Негізгі көрсеткіштер

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2015 жылғы қорытындылары шығарылды

2015 жылға бекітілген жұмыс жоспарының аясында, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен инвестициялық жобаларды және елорданың әлеуметтік саласын қолдау, бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының тиімділігін пайдаланылуын бағалаумен байланысты ауқымды және көлемді жұмыстар атқарылды.

2015 жыл ішінде 32 бақылау іс-шарасы жүргізілді, бұл 2014 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары, оның ішінде 20 іс-шара тиімділікті бағалау бойынша (62,5%), 12 іс-шара қаржылық есептілік және сәйкестілікті бағалау бойынша(37,5%).

Бюджеттік қаражатты бақылаумен қамтылған соманың жалпы көлемі 235,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 64%-ға жоғары. Бақылаумен қамтылған соманың жалпы көлемінің ішінен (29,1%) республикалық бюджет қаражатына жататын қаражаттың сомасы 68,7 млрд теңге.

Бюджеттік қаражаттың бақылаумен қамтылған көлемі, есепті жыл қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 105,5 млрд теңге немесе 44,7%, оның ішінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті құрастыруда жіберілген бұзушылықтар 57,6%, 42,1% бұзушылықтар бюджеттік қаражаттарды пайдалануда жіберілген, 0,3% бұзушылық мемлекет активтерін пайдаланғанда жіберілген.

2014 жылмен салыстырғанда анықталған бұзушылықтар көлемі көрсеткіштері 3,7 есеге немесе 77,1 млрд теңгеге ұлғайды. Анықталған бұзушылықтар бюджеттік қаражат алушылары болып табылатын мемлекеттік органдарға да, сонымен бірге бақылау обьектілеріне де тән.

Бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтар көлемінің сомасы 62,1 млрд. теңгені құрады, бұл барлық бұзушылықтардың 58,9%-ын құрады, оның ішінде 61,4 млрд теңге немесе 98,4% бұзушылықтар қалпына келтірілген немесе бюджетке өтелген.

Бақылау-талдау іс-шараларының қорытындылары бақылау объектілері қызметінде кейбір жүйелік кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.

Бюджетті іске асыру деңгейі бойынша негізгі бұзушылықтар байқалады, яғни даму бюджетін іске асыру кезінде бұл:

— келісімшарттарының мерзімі өтіп кеткен жобалардың құрылысы аяқталмаған объектілердің есебінде болуы;

— қаражатты бірнеше рет қайта бөлу;

— шешімдерді қабылдағанда әрекеттерді өзара келіспеу;

— тұрғызылған объектілерді дер кезінде коммуналдық меншікке тапсырмау;

— Авторлық және техникалық қадағалаусыз жұмыстарды жүргізу;

— Жобалық-сметалық құжаттаманы түзетпей жобаларды іске асыру;

— мердігерлерге тапсырыс берушілердің тиісінше бақылау жасамауы;

Сонымен бірге ағымдық бюджетті іске асыруда төменде көрсетілгендер анықталды:

— кәсіпорынның қызметі бекітілген даму жоспарларымен сәйкес келмейді;

— қаражаттарды есептеудің төмен деңгейі;

— мемлекеттік мүлік саласы бойынша заңнаманы бұзу;

— кадрлардың тұрақтамауының жоғары үлесі;

Осы және басқа да анықталған бұзушылықтар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын тұлғалардың санының артуына алып келді, 2015 жылы — 118 лауазымды тұлға, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны сол өзгеріссіз күйінде қалды — 31 адам. (2014 жылы — 35), олармен бюджетке 6,5 млн теңге айыппұл төленді.

Өз кезегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар және өзекті мәселелер бойынша барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға 327 тапсырма және ұсынымдар жолданды.

Бүгінгі күнде Тексеру комиссиясы қаулыларының 2015 жыл бойынша орындалу пайызы 64,8%-ды құрады.

Осы жылы Тексеру комиссиясымен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану және қаржылық тәртіпті нығайту түсуге байланысты жұмыстар одан әрі өз жалғасын табады.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылдың 4 тоқсандағы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2015 жылдың
4 тоқсаны
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 98 225,9
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 98 184,1
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 0
  басқа ұйымдар млн. теңге 41,8
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 31
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 20
  квазимемлекеттік секторда бірлік 3
  басқа бақылау объектері бірлік 8
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 62 024,4
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 47 657,3
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 47 636,1
  Қалпына келтіруге қатынасы % 100,0
  қалдық млн. теңге 21,2
5 Орнын толтыруға жататын млн. теңге 962,1
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн. теңге 639,2
  Қалпына келтіруге қатынасы % 66,4
  қалдық млн. теңге 322,9
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 19
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 4
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 46
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 7
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 4
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 4
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 38
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 13
  тәртіптік бірлік 25

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылдың 12 айы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2015 жылдың
12 айы
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 235 908,6
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 189 802,1
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 46 064,6
  басқа ұйымдар млн. теңге 41,8
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 91
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 47
  квазимемлекеттік секторда бірлік 36
  басқа бақылау объектері бірлік 8
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 105 467,6
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 61 082,6
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 60 777
  Қалпына келтіруге қатынасы % 99,5
  қалдық млн. теңге 305,6
5 Орнын толтыруға жататын млн. теңге 1 064,1
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн. теңге 671,2
  Қалпына келтіруге қатынасы % 63,1
  қалдық млн. теңге 392,9
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 80
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 38
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 247
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 177
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 16
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 10
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 6
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 149
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 31
  тәртіптік бірлік 118

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылғы 9 айдағы қызметінің қысқаша қорытындысы.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2015 жылғы 9 айда барлығы 25 бақылау іс-шарасын жүргізді, бақылаумен қамтылған қаражаттың жиынтық көлемі 137,7 млрд. теңгені құрады, анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі - 43,4 млрд теңге.

Сонымен бірге, бақылаумен қамтылған қаражат көлеміне байланысты бұзушылықтарды анықтау үлесі 2014 жыл мен осы кезеңді салыстырғанда 6,2%-дан 31,7%-ға өсті.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 65,1%-ын бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар, 8,7%-ын мемлекеттік сатып алу өткізу, 26,2%-ын мемлекет активтерін пайдалану құрайды.

Қалпына келтіруге жататын анықталған бұзушылықтардың 13,5 млрд. теңгесі ішінен 13,2 млрд. теңге өтелген немесе 97%-дан астамы.

Өткізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бағытталған.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары кейбір мемлекеттік органдарда тиісінше қаржылық тәртіптің жоқ екендігін, ал олардың ведомстволық ұйымдарында бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізуде жүйелі бұзушылықтардың бар екендігін көрсетті.

Есепті кезеңде бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша 12 материал Астана қаласының Прокуратурасына және Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданды.

Әкімшілік жаза тартқызу үшін 24 бақылау материалдары Қаржылық бақылау инспекциясына жолданды, оның ішінде 17 материал бойынша жаза қолданылды, 4 материал бойынша бас тарту келді, ал қалған 3 материал қарастырылуда.

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына 3 бақылау материалы жолданды, оның біреуі қарастырылуда және екеуі бойынша әкімшілік сипатта шаралар қабылдау мүмкін болмай отыр.

Заңнама нормаларының бұзылуына жол берген 111 лауазымдық тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп.

Өз кезегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен мүдделі ұйымдар мен ведомстваларға барлық өзекті мәселелер мен анықталған бұзушылықтар бойынша 262 тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылдың 9 айы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2015 жылдың
9 айы
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 137682,7
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 91618,0
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 46064,6
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 60
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 27
  квазимемлекеттік секторда бірлік 33
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 43443,4
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 13425,3
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 13167,4
  Қалпына келтіруге қатынасы % 98,1
  қалдық млн. теңге 257,8
5 Орнын толтыруға жататын млн. теңге 104,3
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн. теңге 20,6
  Қалпына келтіруге қатынасы % 19,7
  қалдық млн. теңге 83,8
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 61
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 33
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 201
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 142
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 12
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 10
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 2
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 111
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 18
  тәртіптік бірлік 93

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылғы бірінші жартыжылдық қызметінің қысқаша қорытындысы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта барлығы 19 бақылау іс-шарасын жүргізді, бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 121,4 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 6,7% қаражат Астана қаласын дамыту мақсатына бағытталған қаражаттарға (5,5 млрд. теңге) жатады.

Бұл ретте, анықталған қаржылық бұзушылықтардың және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың көлемі 39,3 млрд. теңгені құрады, мұнан басқа 2,1 млрд. теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

Өткізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бағытталған.

Бақылау-талдамалық іс-шаралардың қорытындылары бақылау объектілерінің қызметінде жекелеген жүйелі кемшіліктердің барын көрсетті.

Сонымен, Астана қаласында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жетекшілік ететін салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жүйелі түрде жоспарлау тиісінше деңгейде жүзеге асырылмайды.

Бюджет қаражаты көптеген обьектілерде ысырап болған, ағымдық қаржылық жылда жекелей жобаларды іске асыру тоқтатылып, инвестициялық жобалардың тізіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, әкімшінің шешімімен бюджет қаражаты қайта бөлініп отырылған.

Нәтижесінде елорданың үш жылдық бюджетінде бекітілген басым бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қабылданған шешімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірізділік принципі қамтамасыз етілмеген.

Жергілікті атқарушы органның резерв қаражатын пайдаланудың қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкестігін бақылауда анықталғаны жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген қаражатты пайдалануда қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын бұзушылықтар орын алған.

2013 жылы 58,9 млрд. теңгеге, 2014 жылы 46,3 млрд. теңгеге дейін дебиторлық берешектің төмендеуі бойынша жақсы үрдіс байқалады.

Сонымен бірге, елдегі жалпы экономикалық жағдайды есепке алғанда 2014 жылы кредиторлық берешек сомасы 2013 жылмен салыстырғанда 4,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 6,9 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартылдығында Тексеру комиссиясымен елорда әкімдігінің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Сонымен, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған, Астана қаласында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламалары бойынша іс-шараларының орындалуының аралық қорытындылары қарастырылды.

Елордада жоғарыда жазылған салалық бағдарламаларды іске асырудағы басты мәселеге түрлі мемлекеттік органдардың іс-қимылында үйлесімділіктің болмауы, соңғы нәтижелердің көрсеткіштерінің жоқ болуы, жауапты орындаушыларға арналған орындалу мерзімдерінің, ал кейбір жағдайларда жоспарланған іс-шараларға қаржыландыру көлемінің болмауы жатады.

Нұсқалғандар жүзеге асырудың тиісінше мониторингінің жоқтығына іс-шаралар жоспарын тұтастай алғанда, және сонымен бірге жоспарланған іс-шараларды орындамауға немесе толықтай орындамауға алып келеді.

Өз кезегінде кейбір мемлекеттік органдарға олардың құзіреттілігіне жатпайтын іс-шаралар бекітілген. Көптеген іс-шаралар бойынша іске асыру механизмдері мүлдем жоқ немесе тыңғылықты емес.

Мұнан өзге, ағымдағы жылда Тексеру комиссиясымен елорда әкімдігінің бірқатар құрылымдық бөлімшелері және оларға ведомствалық бағынысты ұйымдарға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары кейбір мемлекеттік органдар мен оларға ведомствалық бағынысты ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізуде жүйелі бұзушылықтардың бар екендігін көрсетті.

Меншіктің барлық түрлері бойынша ведомствалық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын бекіткенде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жоспарланған және қол жеткізілген көрсеткіштерге бақылау жоқ, сонымен бірге алдыңғы жылдардың көрсеткіштері есепке алынбайды.

Нәтижесінде теріс қаржылық көрсеткіштерде, пайда алудың нақты көздерін есепке алмағанда, даму жоспарларында жыл сайын квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығындық бағыт ұлғаяды, бұл Бюджет кодексінде белгіленген мемлекет активтерін пайдаланудың негізділік және тиімділік принциптерінің бұзылуына әкеледі.

Бүгінгі күнде бақылау объектілерімен жазылған соманың бюджетке қалпына келтірілгені/өтелгені 13 млрд. теңгеден артық.

Заңнама нормаларының бұзылуына жол берген 76 лауазымдық тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен мүдделі ұйымдар мен ведомстваларға барлық өзекті мәселелер мен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылдың 1 жартыжылдықтағы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2015 жылдың
1 жартыжылдығы
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 121 409,2
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 84 055,6
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 37 353,6
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 38
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 24
  квазимемлекеттік секторда бірлік 14
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 39 344,8
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 13 383,6
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 13 021,5
  Қалпына келтіруге қатынасы % 97,3
  қалдық млн. теңге 362,1
5 Орнын толтыруға жататын млн. теңге 56,5
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн. теңге 7,0
  Қалпына келтіруге қатынасы % 12,4
  қалдық млн. теңге 49,5
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 38
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 11
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 151
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 54
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 10
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 10
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 76
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 10
  тәртіптік бірлік 66

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылдың 2 тоқсандағы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2015 жылдың
2 тоқсаны
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 65 029,9
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 28 527,2
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 36 502,7
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 24
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 13
  квазимемлекеттік секторда бірлік 11
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 37 311,7
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 11 412,9
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 11 069,0
  Қалпына келтіруге қатынасы % 97,0
  қалдық млн. теңге 343,9
5 Орнын толтыруға жататын млн. теңге 36,2
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн. теңге 1,6
  Қалпына келтіруге қатынасы % 4,4
  қалдық млн. теңге 34,6
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 21
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 7
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 100
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 30
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 7
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 7
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 44
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 9
  тәртіптік бірлік 35

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылдың 1 тоқсандағы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері

№ р/н Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2015 жылдың 
1 тоқсаны
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн.тенге 56 379,3
  мемлекеттік органдарда млн.тенге 55 528,5
  квазимемлекеттік секторда млн.тенге 850,8
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 14
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 11
  квазимемлекеттік секторда бірлік 3
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн.тенге 2 033,1
4 Қалпына келтіруге жататын млн.тенге 1 970,7
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн.тенге 1 399,1
  Қалпына келтіруге қатынасы % 71,0
  қалдық млн.тенге 571,6
5 Өтеуге жататын млн.тенге 20,3
  Бақылау объектілерімен өтелген қаражат млн.тенге 0,2
  Өтеуге жататынға қатынасы % 1,0
  қалдық млн.тенге 20,1
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 17
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 1
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 51
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 6
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 3
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 3
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 0
  қозғалған қылмыстық істер бірлік 0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар бірлік 0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) бірлік 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 32
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 1
  тәртіптік бірлік 31