2019 жылдың 30 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Тексеру комиссиясының отырысында жергілікті атқарушы орган резерві қаражатының пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешегінің пайда болуының анықтығы мен негізділігіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың борышының басқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Нұр-Сұлтан қаласының қаржы, құрылыс және тұрғын үй саясаты, қалалық орта сапасын бақылау және бақылау, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, мәдениет және спорт басқармаларында, Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратында жүргізілген аудит қорытындысы бойынша аудит объектілері қаржылық және шаруашылық операцияларды жасау кезінде жіберілген Қазақстан Республикасы заңнамасының оларды іске асыру үшін қабылданған нормаларының талаптарынан кейбір ауытқулар анықталды.
Жалпы, жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақшалай қаражат Қаржы басқармасымен негізді түрде бөлінеді, алайда 2018 жылы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен қаражат бөлу туралы шешіммен көзделмеген жобаға 300 000,0 мың теңгеден астам жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген қаражатты пайдалану фактісі орын алған.
Жергілікті атқарушы органның резервінен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиті шеңберінде жүргізілген үстеме тексерулермен мемлекеттік сатып алу туралы, сәулет-құрылыс қызметі туралы заңнаманың, Бюджет және Салық кодекстерінің жекелеген бұзушылықтары анықталды.
Сондай-ақ, ішкі қарыздарды уақтылы игермеудің, тиімсіз жоспарлау салдарынан кредиттік қаражатты қайтарудың жекелеген фактілері белгілі болды.
Пәтерлерді және өзге де негізгі құралдарды пайдалануға қабылданған күннен бастап коммуналдық меншікке беру мерзімі 4-тен 13 айға дейін құрайды, бұл олардың құрылысына жұмсалған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне әсер етеді.
Осылайша, Орынбор және № 227 көшелерінің қиылысындағы 364 пәтерден тұратын 2018 жылғы 28 қыркүйекте пайдалануға қабылданған тұрғын үй кешені осы уақытқа дейін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына оны кейіннен тұрғын үйге мұқтаждар арасында бөлу үшін берілмеген.
Дебиторлық берешектің жай-күйін талдау бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өткен жылдардың берешегін өтеу бойынша шаралар қолданбағанын, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармалары талап-арыз жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбейтінін көрсетті, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 2018 жылға арналған берешекті өтеудің бекітілген кестесін орындамаған, іс жүзінде 2018 жылы жалпы сомасы 47 163 086,3 мың теңге дебиторлық берешектің 15 078 701,4 мың теңгесі немесе 32%-ы өтелді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жалпы 32 084 384,9 мың теңге сомаға дебиторлық берешекті өтеу қамтамасыз етілмеген.
Дебиторлық берешектің пайда болуының негізгі себептері ағымдағы берешек бойынша – ауыспалы (көп жылдық) шарттар бойынша алдын ала төлемді, орындалған жұмыстар актілері бойынша жетпіс пайыздан астам төлемді жүргізу болып табылады, бұл орындалған жұмыстар құнының отыз пайызын ұстап қалуды көздейтін шарттық міндеттемелерді бұзу болып табылады. Өткен жылдардың берешегі бойынша негізгі себеп – сот шешімдерінің орындалмауы.
2018 жылы елорданың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кредиторлық берешегін өтеу кестесі де көзделген көлемде орындалмаған, 2018 жылы 1 835 023,9 мың теңгенің 934 703,0 мың теңгесі немесе 50,9%-ы өтелді. 2018 жылы 900 320,9 мың теңге сомасына кредиторлық берешекті өтеу қамтамасыз етілмеген.
Кредиторлық берешектің пайда болуының негізгі себебі орындалған жұмыстар актілерін кеш ұсыну, сондай-ақ мердігерлердің тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан асатын орындалған жұмыстар актілерін ұсынуы болып табылады.
Жалпы жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 6 751 390,3 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 144 645,6 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 1 883 039,8 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 17 рәсімдік бұзушылық пен 7 кемшілік анықталды.
Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, сондай-ақ сәулет қызметі саласындағы заңнама нормаларын бұзудың 10 фактісі бойынша аудит материалдары уәкілетті органдарға әкімшілік шаралар қолдану үшін жіберілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берді.