Мәдениет және спорт саласында экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары
2020 жылғы 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында Мәдениет және спорт саласындағы экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды.
Жүргізілген аудит қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет, Дене шынықтыру және спорт басқармалары Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 9 инфрақұрылымдық жобаны іске асыратыны, оның ішінде 3-еуі күрделі жөндеуге, 6-ы ағымдағы жөндеуге қатысты екені белгіленді.
Техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуіне байланысты «Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионды күрделі жөндеу» инфрақұрылымдық жобасы іске асырылмаған.
Сонымен қатар, аталған жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қайта құру қарастырылған. Осылайша, мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті органның ұтымсыз басқарушылық шешімдері 2020 жылғы сәуір-тамыз аралығында 1 230 324,6 мың теңге сомаға бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына және 308 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша 154 орын құрылмауына алып келді.
Іріктеу кезінде ең көп еңбекті қажет ететін технологияларды талап ететін, ең көп жұмыс орындарын құратын және жұмыс ұзақтығы мен жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар саны бойынша барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларға басымдық берілетін Жұмыспен қамту жол картасын іске асырудың негізгі шарттары сақталмайды. Осылайша, «Үрлемелі футбол алаңының ауатіректік құрылысын ағымдағы жөндеу және монтаждау» жобасы бойынша жабдықтар мен материалдардың үлесі сметалық құнының 90%-ын құрайды.
Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасының жоспарлау тиімсіздігі ведомстволық бағынышты 11 кәсіпорынның қызметін қамтамасыз етуге жалпы сомасы 435 714,7 мың теңге шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджеттің шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен қаражаттың шамадан тыс бөлінуіне алып келді.
Сондай-ақ, аудит Жұмыспен қамту жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде мердігер ұйымдардың елеулі уақытша жұмыс орындарын құруды іске асыруға немқұрайлы қарау фактілерін атап өтті. Осылайша, құрылыс алаңдарында халықты жұмыспен қамту орталығы мәлімдеген қызметкерлер санының болуы расталмаған. Одан басқа, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың 90%-дан кем емес үлесі қамтамасыз етілмеген, бұл осы бағытта Жұмыспен қамтудың жол картасымен көзделген шарттарға қол жеткізілмегенін куәландырады.
Жалпы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша барлығы 506 493,5 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 69 279,3 мың теңге өтелуі тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 65 211,6 мың теңге өтелді, 4 067,7 мың теңге өтелуі тиіс), 437 214,2 мың теңге қалпына келтірілуі тиіс (аудит барысында 1 499,5 мың теңге қалпына келтірілді, 435 714,7 мың теңге қалпына келтірілуі тиіс), тиімсіз жоспарлау (негізсіз жоспарлау) 64 639,0 мың теңгені, тиімсіз пайдалану 1 230 325,0 мың теңгені құрады, 36 рәсімдік бұзушылық және 7 кемшілік анықталды.
3 факті бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша Қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.