«Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 2 қарашадағы № 124 (3034) санында жарияланды

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2013 жылғы 9 айдың қорытындысы шығарылды

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 18 бақылау іс-шарасы өткізілді (тиімділікті бақылау бойынша - 14 іс-шара, сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау бойынша 4 іс-шара), есептілік кезеңдегі 3 бақылау іс-шарасы ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталады.

Барлығы бақылау іс-шараларымен бюджет қаражатының 85 485,9 млн. теңге көлемдегі сомасымен 75 бақылау объектісі қамтылды.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 14 249,9 млн. теңгені немесе бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен 16,7%-ды құрады, оның ішінде 3 324,6 млн.теңге бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жатады.

Алдыңғы кезеңдердегідей, негізгі үлесті (89,2%) мемлекеттік органдарға, сонымен бірге бюджет қаражаттарын алушылар болып табылатын бақылау объектілеріне де тән болатын бюджет қаражаттарын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар орын алып отыр.

Мысалы, Энергетика басқармасына елорданың отын-энергетикалық кешенін дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бақылау бірқатар жүйелі проблемалардың бар екендігін анықтады.

Энергетика басқармасымен жоспарда көзделген он бес тікелей нәтиже көрсеткішінен тек бес көрсеткішіне қол жеткізілген.

Орындалмаған жұмыс көлеміне төлеу, сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілмеген жұмыстарға төлеу фактілері орын алған.

Көп жағдайда, көптеген нысандардың құрылысы аяқтау мерзімін бұзумен жүргізіледі және жұмыс өндірісінің кестесін бұзғаны үшін айыппұл санкциясын қолданудың орнына тапсырыс берушілермен нысандарды тапсыру мерзімін қайта қарастырумен қосымша келісімдер жасалуда. Өз кезегінде, бұл фактор жобалар құнының қымбаттауына әкеліп соқтырады.

Кейбір жобалар бойынша келісімшарттар жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетумен жасалады, бұл құрылыстың нормативтік мерзімін анағұрлым жоғарлатады. Сонымен, келісімшарттарға қол қою кезеңінде бұл жобалар барлық туындайтын жағдайлармен ұзақ салынушы болуға мүмкіндігі бар.

Астана қаласының Мәдениет басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылау жеке ғимараттарының болмауынан бірқатар мәдениет ұйымдарының толыққанды шығармашылық қызметті жүргізуге мүмкіндіктерінің болмай отырғандығы және мәдениет ұйымдарының қажетті талаптарына көбінесе сәйкес келмейтін ғимараттар мен орын-жайларды жалға алуға мәжбүр екендері анықталды.

Атап айтсақ, тек 2012 жылы мәдениет ұйымдарымен ғимараттар мен алаңдарды жалға алуға 25,0 млн. теңге жұмсалған.

Елорда әкімдігінің ведомстволық бағынысты 19 мәдениет ұйымдарының тек 4 ұйымының өз ғимараттары бар. Алайда, жекеменшікте ғимараттары бар болғанымен, әрқашан қажетті талаптарға сәйкес келе бермейді.

Мысалы, Қуанышбаев атындағы қазак академиялық музыкалық-драма театры оркестр шұңқыры жоқ ғимаратта орналасқан және спектакльдер кезінде оркестр залдың балконында орналасады.

Жеке жайлармен қамтамасыз ету мәселесі қаланың Орталықтандырылған кітапханалық жүйенің кітапханалары үшін де өзекті болып отыр, өз кезегінде олар да белгілі-бір қиыншылықтарды өткеріп, жалға алынған орын-жайларда орналасуға мәжбүр.

Бұл ретте, кітапханалардың көпшілігі орын-жайлардың күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан.

Тиісті мониторингтің жоқтығынан, Мәдениет басқармасымен 2012 жылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмсалмаған шығыстары бойынша артық субсидияны бөлуге жол жіберілген, соның нәтижесінде 2012 жылдың соңында 11,9 млн. теңге сомада ақша қаражаттарының қомақты қалдығы пайда болды, бұл 2013 жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде есепке алынбаған.

Басқармамен бұған дейін де осыған ұқсас бұзушылықтардың жіберілгенін және алдағы уақытта қайта жібермеу бойынша шаралар қолданылғанын атап өту қажет. Алайда, талдау қолданылған шаралардың жеткіліксіздігін және қысқа мерзімді екендігін көрсетті.

Соңғы 2 жыл ішінде қала әкімдігімен елорданың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді шаралар қолданылуда, сол мақсатта тиісті Концепция бекітілді.

Сонымен, бүгінгі таңда жалпы сомасы 2,4 млрд.теңге құрайтын 8 жобаны жүзеге асыру аяқталды, оның ішінде 4 жоба мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды.

Жүргізілген жұмыстар өзіне көшелерді жарықтандыру, жол полотносын және аяқжол құру, сумен жабдықтау және кәріз желілерін жүргізу немесе ауыстыру, аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көшелер мен саябақтарды көгалдандыруды қосады.

Сонымен бірге, талдау Концепцияны жүзеге асыруда бірқатар проблемалардың барын көрсетті.

Астана қаласының шеткері аймақтарын дамытудың бағытын, басымдылығын және механизмін анықтайтын нормативтік құқықтық база жоқ.

Жекелеген жағдайларда, жобалардың аяқталғанына қарамастан, салынып біткен жүйелер орталық қолданыстағы желілерге қосылмаған және жұмыс істемейді.

Сондай-ақ, Концепцияны әзірлеу кезінде тиісті инфрақұрылымда тұрғын үй массивтерінің нақты қажеттіліктері ескерілмеген, бұл қаланың шеткері аймақтарын дамыту бойынша іс-шараларды сапасыз жоспарлаудың бірде бір себебі болып табылады.

Нәтижесінде, жобалардың нақты жүзеге асырылуы Концепциямен қарастырылған іс-шараларға сәйкес келмейді. Жобалық-сметалық құжаттаманы сапасыз әзірлеу себебінен жобада қарастырылған кейбір жұмыстар жүзеге асыруға жарамайды.

Бұдан басқа, 3-тоқсан ішінде Тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларымен бірге квазимемлекеттік сектор субъектілері де, яғни мемлекет активтерін пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған, Астана қаласы әкімдігінің жарғылық капиталында қатысу үлесі бар әртүрлі жекеменшік формасындағы заңды тұлғалар қамтылған болатын.

Тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға орындау үшін тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Астана қаласы бойынша 
Тексеру комиссиясының 
төрағасы 
Ғ.Ө. Молдаш