2021 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Тексеру комиссиясы отырысында Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.
Аудит қорытындысы бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту кезінде Басқарма тарапынан түрлі кезеңдерге арналған жұмыс жоспарларының болмауы, ережелердің қайталануы және лауазымдық нұсқаулықтардың сәйкес келмеуі жөніндегі бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алғаны атап өтілді.
Бюджеттік бағдарламалардың тікелей көрсеткіштерін жоспарлау кезіндегі формальдық тәсіл, жоспарлы кезеңге арналған тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің, жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің болмауы, сондай-ақ Басқарма тарапынан төмен бақылау бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепте деректердің бұрмалануына жол берілген.
Бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептерге ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етілмеуінен туындаған бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сапасының төмендігі (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің баға белгіленуін растайтын құжаттардың болмауы) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеліп соқтырған.
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды, мысалы, компьютерлік техниканы қолдау бойынша еңбек ресурстары бола тұра, компьютерлік жабдықты қолдау үшін көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығындар негізсіз жоспарланған. Бұдан басқа, жаңарту мақсатына сай келмейтін 14 моралдық тұрғысынан ескірген ақпараттық жүйені пайдаланып, мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдалану фактілеріне жол берген.
Сондай-ақ, Басқарма тарапынан бөгде ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындауына төмен бақылау байқалып отыр. Мысалы, «Астана Innovations» АҚ-мен жасалған Нұр-Сұлтан қаласында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау қызметтерін көрсетуге арналған шарт бойынша көрсетілген қызметтер техникалық сипаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді (мәлімделген стартап жобаларды растау жоқ), бұл 46 540,1 мың теңге сомасында көрсетілген қызметтер дұрыстығын растаусыз бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына алып келген.
Бұдан басқа, «Астана Innovations» АҚ-мен жасалатын жекелеген шарттар бойынша көрсетілетін қызметтерге тиісті баға беруге мүмкіндік бермейтін және Басқарма шеккен шығындардың ашықтығына әсер ететін қызметтерді көрсету шеңберіндегі шығындар бойынша калькуляциялар жоқ.
Аудитпен жалпы сомасы 6 555,2 мың теңге растайтын құжаттарсыз бір ерекшелігі үшін біржолғы сыйақы түрінде Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу және жалпы сомасы 291 717,7 мың теңге бухгалтерлік баланс деректерін бұрмалауға әкеп соққан активтерді негізсіз көтеру фактілері анықталды.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту сияқты «Сергек» жобасын енгізудің жағымды жақтарымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) әріптестері арасындағы қатынастарды реттеуді де, МЖӘ объектісін жабдықтауды да қозғайтын проблемалық мәселелер бар. Мем аудит МЖӘ шартының талаптарында операциялық шығындарды төлеудің қандай түрлері бойынша нақты талаптарының жоқтығы атап өтіледі, бұл басқару шығындарының ашықтығына әсер етіп, бұл ретте МЖӘ шартына мезгіл-мезгіл жасалатын қосымша келісімдерде бұл кемшіліктерді жоймайды.
МЖӘ объектісінің техникалық немесе пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің бұзылуының сәйкестік актілерінде анықталған және тіркелген бұзушылықтарға қарамастан, Басқарма және алдыңғы мемлекеттік әріптес 528 479,5 мың теңге мөлшерінде (2018-2020 жылдар үшін) ұсталуға жататын сомаларды шегерместен, жеке әріптеске толық көлемде өтемақы төлемдерін жүргізген.
Аудит жүргізу барысында саны бойынша көлемді болып табылатын «Сергек» жүйесінен құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен деректерді өңдеуді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының үш қызметкері ғана жүргізетіні, бұл ретте әкімшілік хаттаманы жасау туралы шешім қабылдауды аттестатталған қызметкерлер дербес қабылдайды, бұл сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдерді туындатуы мүмкін. Осылайша, осы қызметкерлердің қабылданған шешімдері негізінде тек 2020 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қысқартылған өндіріс бойынша төленген айыппұлдарды есепке алғанда 6 395 166,7 мың теңге түсті.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолданудың нормативтік құжаттарына жүргізілген талдау көтермелеуді қолданудың үлгілік Тәртібінің (қағидаларының) болмауына байланысты олардың әртүрлі қолданылуы Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша толықтыруды талап ететін құқықтық реттеудегі кемшіліктер мен олқылықтар болып табылатынын көрсетті.
Жалпы мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жалпы сомасы 873 292,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 581 574,8 мың теңге өтелуге тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 80 723,3 мың теңге өтелді, 500 851,5 мың теңге өтелуі керек), 291 717,7 мың теңге қалпына келтірілуге тиіс (аудит барысында 291 717,7 мың теңге қалпына келтірілді), бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 207 108,7 мың теңгені құрады, 24 рәсімдік бұзушылық және 10 кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар, Басқарманың лауазымды тұлғаларымен әкімшілік құқық бұзушылықтың 3 фактісі бойынша қысқартылған өндіріс тәртібімен бюджетке 511,3 мың теңге мөлшерінде сома төленді.
Құқық қорғау органдарына іс жүргізу шараларын қабылдау үшін бұзушылық белгілері бар 3 фактісі жіберілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданды, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.