2019 жылғы 14 ақпанда өткізілген Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астана Innovations» АҚ-да квазимемлекеттік сектор активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды
Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бұзушылықтар мен кемшіліктерге ықпал еткен негізгі себептер мен жағдайлар бюджет, ақпараттандыру, бухгалтерлік есеп, корпоративтік басқару салаларындағы заңнаманың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларының тиісінше сақталмауы, «Астана Innovations» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ішкі құқықтық актілерінің қолданыстағы нормаларға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің ережелеріне сәйкестігі тұрғысында тұрақты мониторингтің жүргізілмеуі болып табылатынын көрсетті.
Осылайша, Қоғам Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінің нормаларына сәйкес Корпоративтік басқару кодексінің шарттарын өзектендірмеген. Бұл ретте, бастапқыда Қоғамның Кодексі жалғыз акционердің шешімімен тек 2016 жылдың 5 сәуірінде немесе Қоғам құрылған күннен бастап 3 жыл 11 айдан кейін бекітілді. Мемлекеттік аудитпен Қоғамның дивидендтік саясатының, Қоғамның Басқарма басшылығы мен мүшелерін тағайындау, бағалау және сабақтастық қағидаларының, тәуекелдерді тиісінше басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ету бойынша Қоғам Басқармасы функцияларының, сондай-ақ бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеудің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында персоналды іріктеу, қалыптастыру және бағалау бойынша рәсімдерді регламенттейтін құжаттың болмауы анықталды. Қоғамда кадр резерві қызметкерлерінің пулы қалыптастырылмайды. Жұмыс берушілер жыл сайынғы негізде өз қызметін бағалаудан өтпеген.
Оған сәйкес Қоғам жобаның операторы және үйлестірушісі болып табылатын «Smart Astana» жобасының тұжырымдамасы 2012 жылдан бастап үш рет жаңа редакцияда бекітілді.
Осының нәтижесінде, 2018-2021 жылдарға арналған Тұжырымдама бойынша «Smart Astana» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасында және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй және туризм мәселелерін қамтитын 2012 жылдан бастап іске асырылып жатқан ТТКҚЖ іс-шаралары өзектендірілмеген. Алдыңғы жылдары аталмыш іс-шаралардың құрылуына 2 650 млн.теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінген (2012 жылы – 2 млрд. теңге, 2014 жылы – 650,0 млн. теңге).
Қоғам даму жоспарлары нәтижелілігінің жоспарланған түйінді көрсеткіштеріне толық қол жеткізбеген. Осылайша, 2016 жылға жоспарланған тікелей нәтиженің 5 көрсеткішінен тек 2-еуіне қол жеткізілсе (60%), 2017 жылы тікелей нәтиженің 18 көрсеткішінен 15-іне қол жеткізілді (83,3%). Бұл ретте, Қоғам іріктеп алған даму жоспарларының жекелеген көрсеткіштері есепті кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемін көрсетпейтіндіктен Қоғам қызметінің нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік бермейді.
Жол картасында бекітілген инновациялық жобалардың жекелеген түйінді көрсеткіштері Қоғам үшін өлшенбейтін болып табылады, себебі олар Қоғамның қызметі мен функцияларына байланысты емес.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, 2015 жылғы 12 мамырдан бастап тәжірибелік пайдаланудағы «Бейнебақылау» жүйесі және 2016 жылғы 25 ақпаннан бастап тәжірибелік пайдаланудағы «ЖҚЕ бұзушылықтарын фото-бейнетіркеу» жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген.
Қоғаммен бейнебақылау және фото-бейнетіркеу кіші жүйелері камералары тиісті түрде пайдаланылмайды. Мемлекеттік аудит жүргізу сәтіне 77 камера жұмыс істемейді, 18 бейнекамера істен шығуына байланысты қолданысқа енгізілген сәттен бастап тоқтап тұр, 7 «Вокорд» бағдарламалық-аппараттық кешені және 140 бірліктен тұратын тиісті кешендерді – 1 қиылыста (Мәңгілік Ел-Ұлы Дала көшелері) және 1 жаяу жүргіншілер өтпесінде (Қарасай батыр көшесі) – тиісінше пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылданбаған. Осы аталған себепті Қоғамның тиімсіз пайдаланған активтерінің сомасы 117,4 млн.теңгені құрады.
Сондай-ақ, «Smart Astana» ИАЖ осы уақытқа дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген (веб-портал және «Smart Astana» мобильдік қосымшасы), алайда бұрын іске асырылған «Smart Astana» веб-порталының сервистерін модификациялауға бюджет қаражаты бөлінген.
«Smart Astana» ИАЖ модернизациялау шеңберінде әзірленуге жататын жекелеген модульдер іске асырылмаған. Сонымен қатар іске асырылған модульдерде елеулі кемшіліктерге жол берілген:
«Қалалық қызметтер» санатында - веб-порталда 7 іске асырылған сервистің 2-еуі жұмыс істемейді, мобильді қосымшада іске асырылған 12 сервистің ішінде «Түйіндеме» сервисі қолжетімсіз, сондай-ақ «Сайлау учаскесін іздеу» сервисі жоқ;
«Денсаулық сақтау» санатында - веб-порталда іске асырылған «Менің емханам» сервисі жұмыс істемейді;
«Білім беру» санатында - веб-порталда және «Секциялар мен үйірмелердің кестесі» сервисі бойынша мобильді қосымшада 2 ұйым ғана бойынша секциялар мен үйірмелердің кестесі туралы ақпарат берілген;
«Менің төлемдерім» санатында - мобильді қосымшада іске асырылған 4 сервистің ішінде «Секциялар мен үйірмелерге ақы төлеу» сервисі қолжетімсіз;
«Коммерциялық қызметтер» санатында - ұялы қосымшада «Бала бағушылар мен науқасты күтушілер» сервисі қолжетімсіз;
«Көлік» санатында - веб-порталда «Навигатор» сервисі жоқ;
«Бос уақыт» санатында - мобильді қосымшада «Радио» сервисі жоқ;
«Белсенді тұрғын» санатында - мобильді қосымшада «Тұрғындар мен қонақтардан пікір сұрау» сервисінде жаңалықтар легі көрсетіледі, ал негізінен бұл сервисте пайдаланушының қала сауалнамаларына қатысуы, сондай-ақ әрбір сұраққа дауыс берген орташа бағалары мен пайдаланушының балл саны туралы ақпарат алу қарастырылған.
Қоғамның шығыстарын қаржылық және материалдық ресурстарды үнемді пайдалану мәніне талдау көрсеткендей, Қоғамда инновациялық жобаларды («Smart Astana» порталы және мобильді қосымшасы, ашық деректер порталы, ТТКҚЖ) іске асыру шеңберінде Қоғам қызметтеріне баға белгілеуді қалыптастыру әдістемесі жоқ, бағаларды қалыптастыру Қоғамның барлық шығыстарын, оның ішінде кезеңді шығыстарды қызметтердің өзіндік құнына жатқызуды қамтитын шығындық әдісті негізге ала отырып жүзеге асырылады. Қоғамның ағымдағы ұстауына байланысты шығыстардың ұлғаюы салдарынан «Smart Astana» жобаларын іске асыру бойынша шығыстар жылдан жылға артуда.
Еңбекақы төлеу бойынша шығындардың өсу үрдісі мен кемшіліктері анықталды, шығындардың өсуіне Қоғам активтерін пайдаланудың тиімділігіне әсер ететін жылдан жылға қайталанатын бірқатар жүйелі бұзушылықтар әсер етті.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының жалпы сомасы 1 168,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде 800,5 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар (оның 799,1 млн. теңгесі – қалпына келтіруге, 1,4 млн. теңге – Қоғам кірісіне өтеуге жатады), 367,9 млн. теңгеге бюджет қаражаты мен Қоғам активтерінің тиімсіз пайдаланылуы, сондай-ақ 105 рәсімдік бұзушылық пен аудит объектісінің қызметіндегі 26 жүйелік кемшілік анықталды.
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының талаптарын бұзу бөлігінде мемлекеттік аудит материалдары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.