«Өркен қала» ЖШС квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары туралы
2022 жылғы 11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда «Өркен қала» ЖШС квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Аудит қорытындысы бойынша «Өркен қала» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға және дамытуға, тұрғын үй қорын күрделі жөндеуге және реновациялауға бағытталған біркелкі жұмыс жүргізілетіні, оларды орындалуы күрделі жөндеуді талап ететін объектілердің, кондоминиумдардың үлесін төмендетуге әкелетіні атап өтілді.
Серіктестік Стратегиялық пайымын, негізгі көрсеткіштерінің орындалуын және Ұйымның даму жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау, оның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігін талдау Серіктестік негізгі көрсеткіштерді қалыптастыруды және бекітуді тиісті деңгейде жүзеге асырмайтынын, осы көрсеткіштердің орындалуына тиісті талдау жүргізілмейтінін көрсетті.
Бұдан басқа, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелердің қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу кезінде оның үстірт қарайтыны байқалады, бұл бұдан әрі жұмысты ұйымдастыруға және Серіктестіктің ТКШ жаңғырту саласында жүзеге асыратын іс-шараларының нәтижелілігіне теріс әсер етеді. Мысалы, Өндірістік-техникалық бөлімнің ережесі Сәулет қызметі туралы заңда көзделген функцияларға сәйкес келмейтін қызметтерді көздейді.
Серіктестік тарапынан 2020 және 2021 жылдарға арналған даму жоспарларын gosreestr.kz веб-порталына орналастыра отырып әзірлеу қамтамасыз етілмеген; Серіктестіктің 2020 жылға арналған даму жоспарының орындалуы жөніндегі есебі Бақылау кеңесімен бекітілмеген; Бақылау кеңесі 2020 жылға арналған даму жоспарының іске асырылуына баға бермеген.
Серіктестік бюджет қаражаты болып табылатын уақытша бос қаражатты орналастыру бойынша соманы екінші деңгейдегі банктерде біркелкі бөлмейді және олар бойынша есептер ұсынылмайды.
Барлық қаржы-шаруашылық операцияларын есепке алудың негізгі құжаты болып табылатын Серіктестіктің есеп саясаты көптеген кемшіліктермен жасалған, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелуі мүмкін.
Серіктестік Еңбекке ақы төлеу қағидаларын, Ұжымдық шартты және Еңбекке ақы төлеу туралы ережені бұза отырып, 28 740,0 мың теңге сомасында мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, аудит объектісі аяқталмаған құрылыс объектілерін аяқтау үшін құрылыс жұмыстарын жүргізді, бұл «Нұрлы Жер» бағдарламасының мақсатына қол жеткізу үшін қойылған міндеттерге қайшы келеді. Осылайша, 890 507,9 мың теңге сомаға мемлекет активтерін тиімсіз пайдалануға жол берілген.
Аудит мердігерлерге шарттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың және алынған аванстың болмау кемшіліктері анықталды.
Сәулет қызметі туралы заңның қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы Талонның болмауы бөлігінде бұзылғаны байқалады.
Аудит пікірінше, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға шарттардың орындалуын бақылауға жауапкершіліктің төмен деңгейі, шарттық міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылаудың жоқтығы, сондай-ақ басшылық тарапынан үйлестірудің болмауының себептерінен жол берілген.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 919 247,9 мың теңге сомаға мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану фактілері анықталды, сондай-ақ 26 рәсімдік және 6 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.