«Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 51 (3108) санында жарияланған.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2014 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қысқаша қорытындысы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2014 жылдың 1 тоқсанында жалпы 35,4 млрд. теңге сомада бақылаумен қамтылған қаражат көлемімен барлығы 4 бақылау іс-шарасын жүргізді.
Жүргізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне бағытталған.
Атап өтсек, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінген бюджет қаражатының және «Астанагорархитектура» ЖШС мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бақылаумен, Елорданы дамытудың Бас жоспарының 25 техникалық-экономикалық көрсеткіштерден тұратын, 7 негізгі бағытқа бөлінген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштердің орындалуына талдау жүргізілді, олар: аймақ, халық, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік-шаруашылық мақсаттағы кәсіпорындар, көлік және жолдар, инженерлік жабдық, қоршаған орта.
2011 (есептік) жылға қарастырылған жоспарлық маңыздағы кейбір көрсеткіштерге қол жеткізілмегендігі атап өтіледі.
Мысалы, Бас жоспарға сәйкес 2011 жылға қарай елорда тұрғын үй қорының 15 302,8 мың шаршы метріне қол жеткізу жоспарланған болатын, алайда 2012 жылы елорда тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15 052,4 мың шаршы метр құрады.
Аталған міндетті жүзеге асыру үшін 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасымен «тұрғын үй құрылысын дамыту» көрсеткіші қарастырылған, ол бойынша алғашқыда 2011 жылға - 1 209,5 мың шаршы метр, 2012 жылға - 1 180,5 мың шаршы метр және 2013 жылға -1 162,7 мың шаршы метр жоспарланған болатын, кейіннен олар екі рет қайта түзетуге ұшыраған, нақтырақ айтсақ сәйкесінше 1 403,6 мың шаршы метр, 1 200,0 мың шаршы метр және 1 100 мың шаршы метр болып түзетілді.
Аталған цифралардан көріп тұрғанымыздай қала халқының саны үнемі өсіп отырғанына қарамастан, енгізілетін тұрғын үйлердің жоспарланған көлемі жыл сайын төмендеуде, бұл Елорданы дамытудың Бас жоспарының тиісті көрсеткіштерінің қол жеткізілмеуіне алып келеді.
Осы уақытқа дейін Астана қаласының қала маңы аймағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы қабылданбай, ағымдағы жылдың сәуірінде ғана бекітілді.
Барлық ірі қалалардағыдай, елордада автокөліктер санының ұлғаюына, азаматтық мақсаттағы нысандарының жаппай құрылысына байланысты Астанада жылдан жылға автокөліктер тұрақтары мәселесі қиындап барады.
Алайда, талдау барлық салынып жатқан тұрғын үй кешендері автокөліктер үшін паркингтермен қамтамасыз етілмейтінін көрсетті. 2011-2013 жылдарға пайдалануға берілген пәтерлер мен елорда паркингтерінің ара қатынасы 1000 пәтерге 199 машина-орын немесе 5 пәтерге 1 машина-орынды құрайды.
Тиісті рұқсатсыз орналастырылған заңсыз сыртқы (көзбе-көз) жарнамамен мәселе күрделі болып тұр, бұл көп жағдайда жайғастыру үшін салықтардың түспеуіне байланысты жергілікті бюджеттің айтарлықтай шығындарына әкеліп соғады.
Тексеру комиссиясымен сондай-ақ Астана қаласында инфокоммуникациялық технологияларды енгізу және пайдаланылу тиімділігіне талдау жүргізілді, оларды енгізу жалпы алғанда «е-әкімдіктің» жобалық құжаттары мен мақсаттарына сәйкес келеді.
«е-әкімдігін» жүзеге асыру нәтижесінде өз пайдаланушыларына сөзсіз жайлылық тудыратын жекелеген ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүзеге асырылған.
Атап айтсақ, мысалы Астана қаласы әкімдігінің электрондық қызмет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйелерінің «Жеке тұлғалар» МД, «Заңды тұлғалар» МД, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ және «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» АЖ-мен қарым қатынастары жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, талдау «Электрондық әкімдікті дамыту» бағдарламасының түпкілікті нәтижесінің кейбір көрсеткіштері сандық түрде өлшемсіз екенін көрсетті. Жекелеген мақсатты индикаторлар мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін көрсетпейді және әр түрлі мемлекеттік органдардың көрсеткіштерінің қосарланушылығы орын алып отыр.
Мысалға, «тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 50%-ға дейін арттыру» көрсеткіші Әкім аппаратында, сондай-ақ Астана қаласының Білім басқармасында да көзделген.
Сонымен бірге, есептік кезеңде Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуына бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалау, сондай-ақ Индустриалдық парктің даму деңгейін бағалау жүргізілді.
ҮИИДМБ жүзеге асырылған 3 жыл ішінде елордада 200-ден артық шағын және орта бизнес субъектілері қолдау алып, 4 мың жаңа жұмыс орындарының құрылуына себепші болғанын атап өту қажет.
Осы және басқа да пәрменді шаралар Бизнестің жол картасы қатысушыларының салықтық төлеулерін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, бұл тек 2013 жылы 1,7 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың көрсеткішінен 53,7%-ға артты.
Сонымен бірге, елорданың индустриалдық дамуының ЖАӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі, негізгі капиталға инвестициялар көлемі, өнеркәсіп өнімінің жеке көлемінің, өндеуші өнеркәсіптің және машина жасаудың индекстері, шикізаттық емес экспорт үлесінің ұлғаюы сияқты негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізудің әлсіз динамикасы байқалуда.
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде жобалардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында (67,5%) жүзеге асырылады, бұл ҮИИД бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес келмейді.
Жергілікті деңгейде ҮИИД, БЖК 2020 және ЖҚЖК 2020 бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдар арасында нақты қарым-қатынастар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы орган құрылымының арасында қарым-қатынастардың жоқтығы орын алып отыр.
Мамандарды даярлау және қайта даярлау елорданың еңбек нарығында олардың қажеттілігі есебінсіз жүзеге асырылады, бұл бөлінген бюджет қаражатының тиімділігін біршама төмендетеді. Нәтижесінде, білім алған мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылған азаматтар үлесі төмен болып тұр.
Аймақтық индустриалау картасының көптеген кәсіпорындары жобалық қуаттылыққа қол жеткізген жоқ.
Инвесторларды тарту мақсатында арнайы экономикалық аймақ аумағында потенциалды инвесторларға барлық инфрақұрылымымен жер телімдері беріледі. Алайда, жер телімдерін бөлу рәсімі ұзақ уақытты алады.
Солай, осы немесе басқа да себептермен, 2011 жылдан бері «BS Medikal surgery» ЖШС, «ASTANA BLOCAID» ЖШС, «ASTANA MEDIKAL EGUIPMENT» ЖШС және «Асқар Тау KZ» ЖШС-мен жер телімдерін рәсімдеу процедурасы аяқталған жоқ.
Сондай-ақ, АЭА кейбір қатысушыларымен құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру және объектілерді көрсетілген мерзімдерде пайдалануға беру бойынша қабылданған келісімшарттық міндеттемелер сақталмай отыр.
Тексеру комиссиясымен Астана қаласының Білім басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына жалпы білім беру мекемелерін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігінің мәселелері қарастырылды.
Елорданың жалпы білім берудің қолданыстағы жүйесінің көкейкесті мәселелерінің бірі бұл оқушылар орындарының тапшылығы, мектеп ғимараттарының шамамен 40%-ы пайдалану қызметінің рұқсат етілген мерзімінен асып кеткен, сондай-ақ мұғалімдердің тапшылығы да байқалады.
Мектептердегі компьютерлік және басқа да техника оқу жұмыстарының түрлері мен әдістерін жетілдіру үшін заманауи ақпараттық технологияларды толық мөлшерде пайдалануға, сондай-ақ білім жүйесінің басқару тиімділігін арттыру үшін мүмкіндік бермей отыр.
Нәтижесінде, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 275,1 млн. теңгені құрады, оның көпшілігі қалпына келтірілді немесе бюджетке өтелді.
Анықталған өзекті мәселелер және анықталған бұзушылықтар бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық мүдделі ведомстволар мен мекемелерге тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы