Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында елордада кәсіпкерлік қызметті қолдауға және дамытуға бағытталған жергілікті бюджеттің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитімен «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы қамту көлемі 8 629,9 млн. теңге сомасында кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бөлінген бюджет қаражаты тексерілді.
Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шарасының нәтижелері көрсеткендей, жалпы мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізуде.
Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша елорданың ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 57,4%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артқан.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОБ субъектілерінің саны 9,5%-ға өсіп 148 536 тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар – 57 315, жеке кәсіпкерлер – 91 097, шаруашылық қожалықтары – 124.
ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 325,2 мың бірлікті құраған, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға артық. Экономикалық белсенді халықтың 60%-ы ШОБ саласында еңбек етеді.
2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ШОБ саласында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 873,3 млрд. теңгеге артып 4 001,7 млрд. теңгеге жеткен, нақты көлем индексі – 85,9%.
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының іске асырылу кезеңінен бері (2010 жылдан бастап) барлығы 144,9 млрд. теңге сомасын құрайтын 896 жобаға қолдау білдірілген, оның ішінде 2017 жылы 30,9 млрд. теңгелік 267 жоба мақұлданды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 79,2%-ға артық. 2017 жылы бөлінген 3,9 млрд. теңгенің 100%-ы игерілген.
Осының нәтижесінде қала кәсіпорындарындағы 8,0 мыңнан астам бұрыннан бар және жаңадан құрылған 5,3 мыңнан астам жұмыс орны сақталған (оның ішінде 2017 жылы 1 000 астам жаңа жұмыс орны құрылған), бюджет кірісіне 21,5 млрд. теңге салық төлемдері түскен.
Сонымен бірге, аудиторлық іс-шара қорытындылары бірқатар жүйелік сипаттағы проблемаларды көрсетті, олар бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі мен тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне өз әсерін тигізеді.
Біріншіден, аудитпен жекелеген бюджеттік өтінімдерде есептеулер мен бюджет қаражатын бөлу қажеттілігі жөнінде негіздемелердің жоқтығы анықталды.
Мәселен, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен 010 және 069 бюджеттік бағдарламалары бойынша 1,8 млрд.теңге сомасына толық әрі анық ақпаратты және есептеулерді ұсыну қамтамасыз етілмеген.
Екіншіден, 002 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет жүйесінің нәтижелілігі қағидаты сақталмаған, атап айтқанда түпкілікті нәтиженің көрсеткіші – 129 жұмыс орнын құруға қол жеткізілмеген.
Үшіншіден, мемлекеттік қолдау көрсетілген жобаларды мониторингілеу бойынша есептерге жүргізілген іріктеме талдау көрсеткендей бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану орын алған, бұл жөнінде жекелеген жобалар бойынша қайта мониторингілеу жүргізу үшін қосымша мерзім беру туралы шешімдер, мақсатсыз пайдаланылған несие қаражаттарын қайтару фактілері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің болмауына байланысты қосымша мониторинг жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы айғақтайды.
Осылайша, Бюджет кодексінің 6 және 12-баптарын бұза отырып, тиімділік қағидатына қайшы Басқармамен 6,0 млн.теңге жалпы сомасында жеке кәсіпкер «DAUT» және «Центр инноваций_СТ» ЖШС жобалары бойынша субъектілерді қолдауға бағытталған бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған (2017 жылғы мониторинг нәтижелері бойныша анықталды).
Кейбір жобалар бойынша мониторинг жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылданған, ал жекелеген жағдайларда қосымша мониторинг үшінші рет белгіленген.
Бұл ретте, нормативтік құжаттармен мониторинг жүргізу мерзімдерін ұзарту тәртібі реттелмегенін, атап айтқанда қосымша мониторинг белгілеу жиілігі көзделмегенін атап өтеміз, бұл өз кезегінде жобаларды жүзеге асыру нәтижелеріне әсер етеді және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізілуін бағалауға мүмкіндік бермейді.
Төртіншіден, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген мемлекеттік гранттар шеңберінде қаржыландырылған жекелеген жобалар тиімсіз болып табылады және гранттардың пайдалану мақсаттылығын растамайды (аудитпен қамтылған гранттар бойынша мониторингілеудің 8 есебінен – 6 есеп «теріс» нәтижемен).
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.