Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының Астана қаласында жүзеге асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қарастырылды
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының Астана қаласында жүзеге асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары көрсеткендей, Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасымен және басқа да мүдделі тұлғалармен діни экстремизм көріністерін ескерту және терроризм қаупін болдырмау бөлігінде белгілі бір жұмыстар жүргізіледі.
Аудитпен анықталған кемшіліктерге қарамастан, жалпы алғанда аудит объектілерімен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде қол жеткізілген нәтижелер жоспарға сәйкес келеді.
Сонымен бірге, аудит объектілерінің жекелеген бағыттар бойынша жұмысында кемшіліктер байқалды, олар 208 462,6 мың теңге жалпы сомасында Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының бұзушылықтарына әкелді, оның ішінде 194 585,6 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар, оның 104 278,6 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады (аудит барысында қалпына келтірілгені - 75 952,6 мың теңге), өтеуге жататыны - 90 307,0 мың теңге және 13 877,0 мың теңге сомасында жергілікті бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың 2 жағдайы, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану кезінде 45 рәсімдік бұзушылық пен кемшілік фактісі анықталды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Астана қаласында іске асырылуындағы негізгі проблема, Тексеру комиссиясымен алдыңғы тексеру нәтижелері бойынша атап өтілгендей, жауапты органдардың қызметін үйлестіруге жауапты органның болмауы болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында нақты сандық және сапалық көрсеткіштер белгіленбеген, мұның өзі тиісті іс-шаралардың жүзеге асырылуына айтарлықтай әсерін тигізіп қана қоймай, олардың іске асырылу деңгейін бағалауға мүмкіндік бермейді.
Жүргізілген аудитпен аудит объектілерінің Іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін бұзғаны, есептік мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауы сияқты жекелеген фактілері анықталды, бұл ұсынылатын есептік мәліметтердің анықтығына ғана емес, жалпы Іс-шаралар жоспарының орындалуына да күмән туғызады.
Жауапты мемлекеттік органдар арасында өзара әрекеттесу және барлық қажетті ақпаратпен алмасу негізінен жұмыс тәртібінде жүзеге асырылады, мұның өзі сапасыз және/немесе толық емес ақпараттың ұсынылуы, сондай-ақ іс-шараларды орындау мерзімдерінің бұзылуы түрінде белгілі бір жағымсыз салдарларға әкелуі әбден мүмкін.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.