Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету шеңберінде жекелеген денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары
2023 жылғы 29 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету шеңберінде жекелеген денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Тексеру Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК және Астана қаласы әкімдігінің «№12 қалалық емхана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - №2 емхана, №4 емхана және №12 емхана) жалпы алғанда халыққа сапалы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуге бағытталған біркелкі жұмыс жүргізілетінін көрсетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілеріне жүргізілген талдау бірқатар жүйелік кемшіліктер мен бұзушылықтарды және медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтады.
№12 емхана тексерілетін кезеңде 2022 жылғы 4 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет қолданысын тоқтатқан лицензия негізінде жүзеге асырылған, жаңа лицензия 2023 жылғы мамырда ғана алынған (2023 жылғы 3 мамырдағы №23010472).
Заңнамалық актілерді бұза отырып, Жарғыда көзделмеген қызметтер (зарарсыздандыру қызметтері), сондай-ақ баға прейскурантында көрсетілмеген ақылы қызметтер (мамандардың қызметтері, талдаулар) жүзеге асырылған (№2 емхана, №12 емхана).
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының медициналық ұйымдарының орташа 91,4% жабдықтау кезінде № 2 емхана бойынша жабдықтау 90,21%, №4 емхана - 92,84% және №12 емхана - 89,47% құрады, сонымен қатар сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында қажеттілік нормативіне дейін толық жабыдқтауды талап ететін емханаларда бөлімшелер бар (зертхана, рентгенодиагностика кабинеті, офтальмолог кабинеті, медбикелер кабинеті, уролог кабинеті, стоматолог кабинеті, отоларинголог кабинеті, физиотерапевт кабинеті).
Медициналық жабдықтардың жабдықталу жеткіліксіздігіне байланысты емханалар басқа ұйымдармен орындауға шарт жасасуға мәжбүр болып отыр.
Сонымен қатар, аудит барысында медициналық жабдықтарды сатып алу және пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталды. Мысалы, жалпы сомасы 9 424,0 мың теңгеге №2 емхананың (2022 жылғы маусымнан бастап) және №4 емхананың (2022 жылғы тамыздан бастап) медициналық жабдықтары мақсаты бойынша пайдаланылмайды. Сонымен қатар, № 12 емханада 2022 жылдың мамыр айынан бастап құны 5 840,4 мың теңге болатын медициналық құрал жабдық пайдаланылмайды.
№ 4 емхана мен № 2 емхана балансында тұрған жұмыс істемейтін ғимараттар (ауданы тиісінше 422,8 ш. м. және 89,0 ш. м.) анықталды.
Кадрлардың жиі тұрақтамауының себептеріне байланысты (№2 емхана – 20%, №4 емхана – 22,7%, №12 емхана – 22,2%) медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының кадрларының толық қамтылмағаны анықталды.
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және оқытуға бағытталған 2021 және 2022 жылдардағы іс-шараларды талдау денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің бұрын алған кәсіптік білімдерін қолдау, кеңейту, іскерліктері мен дағдыларын, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру құқықтарының бұзылу фактілерін көрсетті, бұл медициналық қызметкерлердің қызмет көрсету сапасына тікелей әсер етеді, бұл туралы аудит объектілерінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері анықтаған бұзушылықтар (медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктер) жанама түрде растайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу және (немесе) медициналық ұйымдардың көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу кезіндегі желілік шкаласын (лимитті) айқындайтын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы (медициналық көмектің қолжетімділігі мен медициналық көмектің қолжетімділігі) Қағидаттарына қайшы келетін және сәйкес келмейтін норма олқылықтары болып қала береді.
Еңбекақы төлеу қорын пайдалану кезінде жалпы сомасы 7 570,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: №2 емхана бойынша - 1 061,9 мың теңге, №4 емхана бойынша - 209,1 мың теңге, №12 емхана бойынша – 6 299,7 мың теңге.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша барлығы 645 620,2 мың теңге сомаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жұмсау кезіндегі қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде өтелуге тиіс 10 358,5 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 1 271,0 мың теңге өтелді), қалпына келтірілуге тиіс 635 261,7 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 633 202,6 мың теңге қалпына келтірілді), тиімсіз жоспарлау сомасы қаражат 367 550,4 мың теңгені, қаражатты тиімсіз пайдалану 824 139,6 мың теңгені, жоғалған пайда мен экономикалық шығындар жалпы сомасы 119 599,0 мың теңгені құрады, сондай-ақ 103 рәсімдік бұзушылықтар мен 43 жүйелік мәселелер мен кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.