«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары» мақаласы
«Астана ақшамы» газетінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 130 (3803) санында жарияланған
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит органдары Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қағидаттарына сәйкес бюджетті жоспарлаудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Осылайша, 2018 жылдың 9 айында 16 аудиторлық іс-шараның қорытындылары жасалды. 71 объектіде жүргізілген мемлекеттік аудитпен 450 731,3 млн.теңге жалпы қаражат көлемі қамтылды, атап айтқанда:
- мемлекеттік органдарда – 126 413,0 млн. теңге;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 324 318,3 млн. теңге.
Аудиторлық іс-шаралар жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 113 934,6 млн. теңгені немесе қамтылған қаражат көлемінен 25,3%-ын құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 62 416,3 млн.теңге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілері бойынша - 172,8 млн.теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты - 767,5 млн.теңге және тиімсіз жоспарланғаны - 46,8 млн.теңге, сондай-ақ 1 845 рәсімдік бұзушылық анықталды.
Бүгінгі таңда қалпына келтіруге/өтеуге жататын 62 416,3 млн.теңге қаржылық бұзушылық сомасынан 61 549,9 млн. теңгесі қалпына келтірілді/өтелді, оның ішінде:
- ақшалай өтелгені - 73,1 млн. теңге;
- жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу, есепте көрсету жолымен қалпына келтірілгені - 61 476,8 млн.теңге.
Анықталған бұзушылықтарды талдау олардың негізгі себебі қаржылық тәртіптің төмен деңгейде болуы, сондай-ақ бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы болып табылатынын көрсетті.
Осылайша, жіберілген бұзушылықтар үшін 166 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде тәртіптік – 81, әкімшілік – 85 (30,1 млн. теңге жалпы сомасына айыппұл салынды).
Астана қаласының прокуратурасына процестік шешім қабылдау үшін мемлекеттік аудиттің 11 материалы жолданды, атағанда:
- 9 материал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жолданып, оның 8-і бойынша іс жүргізілуде, 1 материал бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды;
- 1 материал бойынша мемлекеттік аудит объектісіне қатысты Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ұсыным шығарылды;
- 1 материал Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
Сонымен бірге, есепті кезеңде Тексеру комиссиясымен жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдары мен аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және жұмыста кездесетін кемшіліктерді жоюға бағытталған 61 ұсыным мен 243 тапсырма берілді.
Сондай-ақ, алдын алу шараларын қабылдау, соның ішінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен Тексеру комиссиясымен жүйелі негізде аудит объектілерінің қатысуымен проблемалық мәселелерді талқылау бойынша семинар-кеңестер өткізіледі.
Осылайша, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Тексеру комиссиясымен «Астана қаласының орта және мектепке дейінгі білім беру саласы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді, оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшылары, сондай-ақ елорданың балабақшалары мен мектептерінің басшылары қатысты.
Қаржылық тәртіпті нығайту және Астана қаласында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзушылықтың алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жалғастырылатын болады.
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ