2021 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары туралы
2022 жылғы 12 мамырда Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (бұдан әрі – ЖБ ШҚЕ) мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (бұдан әрі – ББӘ) ШҚЕ аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлар ескертумен пікір білдірді.
Пікір білдіруге негіз болған қорытынды пункттерінде баяндалған мән-жайлардың қаржылық есептілікке әсерін қоспағанда, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының, Білім басқармасының, Отын-энергетика кешені басқармасының қаржылық есептілігі (ШҚЕ) барлық елеулі қаржылық қатынастарда, қаржылық жағдайды дұрыс көрсетеді. 2021 жылғы 31 желтоқсанға қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері және 2021 жылғы ақша қаражатының қозғалысы, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес 2021 жылы активтер 206,4 млрд.теңгеге (немесе 8,7% – ға) ұлғайды және жыл қорытындысы бойынша 2 568,8 млрд. теңгені, оның ішінде қысқа мерзімді активтер – 173,7 млрд. теңгені және ұзақ мерзімді активтер-2 395,1 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте, 2021 жылы таза активтердің/капиталдың үлесі 87,3% - дан 87,7% - ға дейін аздап ұлғайды және олардың мөлшері 2021 жылдың қорытындылары бойынша 190,1 млрд.теңгеге (немесе 9,2% - ға) ұлғайып, 2 253,5 млрд. теңгені құрады.
Сонымен бірмезгілде Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік міндеттемелерінің жалпы көлемі 2021 жылы 16,2 млрд.теңгеге (немесе 45,3% – ға) өсті және жыл қорытындысы бойынша 315,4 млрд. теңгені, оның ішінде қысқа мерзімді міндеттемелер – 189,4 млрд. теңгені және ұзақ мерзімді міндеттемелер-126,0 млрд. теңгені құрады.
2021 жылға Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру өз кезегінде ведомстволық бағынысты 127 мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігін шоғырландыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың 30 әкімшісін ЖБ ШҚЕ шоғырландыру арқылы жүзеге асырылды.
Жергілікті бюджеттің қаржылық есептілігін шоғырландыру деңгейінде жүргізілген аудиторлық рәсімдер 30 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 11-і есептілікті шоғырландыру кезінде елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктерді көрсетті, олар шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес келмеуі, бастапқы бухгалтерлік құжаттармен расталмау және жалпы сомасы 57 446,2 млн. теңгеге активтердің дұрыс жіктелмеуінің фактілеріне жол берілген.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша 73 196,0 млн. теңге сомасына жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін бұрмалауға әкеп соққан бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзушылықтар, оның ішінде 57 528,5 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге тиіс - 57 446,2 млн. теңге (аудит барысында қалпына келтірілгендер – 2 608,1 млн. теңге), жергілікті бюджет кірісіне өтеуге жататын бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасы және өзге де заңнаманың бұзылуы – 16,3 млн.теңге (аудит барысында өтелгені – 92,1 мың теңге), қалпына келтірілгені – 66,1 млн. теңге. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша жалпы сомасы 439,1 млн.теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 360,6 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері, сондай-ақ рәсімдік және 23 жүйелік сипаттағы 82 бұзушылық анықталды.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы ҚР Қаржы министрлігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілерінің деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесіне» сәйкес мемлекеттік ұйымдардың активтерге түгендеу жүргізуін қамтамасыз етпеді.
Осылайша, бухгалтерлік есеп деректері бойынша Көлік басқармасына 2017 жылдан бастап құны 31 975,1 млн.теңге болатын 72 нысан есепте тұр, олар бойынша растайтын құжаттар жоқ және объектілерге түгендеу жүргізілмеген. Жалпы сомасы 13 733,9 млн.теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша операцияларды дұрыс көрсетпеу фактілері анықталды. Осыған ұқсас, Білім басқармасы 21 579,4 млн. сомасына бухгалтерлік есеп бойынша операцияларды дұрыс көрсетпеген. сондай-ақ, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құрамында МҚКК-ға ведомстволық бағынысты Инвестициялар балансында көрсетілмеген (Жарғылық капиталдың ұлғаюы), бұл ЖБ ШҚЕ-ның 13 856,8 млн.теңгеге бұрмалануына алып келді.
Энергетика басқармасы бухгалтерлік есепте аяқталмаған құрылыстың нақты құнын 95,9 млн.теңге сомасына көтерді, 2020 жылғы қазанда пайдалануға берілген объектіні кіріске алу бойынша операция 2021 жылы жүргізілді немесе оның құны 96,3 млн. теңгеге асыра орындалды.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы және құрылыс саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 4 (төрт) бабы бойынша 13 әкімшінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бас бухгалтерлердің және қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін ББӘ басшыларының орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді, онда бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудағы ең өзекті және жүйелі бұзушылықтар қаралды.