«Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 02 тамыздағы № 85 (3142) санында жарияланған.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қысқаша қорытындысы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта барлығы 14 бақылау іс-шарасын жүргізді, бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 61,4 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 38,4% қаражат Астана қаласын дамыту мақсатына бағытталған қаражаттарға (23,6 млрд. теңге) жатады.
Бұл ретте, анықталған қаржылық бұзушылықтардың және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың көлемі 2,8 млрд. теңгені құрады.
Өткізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бағытталған.
Бақылау-талдамалық іс-шаралардың қорытындылары бақылау объектілерінің қызметінде жекелеген жүйелі кемшіліктердің барын көрсетті.
Солайша, бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуіне жүргізілген талдау, кіріс бөлігінде жыл сайын орташа есеппен 21%-ға түсімнің артуын көрсетті, бұл елордадағы бизнес-климаттың жақсаруына қалай байланысты болса, сондай-ақ жалпы салықтық әкімшілендірудің жақсаруына да байланысты.
Өз кезегінде, түсімдердің артуы жоспарлы түрде алдыға қойылған, бірінші кезекте елорданың әлеуметтік саласындағы мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, салық органдары жағынан салық төлеушілерді тексеру тенденциясының азаюын атап өту керек, бұл түсімдердің барлық кодтары бойынша толық есептелген салық сомасының кемуіне алып келеді.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, салық органдарының салық салу объектілері және салық салумен байланысты оларды алу бөлігінде объектілер туралы ақпаратты меңгерген елорда әкімдігінің өкілетті органдарымен әлі күнге дейін тиісті өзара іс-қимыл болмай отыр.
Жергілікті бюджетке салықтық емес төлемдерді есептеудің дұрыстығы, өндіріп алудың толықтығы және аударудың уақтылылығын жүйелік мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тиісті түрде жүргізілмей отыр.
Сондай-ақ, Астана қаласының ішкі істер органдары бөлімшілерімен салынатын әр түрлі әкімшілік айыппұлдардың жергілікті бюджетке айтарлықтай түспейтіні атап өтіледі. Ішкі істер департаменті жағынан салынатын әкімшілік айыппұлдардың орындалуына жүйелі мониторингтің жоқтығы, әкімшілік айыппұл төлеушілерді арнайы бақылау-өлшеуіш техникалық құралдары және қондырғыларымен анықталып белгіленген салынған айыппұл сомалары туралы ақпараттандыру жүйесі реттелмеген, оның ішінде басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуды құрайтыны әкімшілік айыппұлдарды жергілікті бюджет кірісіне өндіріп алу бойынша тиісті шараларды уақытында қолданбауға алып келеді.
Ішкі істер органдарымен салынған әкімшілік айыппұлдар түсімдерінің басым бөлігі ішкі істер органдарының рейдтік және басқа да арнайы іс-шараларының нәтижесінде қамтамасыз етілетінін атап өту керек (құжаттарды тексеру, автокөлік сатып алу-сату бойынша келісімдерді рәсімдеу, техникалық бақылау жүргізу кезінде және т.б.).
Төлеушілерге әкімшілік айыппұлдарды төлету бойынша уақтылы шараларды қолданбау қолданыстағы заңнама нормаларының жекелеген жетіспеушіліктеріне де байланысты қиындап отыр.
Бюджеттің шығыс бөлігінде бөлінген қаражаттарды игерудің сапалық, сондай-ақ сандық көрсеткіштерінің анағұрлым жақсарғанына қарамастан, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен дебиторлық және кредиторлық берешектерді өтеудің, әсіресе өткен жылдардың берешектерін азайту бойынша жүйелі проблемалары қалып отыр.
Сонымен, жалпы дебиторлық берешек 21,8%-ға төмендегенде, 2013 жылы өткен кезеңдердегідей жалпы берешек сомасына өткен жылдардағы берешектің үлесі 65,7%-ға ұлғайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көпшілігі мерзімі өткен дебиторлық берешекті қолданыстағы заңнама шеңберінде өтеу бойынша белсенді шаралар қолданбайтынын атап өту қажет (оның ішінде сот және құқық қорғау органдары арқылы).
Бұдан басқа, өткен жылдардағы дебиторлық берешектің өсуіне ағымдағы берешектің өсу көрсеткіштері де әсерін тигізеді (яғни, ағымдағы немесе өткен қаржылық жылдағы).
Елорданың денсаулық сақтау объектілерінің қызметіне жүргізген талдау қаланың кейбір емханаларының қаржылық тәртібі Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жағынан олардың қызметіне бақылауды күшейтуді қажет ететінін көрсетті.
Сонымен, Тексеру комиссиясының қаржылық тәртіпті жоғарлату бойынша бұрын берілген ұсынымдарына қарамастан №№ 5,6,7 қалалық емханаларымен және «Демеу» отбасылық медицинаның оқыту-тәжірибелік орталығы» МКК-мен қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің бұрмалануына алып келген әр түрлі бұзушылықтар анықталды.
Бұдан басқа, кадрлардың жоғары тұрақтамаушылығына байланысты, жоғары психоэмоционалдық артылған міндеттерге қарамастан, жалақының төмендігіне байланысты білікті медициналық кадрлардың жетіспеушілігі сақталады.
Босандыру және патронаж саласында жекелеген медициналық қызметтерді ұсынудың төмен сапасына байланысты жүйелі мәселелер анықталды.
Білім беру саласында Астана қаласында техникалық және кәсіби білім жүйесін дамыту тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Өткен кезеңдердегідей, елорда колледждерінде Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаты және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесінің сақталмайтыны негізсіз шығындарға алып келетіні анықталды.
Кейбір жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатындағы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шығындар нормалары бұзылуда.
Колледждердің студенттері мен оқытушыларын ведомстволық бағынысты жатақханалардан орынмен қамтамасыз ету мәселелері де баса назар етуді талап етеді.
Сонымен бірге, Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасының Тұрғын-үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларының Астана қаласында жүзеге асырылу мәселелері де қарастырылды, бұл жерде көптеген проблемалардың ілесетіні бізге мәлім.
Бақылау қорытындысы Бағдарламаның қазіргі уақытта салынып жатқан немесе салынып біткен 30 тұрғын-үй кешендерінің 29 нысаны аяқталу мерзімінен кешіктірілгенін көрсетті. Бұдан басқа, белгіленген наразылықтар құрылыс жұмыстарының сапасын да тудырады, бұл оларды жою нәтижесінде нысандардың аяқталу мерзіміне әсер етеді.
Жобалық-сметалық құжаттамаларды уақытылы түзету, қосымша мансардты қабаттарды салу, аяқталған нысандарды кейіннен коммуналдық меншікке берумен мемлекеттік комиссияның актілерімен қабылдау мәселелері де өзекті болып қалуда.
Сонымен бірге, кейбір жағдайларда мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен нысандарды қабылдағаннан кейін атқарылған жұмыстар көлеміне төлеу фактілері де орын алды, бұл заңнама нормаларына қарама-қайшы болып келеді.
Жоғарыда көрсетілген аса сипатты ауытқушылықтар мен қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтары нәтижесінде нысандар мерзімінде аяқталмай, азаматтар тұрғын үйлерін уақтылы алмауда
Бұдан басқа, тұрғын-үй нысандарының аяқталу мерзімінің созылуына іргелес аумақтарға инженерлік коммуникациялар жүргізуде және абаттандыру кезінде өкілетті органдар іс-қимылдарының келіспеушілігі де өз әсерін тигізеді.
Тексеру комиссиясымен жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекет активтерін басқару тиімділігін бағалау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілді, бұнда да Қазақстан Республикасы әр түрлі заңнама нормаларының бұзушылықтары анықталды.
Сонымен қатар, жалпы алғанда өткен кезеңдермен салыстырғанда бақылау объектілері анықталған бұзушылықтарды жою және оларды әрі қарай болдырмау жөнінде іс-шаралар кешенін қабылдау бойынша шұғыл түрде шараларды қолданатынын, бұл бюджет қаражатын пайдаланудың және мемлекет активтерін басқару тиімділігінің жоғарлауына әсер ететінін атап өту қажет.
Сонымен, бүгінгі күнде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бақылау объектілерімен 1,4 млрд. теңге сомада қаражат өтеліп/қалпына келтіріліп, ол анықталған бұзушылықтар көлемінің 80%-ын құрады.
Барлық проблемалық мәселелер және анықталған бұзушылықтар бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясы