Білім беру нысандарының құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары
2022 жылғы 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ - де (бұдан әрі-Басқарма) білім беру нысандарының құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Елордада орта білім беру нысандарының тапшылығын төмендету міндетін Басқарма жаңа білім беру құрылыстарын пайдалануға беру және ашу есебінен шешуде. Мысалы, 2020 жылы жалпы жобалық қуаты 4500 орындық 5 мектеп және жалпы жобалық қуаты 2500 орындық 5 мектепке жапсарлас құрылыс пайдалануға берілген. 2021 жылы - 2400 орындық 2 мектеп және 600 орындық 1 қосымша нысан іске қосылған.
2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – АДБ) бойынша білім беру саласындағы негізгі проблемалар Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде оқушылардың тығыз орналасуы және көші-қон ағыны мен қала мәртебесінің жоғары болуына байланысты орта білім беру объектілерінің тапшылығы болып табылады. Қазіргі уақытта үш ауысымды мектептерде оқыту мәселесі өзекті мәселе болып қалуда, оқушы орындарының тапшылығы 26 000-ды құрайды, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған үш ауысымды 3 мектептің орнына қалада 4 мектеп жұмыс істеген.
Сонымен қатар, 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті бекіту кезінде бастапқыда 2021 жылғы жоспарлы кезеңге жоспарланған қаржыландырудың болмауына және басқа да себептерге байланысты қуаты 2 400 орындық мектептер саны 2 бірлікке және қуаты 600 орындық жапсарлас құрылыстар 1 бірлікке қысқарды, бұл мемлекеттік аудиттің бағалауы бойынша екі ауысымды оқыту кезінде әлеуетті оқушы орындарының 10 800 орындық азаюына әкеп соқты.
Басқарма бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде жекелеген нормаларды сақтамаған, бұл өз кезегінде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін сапасыз жоспарлануын және айқындалуын куәландырады.
Құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына, мердігерлердің орындалған жұмыстардың актілерін ұсынбауға, ұзақ конкурстық рәсімдерді өткізуге байланысты жобаларды түзетуге байланысты 2021 жылы Білім басқармасы 4 861 638,5 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражатын игермеген, бұл оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға және мектептер мен мектептерге жапсарлас құрылыстардың уақытында пайдалануға тапсырылуына әсер етеді.
Мысалы, 2021 жылғы желтоқсанда құрылысы аяқталған ретінде 2021 жылғы АДБ іске асыру туралы есептік деректерде көрсетілген «Оқжетпес және Ш.Бөкеев көшелерінің қиылысы ауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысы» жобасы шындыққа сәйкес келмейді, өйткені аудит жүргізу кезінде (2022 жылғы 6 маусым) көрсетілген құрылыс жобасы пайдалануға енгізілмеген.
Аудитпен бюджет қаражатын пайдалану кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүзеге асыруға байланысты хабарлама жасау тәртібін бұза отырып, нақты орындалмаған жұмыстарды қабылдау және ақы төлеу, мердігерлердің банк кепілдіктерін уақтылы қайтармау, жұмыс жобасы мен сметалық алшақтықтар, орындалған жұмыс актілерінің сметалық құжаттамамен арасындағы алшақтықтар, өнім берушілерді тану рәсіміне байланысты бұзушылықтар, жосықсыз қатысушылар деп тану бойынша, инжинирингтік қызмет көрсететін ұйымдардың тиісті емес жұмысы және т.б анықталды.
Мектептер, мектептермен, балабақшаларға жапсарлас құрылыстар салуға мердігерлік жұмыстарды орындауға арналған шарттардың көпшілігі жоспарланған қаржы жылына арналған қаржыландыру сомасын түзетуге және қаржыландыру көзін өзгертуге, құрылыс материалдары құнының қымбаттауымен байланысты жобаларды түзетуге байланысты қосымша келісімдер жасалуда, бұл шарттардың орындалу мерзімдерін ұзартуға, объектілердің дер кезінде пайдалануға берілмеуіне әкеп соғады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің уақтылы пайдаланылмауы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға кедергісін тигізуде.
Бастапқыда 2021 жылға жоспарланған мектептер мен мектептерге жапсарлас құрылыстарды салуды болдыртпай оқушы орындары тапшылығының қысқаруына теріс әсер етеді және АДБ-ның мектептердің құрылысын салу жөніндегі мақсатына қол жеткізбеуге және үш ауысымды мектептерді жою жөніндегі мәселенің өз уақытында шешілмеуі мүмкін.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім инновация» Лицей-интернаты» КММ-не Басқарма объектіні тапсыру кезінде берген, алайда оқу процесінде пайдаланылмай тұрған 25 723,1 мың теңге сомасында 1 476 дана активтер (интерактивті тақталар, биология кабинетіне арналған жабдықтар, компьютерлер жиынтығы, парталар, оқушы орындықтары, тақталар және т. б.) орналасқан.
Сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 96 «Аяла» арнайы балабақшасы» КММ-де жеткізілген сәттен бастап 6 858,0 мың теңге сомасындағы медициналық жабдықтар қоймада тұр және пайдаланылмауда, сондай-ақ жекелеген бөлшектердің болмауына байланысты 3 919,7 мың теңге сомасындағы цифрлық теледидар жұмыс істемейтін жағдайда тұр.
Жоғарыда келтірілген кемшіліктер мен бұзушылықтардың көпшілігі жүйелі сипатқа ие болғанын атап өткен жөн, бұзушылықтарды жіберудің негізгі себептері қызметкерлердің өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы, қызметкерлердің ауыр жүктелуі, кадрлардың тұрақтамауы, басшы құрам тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының тиісті бақылауын қамтамасыз етпеу болып табылады.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 370 152,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2 329 121,8 мың теңге қалпына келтіруге тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 2 324 427,6 мың теңге қалпына келтірілді), 41 030,5 мың теңге өтелуге тиіс, активтерді тиімсіз пайдалану сомасы 87 962,2 мың теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 77 973,2 мың теңге құрады, сондай-ақ 36 рәсімдік бұзушылық және 4 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Сонымен қатар, 50,3 мың теңге сомасында жоғалған пайда анықталды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға 12 әкімшілік материал жіберілді.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.