын ескере отырып, мемлекет активтерін тиімді пайдалану және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық көрсеткіштері төмендеуін болдырмау мақсатында, «Руханият орталығы» ЖШС мен «Тілдерді дамыту бойынша «Зерде» инновациялық орталығы» ЖШС біріктіру жолымен қайта құру ұсынылған.
Алайда, аталған ұсыныстар ескерілмеді, соның салдарынан «Тілдерді дамыту бойынша «Зерде» инновациялық орталығы» ЖШС-нің қаржылық жағдайы қиындап, еңбек ақысын төлеу бойынша қарыздар туындауына алып келді.
Аудан әкімдері аппараттарымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде және мектепке дейінгі ұйымдардың аумақтарын абаттандырып, кіші сәулеттік формаларды орнату жұмыстарын жүзеге асырған, алайда ол активтер мекемелер баланстарына берілмеген және ескерілмеген.
Тауар, жұмыс және қызмет жабдықтаушылары жағынан қабылданған келісім-шарт міндеттемелері бұзушылықтары орын алған, алайда, тапсырыс берушілер салғырт жабдықтаушыларға айыппұл санкцияларын (тұрақсыздық айыппұлы) әрдайым қолданбайды.
Сондай-ақ, кейбір тапсырыс берушілер атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін қабылдауда, жабдықтаушыларға қатысты көп жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен аталған бұзушылықтар анықталғаннан кейін соттың қарауына әкелетін епсіздік, ұқыпсыздық және «жұмсақтық» танытады.
Бүгінгі күнде бақылау нысандарымен Тексеру комиссиясының бақылау қорытындылары бойынша 4 591,8 млн.теңге сомасында қаражат орнына келтірілді және 272,1 млн.теңге сомасы бюджетке қайтарылды.
Одан басқа, бақылау нысандарымен осы немесе басқа да бұзушылықтарды алдын ала болдырмау мақсатында, Тексеру комиссиясымен қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен спорт, білім беру және мәдениет саласындағы қолданыстағы жекелеген заңнама нормаларын түсіндіру үшін аталған саладағы мекемелердің қаржылық қызмет басшылары үшін 3 семинар-тренинг өткізілді.