«Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 15 (3073) санында жарияланды
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2013 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 2013 жылға бекітілген жылдық жоспары шегінде қаланы күтіп ұстауға және дамытуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалауға және бақылауға байланысты маңызды және ауқымды жұмыстар атқарылды.
2013 жылдың ағымында 29 бақылау іс-шарасы өткізіліп, оның ішінде 22 іс-шарада тиімділікті бақылау (75,9%) және 7 іс-шарада сәйкестілікті және қаржылық есептілікті (31,8%) бақылау жүргізілді.
Барлығы есептілік жылы бақылаумен 44 мемлекеттік мекеме және 70 ұйымдар мен түрлі меншік түріндегі кәсіпорындар қамтылды. Бюджет қаражатының жалпы көлемі 152,6 млрд.теңге құрады.
Бақылаумен қамтылған жалпы қаражат көлемінен 54,7млрд. теңге сомасында қаражат республикалық бюджетке жатады ( 35,9%), 97,9 млрд. теңге сомасында –жергілікті бюджет қаражаты ( 64,1%.)
Есептілік жылдың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 15,7 млрд. теңге сомасын құрады, бұл бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінің 10,3 % құрады, оның ішінде 93,6% бұзушылық бюджет қаражатын жұмсағанда бюджеттік немесе басқа да заңнама рәсімдерін сақтамағандықтан жіберілген, мемлекет активтерін пайдаланғанда және мемлекеттік сатып алулар өткізгенде жіберілген бұзушылықтар 6,4% құрады. Аталған бұзушылықтар мемлекеттік органдарға да, сондай ақ бюджет қаражатын алушы болып табылатын бақылау нысандарына да тән.
Орнына келтіруге немесе бюджетке қайтаруға жататын қаржылық бұзушылықтардың көлемі 3,8 млрд.теңгені немесе 24,0% құрады, оның ішінде 1,0 млрд.теңге немесе 24,8 % сомасы орнына келтірілді немесе бюджетке қайтарылды.
Бақылау іс-шараларын талдауы, ұйымдастыру жұмыстарының жеткіліксіздігінен, сондай ақ, бюджет бағдарламалары әкімшілері және ведомствоға бағынысты мекемелердің бірінші басшылары жағынан тиісті бақылаудың жоқтығынан бюджет қаражатын жоспарлаудан басталатын бюджет заңнамасының бұзушылықтары жіберіледі, ол кейінгіде шығыстар тиімділігінен көрініс табады.
Тексеру комиссиясы өз бақылау шараларын өткізгенде негізгі екпін алдына қойылған мақсаттардың атқарылуына қатысты өзекті мәселелерді анықтауға бағытталғанын атап өту керек.
Солай, елордадағы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мәселесін қарастыруда және де мектеп жасындағы балаларға қосымша білім беру деңгейін (жалпы білім беру бағдарламаларын қоспағанда) қосымша білім беру мекемелерін жеткіліксіз қаржыландыру себебінен, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарында қарастырылған іс-шаралар жүзеге асырылмайды. Кейінгі 5 жылда қаладағы халық санының өсуіне қарамастан, қосымша білім беру мекемелерінің саны, жаңа Жастар Сарайын қоспағанда (музыкалық мектептер, шығармашылықты дамыту орталықтары, мүдделер бойынша орталықтар,т.б.) көбейген жоқ, және қосымша білім берумен мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдердің 22,7% ғана қамтылған.
Сонымен қатар қолданыстағы білім беру мекемелердің барлығы «ескі» қаланың орталығында орналасқан. Алайда, тәулік бойы қызмет атқаратын, негізгі қатысушылары балалар мен жасөспірімдер болып табылатын компьютер клубтарының саны өсуде. Сондай ақ, кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыскерлік және нарколог – дәрігердің бақылауындағы балалар мен жасөспірімдердің саны өсуде.
Денсаулық сақтау саласында, өзекті мәселелердің бірі болып (емханадағы) алғашқы жәрдем беруді ұйымдастыру жұмыстары аса жүктелген (кезекте тұру) және білікті медицина кадрларының тапшылығы болып табылады.
Одан басқа, жан басына шаққандағы кешенді норматив бойынша шұғыл шешімін табуға қажетті амбулаторлы-поликлиникалық төлемдерін қаржыландырудың кейбір шешілмеген мәселері бар.
Денсаулық сақтаудың Біріңғай ақпараттық жүйесінің жаппай енгізілуіне қарамастан, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым жеткіліксіз деңгейіyде сақталуда.
Солай, қаланың барлық емханалары емделушілердің түрлі медициналық карталарын, статистикалық карта, дәрігерге алдын ала жазылу туралы, т.б. ақпараттарды электронды және қағаз тасымалдағыш түрінде жүргізеді, ол дәрігерлердің көп уақытын алады.
Сондай ақ, халықтың жалпы өлім-жітім санының өсуі байқалуда.
Қала тұрғындарының әлеуметтік маңызды ауру-сырқаулығы орташа республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда әлі де жоғары деңгейде қалуда.
Солай, 2012 жылы туберкулез ауруы республика бойынша 100 мың адам басына орта есеппен 81,7 болса, елордада аталған көрсеткіш -111,7 болып отыр, немесе орташа республикалық көрсеткіштен 30 артық. Ұқсас жағдай 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында да қалыптасқан, онда қала бойынша туберкулезбен ауыратындар саны 49,3 құрады, орташа республикалыққа қарсы 39,0.
Қаланың көпсалалы стационарларында жүргізілген талдау, емделушілердің қайталанып түсуі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 65% өскенін көрсетіп отыр.
Ересектер және балалар арасында психиконеврологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл сайын өсіп жатқанын ескеру керек. Сәйкесінше, бұл көрсеткіш мамандандырылған медико-әлеуметтік мекемелерге орналастыруды, мемлекеттік қамқорды талап ететін мүгедектер санының өсуіне әсерін тигізеді.
Сонымен, 18 жастан жоғарғы жас мөлшерінднгі психоневрологиялық ақаулары бар мүгедектер үшін Ақмола облысы Ақкөл ауданында орналасқан елордадағы медико-әлеуметтік мекемеге орналастыру үшін кезектілігі қолданыстағы жобалық күші 210 төсек-орны болғанда 90 адамнан артықшылықты құрап отыр.
Ұқсас мәселемен елордадағы балаларға арналған психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекеме де түйісіп отыр.
Қаланың әлеуметтік саласы үшін мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі көкейтесті, ол еңбек табысының деңгейінің төмендігімен негізделетін кадрлардың тұрақтамаушылығына қатысты өзекті мәселе болып отыр. Бұл әлеуметтік саладағы барлық салаларға сипатты өзекті мәселе.
Елорданың қарқынды дамуына байланысты бюджеттен қомақты қаражаттың бөлінуін қажет ететіні мәлім.
Солай, елорда бюджетінің дамуы 2013 жылы орта есеппен 146,1 млрд. теңгені немесе қала бюджетінің жалпы көлемінің 43,9% құрады.
Қаланың кейінгі дамуына бөлінген қаражатты үнемдеудің оң тенденциясы байқалатынын ескеру қажет.
Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда бюджет бағдарламаларының әкімшілерімен жобалық-сметалық құжаттамаларды даярлауда заңнама нормаларының бұзушылықтары жіберілуде, жабдықтармен материалдардың бағасын қате есептеулері жіберіледі, алайда, оған қарамастан бұл жобалар бойынша өкілетті органның оң қорытындылары шығарылуда.
Бұл ретте, уәкілетті органдармен бірен саран жағдайда ғана, жобалық мекемелерге атқарған жұмыстарының сапасы үшін наразылықтар тағылады.
Өз кезегінде, сапасыз атқарылған жұмыстар жұмыстардың қосымша түрлерімен көлемін қосатын өзгертулерге әкеледі, әрине ол, жобалар бағасының өсуіне әкеліп соғады.
Кейбір жағдайда, жобалық-сметалық құжаттаманың шығынын анықтауда сметалық бағасының ұлғаюын болдырмау үшін, мемлекеттік сараптаманың өткізілуісіз жобалық-сметалық құжаттамалардың өзгертілуі жүзеге асырылады. Бұл ретте, атқарылған жұмыстардың көлемі және олардың бағасы бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді.
Одан басқа, жобалардың жүзеге асырылуының авторлық және техникалық бақылауы жеткіліксіз деңгейде жүргізіледі, кейбір жағдайда олар мүлдем жоқ, бұл атқарылған жұмыстардың сапасына әсер етеді. Солай, тек 2013 жылы Тексеру комиссиясымен 109 млн. теңге сомасына осындай бұзушылықтар анықталды.
Уәкілетті органдар жағынан да, Астана қаласында Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыруда қолданыстағы заңнаманың кейбір бұзушылықтары анықталды.
Уәкілетті органдармен, жайлар мен пәтерлердің иелерінің басым бөлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыруға қатысулары үшін қала халқының арсында ақпараттық- түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Өз кезегінде, аталған бағыттағы жұмыстың әлсіздігі Бағдарлама шеңберінде модернизацияға жататын тұрғын үй иелерімен жасалатын келісім-шарт санынан көрініс табады.
Бақылау барысында, 2013 жылы Тексеру комиссиясымен Астана қаласы әкімдігінің жарғылық капиталында қатысу үлесімен, қолданыстағы заңнаманың 3,7 млрд. теңге бұзушылықтары анықталған кейбір квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметі талданып бақыланды.
Мемлекет активтерін анағұрлым тиімді пайдаланған жағдайда аталған рынок субъектілеріне өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің көрсеткіштерін недәуір жақсартуға болатынын атап өтеміз.
Барлығы, өткен жылы өткізілген бақылау шараларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке –1 заңды және 7 лауазымды тұлға, тәртіптік жауапкершілікке – 60 лауазымды тұлға, 2- лауазымды тұлға жұмыстан босатылды. Бюджет кірісіне төленген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,3 млн. теңгені құрады.
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 6 бақылау материалдары жолданды.
Өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мүдделі жақтардың қатысуымен Тексеру комиссиясымен 29 отырыс өткізілді, ол жерде анықталған бұзушылықтар талқыланып, кейінгіде бұзушылықтарға жол бермеу үшін орындауға тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Одан басқа, Тексеру комиссиясымен заңнама бұзушылықтарына жол бермеудің алдын алу мақсатында бақылау нысандарының (иелік формасына қатыссыз) қаржылық бөлімшелерінің жұмысшыларымен семинар-отырыстар жүргізілді.
Бақылау нысандарымен анықталған бұзушылықтарға келешекте жол бермеу үшін шаралар қолданылып жатқанын, ол кейінгі бақылау шараларымен расталатынын атап өту керек.
Осыларды ескере отырып, Тексеру комиссиясы бұдан кейін де Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау үшін алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы