2020 жылғы 20 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бюджет қаражатының жоспарлану, пайдаланылу және мемлекеттік кәсіпорындары активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бюджет қаражатының жоспарлану, пайдаланылу және мемлекеттік кәсіпорындары активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларын қарастырып, жалпы аталған қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында» (бұдан әрі – «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы), Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасында және тиісті бюджеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтиженің барлық көзделген көрсеткіштеріне қол жеткізді.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының «Денсаулық сақтаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету және салауатты, спорттық өмір салтын насихаттау» мақсаттарының жекелеген индикаторларына қол жеткізілмегенін атап өтеміз.
Сонымен қатар, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың индикаторлары мен көрсеткіштері арасында теңгерімділік жоқ. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру бұзушылықтармен жүзеге асырылған.
Бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру кезінде бұзушылықтарға жол берілген және кемшіліктер орын алған.
Осылайша, шарттар қайта енгізілген денсаулық сақтау объектілерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен комиссияның тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) көлемін айқындауынсыз және Басқарманың ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған тарифтерді бекітпестен жасалған.
Бюджет заңнамасын бұза отырып, Басқармамен «Орталық жол ауруханасы» ЖШС-нің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты жалпы сомасы 1 108 207,9 мың теңгеге (2018 жылы – 650 203,9 мың теңге, 2019 жылдың 9 айында – 458 004,0 мың теңге) күрделі шығыстар жүзеге асырылған, алайда тек мемлекеттік кәсіпорындардың ғана материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған күрделі шығыстарды жүргізуге рұқсат етілген.
Аудитпен сонымен қатар әскерге шақырылушыларға (тіркелушілерге) ТМККК қызметін көрсету шеңберінде іс-шараларды өткізуге жыл сайын бөлінетін қаражат әскерге шақырылушылардың (тіркелушілердің) әскерде қызмет ету үшін медициналық комиссиядан өтуі бойынша нақты шығындарды толық өтемейтіні атап өтілді. Бұл ретте, 1 әскерге шақырылушыға (тіркелушіге) көрсетілетін қызметтер санын есептеу тетігі жоқ, атап айтқанда бейінді дәрігерлерде кеңес санын есептеудің ашықтығы қамтамасыз етілмеген (қандай жағдайларда міндетті қарап-тексерулер, ал қандай жағдайларда қосымша зерттеп-қараулар).
Қоғамдық денсаулық сақтаудың ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары бұзушылықтар және кемшіліктермен жүзеге асырылған.
Осылайша, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, Басқармамен 2017-2019 жылдардағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін сипаттайтын мақсаттар мен міндеттер, негізгі көрсеткіштер ведомстволық бағынысты ұйымдарға жеткізілмеген. Басқармамен әкімшілік шығыстар лимиттерін жеткізу де расталмаған.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқару жөніндегі уәкілетті органның функцияларын талдау жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтады. Бақылау кеңестерінің өкілеттіктерін кеңейту және «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көзделген алқалы атқарушы органдарды (басқарма) енгізу жолымен денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі заманғы менеджментті дамыту тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған.
Одан басқа, бақылау кеңестерінің өкілеттіктерін кеңейту және 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көзделген алқалы атқарушы органдарды (басқарма) енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі заманғы менеджментті дамыту тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған, бұл ретте, мемлекеттік мүлік туралы Заңның бірқатар бұзушылықтарына жол берілген, оның ішінде:
- Басқарма 2017-2018 жылдары бақылау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүргізбеген;
- кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымы бақылау кеңесімен бекітілмеген;
- Бақылау кеңесінің отырысында көзделген өкілеттіктер толығымен іске асырылмаған;
- Басқарма шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жекелеген бақылау кеңестерінің өкілеттік мерзімін белгілемеген;
- Бақылау кеңестері хатшы туралы Ережені әзірлемеген;
- Бақылау кеңестерінің отырыстары тоқсан ішінде бір реттен кем өткізілген;
- Бақылау кеңестерінің 2017 және 2018 жылдардың қорытындылары бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қарамағында қалған таза табыстың бөлігін бөлу туралы шешімдері қабылданбаған;
- Бақылау кеңестерінің отырыстарына ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне еңбекақы төлемі мен сыйлықақы беру мөлшері мен шарттарын айқындау мәселелері шығарылмаған.
Амбулаториялық-емханалық көмекті (алғашқы медициналық-санитариялық көмек, бұдан әрі – МСАК) талдау:
- медициналық сақтандыру жүйесі мен МСАК ұйымын және жалпы практика дәрігерін еркін таңдау жүйесін енгізуіне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген халық үлесінің төмендеу үрдісі байқалатынын (2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 86,6%-дан 83,2%-ға дейін төмендеді);
- жекелеген МСАК ұйымдарында тар шеңберде мамандырылған мамандардың тапшылығы бар екенін көрсетті.
Халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті талдау төсек қорының тапшылығы бар екенін көрсетті, оның нәтижесінде емдеуге жатқызу «қосалқы» деп атауға болатын қосымша төсектер (палаталар) арқылы жүзеге асырылған. Бұл ретте, жылдан жылға стационарлық көмектің төсек-орындарын кеңейту қажеттілігі өсіп келеді. Көрсетілген факт стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін елорда ұйымдарының желісін одан әрі дамытуды жоспарлау кезінде ескерілуі қажет.
Нұр-Сұлтан қаласы медициналық ұйымдарының кадрлық құрамын талдау Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер (ОМҚ) саны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетінін және Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғары болып табылатынын көрсетті.
Сонымен қатар, жұмыспен қамтылған бірліктер бойынша жинақталу пайызы төмендеген, ол дәрігерлер бойынша 2017 жылы 91,57% бола тұрып, 2018 жылы 87,9%-ды, сәйкесінше ОМҚ бойынша 87,17 және 90,01 құрады. Жеке тұлғалар бойынша жинақталу пайызы одан да төмен, осылайша ол 2018 жылы дәрігерлер бойынша 58,5-ті, бұл өткен кезеңнен 7,6%-ға төмен, ОМҚ бойынша 65,2-ні (5,41%-ға төмен) құрады.
Стационарлық көмекті іске асыратын жекелеген медициналық ұйымдарда дәрігерлік персонал қоса атқаратын жұмыстың жоғары коэффициенті байқалады. Мәселен, дәрігерлердің қоса атқаратын жұмыс коэффициенті Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2018 жылы 1,84-ке (2017 жылы – 1,78), №3 Перинаталдық орталықта – 2,45-ке (2017 жылы - 1,77), Психикалық денсаулық медициналық орталығында – 2,03-ге (2017 жылы – 1,79) дейін жеткен.
Дәрігерлік персоналдың қоса атқаратын жұмыстың жоғары коэффициенті дәрігерлердің шамадан тыс жүктелуін көрсетеді және оның салдары жұмыс сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Бұл ретте, қазіргі уақытта дәрігерге, мейірбикеге және санитарларға түсетін жүктемелерді анықтаудың ресми түрде бекітілген нормативтері жоқ, ал оған дейін тиісті нормативтер бекітілген болатын.
Медицина қызметкерлерінің жүктелуіне кадрлардың тұрақтамауы айтарлықтай әсер етеді, бұл ретте, осы көрсеткіш өскен (2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны өскен, оның ішінде жұмыстан босатылған дәрігерлер 60%-ға, ОМҚ 42,2%-ға өсті. Осылайша, дәрігерлік персоналдың тұрақтамауы 5,5%-дан 8,3%-ға дейін, ОМҚ 6,6%-дан 9,2%-ға дейін өсті).
Бұл фактілер мемлекеттік кәсіпорындардың бақылау кеңестерімен басқарылуға көшуі қазіргі уақытқа дейін медициналық ұйымдардың дербестігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелер бермегенін куәландырады.
Сондай-ақ, аудит мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы бұзудың әртүрлі фактілері, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері анықталды.
Жалпы аудит нәтижелері бойынша 1 512 376,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 3 108,5 мың теңгесі өтелуі тиіс (аудит барысында 2 766,8 мың теңгесі өтелді) және 1 509 268,2 мың теңгесі қалпына келтіруі тиіс (аудит барысында 328 759,2 мың теңге қалпына келтірілді), 17 436,3 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 1 736 974,6 мың теңгеге бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 317 рәсімдік бұзушылық және 53 кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданды және тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша аудит материалдары Нұр-Сұлтан қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасына жолданды.