Жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және сәулет және қала құрылысы саласындағы активтерді басқару тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары
2021 жылғы 1 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары аудит объектілерінің Нұр-Сұлтан қаласы аумағында сәулет, қала құрылысы қызметі, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған белгілі бір жұмысты жүргізетінін айғақтайды.
Сонымен қатар, басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігіне әсер ететін іс-шараларға жүргізілген талдау мемлекеттік органның, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымы «Астанагорархитектура» ЖШС жұмысында бірқатар олқылықтар мен кемшіліктер бар екенін көрсетті. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Астанагорархитектура» ЖШС-не мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функциялардың бір бөлігін, ал жекелеген жағдайларда толық көлемде заңсыз берді.
Қызметтер бойынша шығындарды жоспарлау үшін бюджет қаражатын жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын анықтау жөніндегі мемлекеттік норматив негізсіз қолданылған. Осыған байланысты бюджет қаражатын артық жұмсау қаупі бар.
Басқарманың салық органдарымен сапалы өзара іс-қимылы жоқ. Сондай-ақ, аудит Басқарма қызметкерлерінің жер учаскелерін өтеулі пайдалану жөніндегі шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бөлігінде лауазымдық міндеттері мен қызметтерін тиісінше орындамауы анықталды. Бұл ретте шартты бұзу туралы хабарламалардың болмауы жер учаскесін одан әрі заңсыз пайдалану тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.
Аудит барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды, осылайша тікелей жасасу жолымен бір көзден шартты қасақана жасасу мақсатында өзара байланысты жұмыстар кешені негізсіз лоттарға бөлінген, шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны және тұрақсыздық айыбын өндіріп алғаны үшін өнім берушілерге шаралар қолданбау жағдайы орын алып отыр. Көрсетілген фактілер бойынша аудит материалдары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді, 6 әкімшілік іс қозғалды және кінәлі тұлғалар бюджет кірісіне 962,6 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл төледі.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы
377 362,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: мемлекеттік сатып алу шартына өзгерістер енгізу арқылы қалпына келтіруге 369 883,3 мың теңге; өтелуге тиіс – 7 479,4 мың теңге (аудит барысында бюджет кірісіне сома толық көлемде өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға – 2 473 306,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға – 1 144 151,7 мың теңге. жалпы сомасы 114 397,9 мың теңгеге ықтимал шығындар мен қолдан шығарылған пайда анықталды, оның ішінде: бюджет түсімдері бойынша – 90 126,3 мың теңге, бюджет шығыстары бойынша –
24 271,6 мың теңге, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде рәсімдік сипаттағы 58 бұзушылық және жүйелі сипаттағы 37 кемшілік анықталды.
Бұдан басқа, жергілікті бюджетке салық түсімдерінің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету мәселесі бойынша жалпы сомасы 1 564 937,4 мың теңгеге жергілікті бюджеттің жанама жоғалту фактілері анықталды.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында тексеру комиссиясы тарапынан әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.