Білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануына бөлінген жан басына шаққандағы қаржыландыруды және бюджет қаражатын іске асыру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы
2024 жылғы 18 шілдеде мәслихат депутаттарының қатысуымен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануына бөлінген жан басына шаққандағы қаржыландыруды және бюджет қаражатын іске асыру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік сәйкестік аудиті Астана қаласының Білім басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, оның ішінде: 5 орта білім беру (№4 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицей, №28 мектеп-лицей, №37 мектеп-лицей, №84 мектеп-лицей) және 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (№22 бөбекжай-балабақша, №49 бөбекжай-балабақша) өткізілді.
Мемлекет педагогтердің мәртебесін көтеруге бағытталып жатқан шараларға қарамастан, бюджет және өзге де заңнамалардың бірқатар қайталанатын жүйелік бұзушылықтар, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктер анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штаттық санын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі №224 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгілік штатына сәйкестігін талдау Қазақстан Республикасында орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын тексерілген аудит объектілерінде штат бірліктерінің асыра көтерілуін көрсетті. 2021-2023 жылдар кезеңінде еңбекақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану нәтижесінде жалпы сомасы 58 097,0 мың теңгеге (№4 мектеп-гимназиясы 15 675,1 мың теңге, №15 мектеп-лицей -10 644,0 мың теңге, № 5 мектеп-лицейі 28 543,5 мың теңге, № 84 мектеп-лицейі -24 201,2 мың теңге, № 22 балабақша -582, 1 мың теңге, № 49 бөбекжай-бақшасы-1 451,1 мың теңге) шығынға алып келген.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорын бекіту кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптары сақталмаған, осының салдарынан Білім басқармасы жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз штат кестесінде 4 мемлекеттік мекемесінің басшы құрамы мен бас бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларын (№4 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицей, № 28 мектеп-лицей және № 84 мектеп-лицей) негізсіз бекіткен.
Білім беру ұйымдарымен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде оқушылардың (контингенттің) нақты саны және қаржыландыру көлемін айқындаған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі көрсетілмейді, бұл білім беру тапсырысын орналастыру нормаларының талаптарына қайшы келеді.
Жалпы білім беретін мектептер педагогтердің еңбекақысы мен қосымша еңбекақысын ақысын есептеу бойынша бұзушылықтарға жүйелі түрде жол беріледі, лауазымдарды қоса атқарған кезде нормативтен тыс педагогикалық жүктемелер негізсіз белгіленеді.
Негізгі жұмыс және қоса атқару бойынша лауазымдық бірліктердің оқу жүктемесінің заңнамада белгіленген шегінен асып кетуіне орта білім беру ұйымдарының директорлары мен директордың орынбасарларының еңбекақысы жалпы сомасы 18 046,1 мың теңгеге заңсыз төленген, сондай-ақ оқытушылардың 24 сағаттық жұмыс күнінен жалпы сомасы 271 494,3 мың теңгеге асыра көтерілген (№4 мектеп-гимназиясы -10 001,3 мың теңге, № 28 мектеп - лицей- 7 618,2 мың теңге, № 37 мектеп-лицей-426,6 мың теңге).
Бюджет кодексін бұза отырып, Білім басқармасы №84 мектеп-лицейімен қосымша келісім жасап негізсіз шешім қабылдаған, бұл үнемдеу болып табылмайтын сыйақылардың негізсіз төленуіне жол берген. Нәтижесінде білім мекемесі қызметкерлеріне жалпы сомасы 68 133,4 мың теңгеге (№37 мектеп-лицей - 860,0 мың теңге, №84 мектеп-лицей – 67 273,4 мың теңге) лауазымдық жалақысынан асатын сыйақылар негізсіз төленген.
Тексерілген білім беру ұйымдарында бейінді емес білімі бар қызметкерлерді негізгі жұмысқа қабылдау, бекітілген біліктілік талаптарына сай келмейтін қызметкерлерді лауазымға тағайындау фактілеріне жол беріледі.
Білім беру ұйымдарының қаржылық есептілігінің деректерін бұрмалау фактілері бар, жекелеген объектілер тиісті деңгейде бухгалтерлік есеп жүргізілмейді.
Бұдан басқа, бас бухгалтерлердің, бухгалтерлердің лауазымдық өкілеттіктерін жалпы сомасы 19 082,5 мың теңгеге асыру фактілері анықталды.
Мысалы, №4 мектеп-гимназияның бас бухгалтері мен бухгалтері қазынашылық банкі және екінші деңгейдегі банктер арқылы 10 534,9 мың теңге сомасында жеке карт-шоттарға, сондай-ақ жалпы сомасы 4 219,2 мың теңгеге қызметкерлердің шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аударған.
Бюджет қаражатын (жалақы, демалыс, сауықтыру жәрдемақысы түрінде) негізсіз аударудың осындай фактілерін №84 мектеп-лицейдің бас бухгалтері мен бухгалтері жалпы сомасы 4 328,4 мың теңгеге жүзеге асырған.
Сонымен қатар, жалпы сомасы 32 623,7 мың теңгеге (қабылдау-беру актісінің болмауына байланысты) №28 мектеп-лицейдің балансына қабылданбаған объектіні ұстауға (300 оқушыға арналған мектептің негізгі ғимаратына қосымша) бюджет қаражатын жұмсау арқылы бюджет заңнамасын бұза отырып бюджет қаржысын пайдалану фактісі анықталды (жалақы төлеуге 20 160,0 мың теңге сомасындағы төлемдер және 12 463,7 мың теңге сомасындағы коммуналдық шығыстар).
Сондай-ақ, бекітілген перспективалық мәзірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру нормалары мен стандарттарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі анықталды (ас мәзірі білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескермейді, сондай-ақ балалардың тамақ рационына кіретін жекелеген өнімдерді қамтымайды).
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бойынша мынадай жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:
- негізсіз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу;
- қызмет көрсету/тауарларды жеткізу мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмау;
- шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуге және жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге байланысты жасалған шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдамау.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 334 796,6 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет кірісіне өтелуге тиіс 180 378,5 мың теңге (отырысқа дейін 158 515,3 мың теңге өтелді), қалпына келтіруге тиіс 154 408,1 мың теңге (отырысқа дейін - 154 206,7 мың теңге қалпына келтірілді), сондай-ақ, тиімсіз жоспарлау 419 480,8 мың теңгені, бюджет қаражаты, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері 172 119,8 мың теңгені, экономикалық шығындар 3 785,0 мың теңгені құрады, 224 рәсімдік және 10 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы тиісті органдарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 7 ұйым бойынша 21 материал ұсынды, екі ұйымның қызметкерлері айыппұл төлей отырып, 3 факті бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шарада анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.