Негізгі көрсеткіштер

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы қызметіне қорытынды жасалды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына жолдауында бюджет шығындарының тиімділігін арттырудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтеді.

Осылайша, Елбасымен қойылған міндеттерді шешу шеңберінде 2016 жылы  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер күшіне енді.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың уәкілетті органы ретіндегі тексеру комиссиялары қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып белгіленген.

Өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2016 жылы 98 объектінің қамтыған 13 аудиторлық іс-шара жүргізді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 133,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты - 80,0 млрд. теңге (60%) және жергілікті бюджет қаражаты - 53,3 млрд. теңге (40%).

Есептік жылдың қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 32,4 млрд. теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 24,4%-ын құрады. 2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда қаржылық бұзушылықтар көлемінің қысқаруы (73,1 млрд. теңгеге немесе 69,2%-ға) бұзушылықтарды сыныптауда және есепке алуда жаңа әдістемені қолданумен байланысты.

Осылайша, әдістемені өзгерту нәтижесінде 2016 жыл қорытындылары бойынша рәсімдік бұзушылықтар көлемі 141,4 млрд. теңгені құрады, бұл 105,0 млрд.теңгеге немесе 2015 жылдың ұқсас көрсеткішінен 4 есе артық (36,4 млрд.теңге).

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру, коммуналдық мүлікті пайдалану және т.б. тиесілі.

Сонымен бірге, Тексеру комиссиясының қызметі бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, бірінші кезекте, жүйелі кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді анықтауға, сондай-ақ оларды шешу жолдарын белгілеуге бағытталған.  

Есептік кезеңде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық проблемалық мәселелер мен бұзушылықтар бойынша мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға 146 ұсыным және 190 тапсырма берілді, оның ішінде 2016 жылы орындау мерзімі туындағаны – сәйкесінше 125 және 137.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудит объектілері 125 ұсынымды немесе 100%-ға және 92 тапсырманы немесе 67,2%-ға орындаған, бұл бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және аудит объектілерінің барлық қажетті іс-шараларды қабылдағанын айғақтайды.

Осылайша, мемлекеттік аудит объектілері жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жазаға 82 лауазымды тұлғаны тартқан.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен соттарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 81 материал жолданды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жолданған материалдарды қарастыру нәтижесінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 48 тұлға (2015 жылы - 31 тұлға) жалпы сомасы 9,2 млн. теңгеге (2015 жылы - 6,5 млн. теңге), оның ішінде 46 лауазымды тұлға 5,3 млн. теңге сомасына және 2 заңды тұлға 3,9 млн. теңге сомасына тартылды.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 9 материал жолданды, оның 8-і бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, 1-еуі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.  

Үстіміздегі жылы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тікелей және соңғы нәтижелері көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау және бағалау жұмыстарын жалғастыратын болады.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі  2016 жылдың
9 айы
1 2 3 4
1 Аудитпен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 133312,8
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 110238,2
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 23074,6
2 Аудит объектілерінің саны бірлік 98
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 45
  квазимемлекеттік секторда бірлік 46
  басқа аудит объектілері бірлік 7
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 32433,9
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 27626,6
  Аудит объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 8562,9
  Қалпына келтіруге қатынасы % 31,0
  қалдық млн. теңге 19063,7
5 Өтеуге жататын млн. теңге 359,8
  Аудит объектілерімен өтелген қаражат млн. теңге 120,2
  өтелуге қатынасы % 33,4
  қалдық млн. теңге 239,6
6 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны бірлік 146
  орындалған ұсыныстар саны бірлік 125
7 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны бірлік 190
  орындалған тапсырмалар саны бірлік 92
8 Құқық қорғау органдарына процессуалдық шаралар қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 9
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 8
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 1
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 130
  әкімшілік бірлік 48
  тәртіптік бірлік 82

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы 9 айдағы қызметінің негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі  2016 жылдың
9 айы
1 2 3 4
1 Аудитпен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 38446,7
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 15372,1
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 23074,6
2 Аудит объектілерінің саны бірлік 67
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 36
  квазимемлекеттік секторда бірлік 31
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 23135,8
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 18406,7
  Аудит объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 7678,0
  Қалпына келтіруге қатынасы % 41,7
  қалдық млн. теңге 10728,7
5 Өтеуге жататын млн. теңге 316,1
  Аудит объектілерімен өтелген қаражат млн. теңге 44,6
  өтелуге қатынасы % 14,1
  қалдық млн. теңге 271,5
6 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны бірлік 122
  орындалған ұсыныстар саны бірлік 110
7 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны бірлік 123
  орындалған тапсырмалар саны бірлік 76
8 Құқық қорғау органдарына процессуалдық шаралар қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 6
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 5
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 1
  қозғалған қылмыстық істер бірлік 0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар бірлік 0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) бірлік 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 92
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 25
  тәртіптік бірлік 67

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қысқаша қорытындысы

2016 жылға арналып бекітілген Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 59 аудит объектісінде 9 аудиторлық іс-шара өткізді, қамтылған бюджеттік қаражаттар көлемінің жалпы сомасы 34,9 млрд. теңгені құрады.

Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемі 22,1 млрд. теңгені немесе аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен 63,3%-ды құрайды, оның ішінде бұзушылықтардың 80,1%-ы бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік қалыптастыру кезінде жіберілген және бұзушылықтардың 19,5%-ы бюджет қаражатын пайдалану кезінде орын алған.

Мұнымен қоса, аудит объектілері жалпы сомасы 8,1 млрд. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелерінде қалпына келтіруге жататын сома 17,5 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 7,3 млрд. тенге (42%) қалпына келтірілді, бюджетке өтеуге жататыны — 241,3 млн. теңге, өтелгені 42,2 млн. теңге (17,5%).

Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары аудит объектілерінің қызметінде жекелеген жүйелік кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.

Осылайша, жергілікті бюджетке түсімдердің толымдығы мен уақтылылығын, бюджетке кірістердің алынуын, сондай-ақ жергілікті бюджетке қате (артық) төленген сомаларды қайтару, есепке алу дұрыстығын бағалау аудитінің және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша, жергілікті бюджет кірісіне өтеуге жататын жалпы сомасы 116,5 млн. теңге салықтық түсімдер бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 27,9 млн. теңге мемлекеттік аудит барысында өтелді.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайын артуына қарамастан, алдыңғы жылдардағыдай салықтық түсімдер көлемін елорда бюджетінің пессимистік болжамы бойынша бекітіп, кейіннен оны іс жүзіндегі түсімдер бойынша түзету тәжірибесі сақталып келетіндігін атап өтеміз.

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігін бағалауда елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсімінің оң динамикасы байқалады, бұл елордалық тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз. Мысалы, елордалықтар арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде азаматтардың Астана қаласының негізгі тыныс-тіршілік салаларымен қанағаттану деңгейі тұтастай алғанда 74% құрайтыны анықталды.

Сонымен бірге, іс-шаралардың іс жүзінде орындалуын анықтау мүмкіндігі қарастырылмаған, себебі жоспарланған іс-шаралар анық тұжырымдаусыз және нақтыланбай көрсетіледі, сондай-ақ сандық өлшемдері жоқ. Бұл ретте жекелеген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің жоспарлық мәндері төмендетіледі, ал осы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында іс-шараларды қаржыландыру артады.

Сегіз бюджеттік бағдарлама әкімшісіне әкімшілік шығыстарға бөлінген жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану аудитін талдау нәтижесінде екі жыл ішінде (2015-2016 жылдары) мемлекеттік органдарды ұстауға 23,6 млрд. теңге бөлінгендігін көрсетті. Сонымен бірге, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер санының лимитін асыруға жол берілген.

Жарғылық капиталды қалыптастыруға және ұлғайтуға бөлінген жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалау, басқару органдарының жоспарланған ҚЭН инвестициялар көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейіне және қол жеткізбеу себептеріне талдау жүргізбейтіндігін көрсетті.

Астана қаласында ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу аудитінің қорытындылары бойынша жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалатындығы, алайда елордада өткізілетін негізгі әлеуметтік мәні бар және мәдени-имидждік шаралардың тізімі жылдан жылға өзгеріссіз қалатындығы анықталды.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тиімділігінің аудиті жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге жұмсалатын ресурстарды есепке ала отырып салыстырғанда, 2015 жылы елорда бюджетінің 38,3%-ы Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін инвестициялық даму жобаларынан тұрғандығын көрсетті.

Бұл ретте, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық жобалардың құнын асыра көрсету арқылы бюджет қаражаттарын негізсіз жоспарлауға жол бергендігін атап өту қажет, бұл кей іннен сметалық құнды түзету және қайта есептеу қажеттілігін туғызады, осылайша бюджет қаражатының тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуына теріс әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында лаңкестік актілер мен қауіптердің белең алуына байланысты балалар спорт мекемелерінде, мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр.

Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен тек 2015-2016 жылдарға шамамен 2,2 млрд. теңге бөлінген, алайда, жекелеген жағдайларда бұл қаражаттарды пайдалану тиімділігі өте төмен.

Мысалы, Астананың 9 мектебінде орнатылған құны 130,0 млн. теңге «Болашақ мектебі - бүгін» кешенді есепке алу жүйесі" толық көлемде жұмыс істемейді, үш модульдің ішінен тек «Бейнебақылау» модулі істеп тұр, ал «Е-асхана» и «Е-кітапхана» модульдері мүлдем істемейді. Жалпы аталмыш Кешен елорданың 17 мектебімен сатып алынған.

Сырттан шақырылатын мамандандырылған күзет ұйымдары осы мектептер мен балабақшалардың күзетшілерін жұмысқа тартады, соңғыларының кей жағдайларда тіпті тиісті керек-жарақ, киімдерімен бірге арнайы құралдары да болмайды.

Спорттық жабдықтар мен кіші сәулет нысандарының сапа және қауіпсіздік сертификатына қатысты олардың не мүлдем болмауы, не техникалық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болмауы себепті бірқатар сұрақтар туындайды.

Есептік кезең ішінде аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша прокуратура органдарына 6 аудит материалры жолданды, 35 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 13 — әкімшілік және 22 — тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындамағаны үшін аудит объектісінің 2 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, әкімшілік өндіріп алу нәтижесінде мемлекет кірісіне 12,3 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы 1-жартыжылдықтағы қызметінің негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі 2016 жылғы 
1-жартыжылдық
1 2 3 4
1 Аудитпен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 34931,8
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 15686,2
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 19245,6
2 Аудит объектілерінің саны бірлік 59
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 35
  квазимемлекеттік секторда бірлік 24
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 22114,7
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 17471,2
  Аудит объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 7331,2
  Қалпына келтіруге қатынасы % 42,0
  қалдық млн. теңге 10140,0
5 Өтеуге жататын млн. теңге 241,3
  Аудит объектілерімен өтелген қаражат млн. теңге 42,2
  өтелуге қатынасы % 17,5
  қалдық млн. теңге 199,1
6 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны бірлік 122
  орындалған ұсыныстар саны бірлік 39
7 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны бірлік 123
  орындалған тапсырмалар саны бірлік 32
8 Құқық қорғау органдарына процессуалдық шаралар қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 6
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 5
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 1
  қозғалған қылмыстық істер бірлік 0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар бірлік 0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) бірлік 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 35
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 13
  тәртіптік бірлік 22

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің қысқаша қорытындысы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен бекітілген Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2016 жылғы есепті мерзімге 16 824,7 млн. теңге бюджет қаражатымен қамтылған 7 аудит объектісінде 1 аудиторлық іс-шара аяқталды.

Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы көлемінің сомасы 1 281,6 млн. теңгені құрады, бұл аудитпен қамтылған бюджет қаражаты көлемінің 7,6%-ын құрады, оның ішінде 93,6% бұзушылық бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті дайындауда және 6,4% бұзушылық бюджет қаражаттарын пайдалануда жіберілген.

Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша қалпына келтіруге 1 200,0 млн. теңге жатып, аудит барысында толық (100%) қалпына келтірілді, бюджетке өтеуге жататын 81,6 млн. теңгеден 5,5 млн. теңге (6,7%) өтелді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара жекелеген заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына баға беруге бағытталды.

Мемлекеттік аудит барысында мөлшері 6 727,3 млн. теңге қаражат квазимемлекеттік сектор субъектілерімен тиімсіз пайдаланылған, Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзу 1 276,2 млн. теңгені құрады.

Жалпы алғанда, бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту заңды тұлғаны дамыту мақсаттарына беріледі.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама «Астана Innovations» АҚ-пен жүргізіліп, соның негізінде Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы экономикалық қорытынды дайындайды.

Мемлекеттік аудит барысында жүргізілген жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемелері (әрі қарай — ҚЭН) құрылымына талдау олардың ҚЭН-ді әзірлеу ережелері талаптарына сәйкес екендігін көрсетті.

Сонымен бірге, мемлекеттік аудит барысында мемлекеттік органдардың, оның ішінде басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларын бұзушылықтары анықталды.

Мысалға, «Астана қаласының көлік мамандары біліктілік орталығын құру» («Астана LRT» ЖШС) жобасының ҚЭН бойынша веб-сайт, мәліметтердің ақпараттық базасын құруға бағытталған инвестицияларды жүзеге асыруға қарамастан ҚЭН-ді әзірлеу ережелері нормалары бұзылған, атағанда ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы, сонымен бірге техникалық-экономикалық негіздемесі жоқ.

Аудиторлық іс-шара барысында «Астана Орманы» ЖШС-нен басқа, барлық квазимемлекеттік сектор субъектілерімен ҚЭН-ді әзірлеу ережелерінің нормалары бұзылғаны анықталып, №38 («Бюджеттік инвестиция есебінен жүзеге асырылатын іс-шараларды іске асыру мониторингі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебі") үлгідегі тоқсан сайынғы есеп басқару органдарына ұсынылмайды.

Аталған факт бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымдардың тиісінше есептерін ұсынуда тиісінше бақылаудың жоқ екендігін ғана емес, тұтастай алғанда бюджеттік инвестиция жобаларын іске асыруда тиімділіктің жоқ екендігін көрсетеді.

Демек, басқару органдарымен ҚЭН-де жоспарланған инвестиция көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейіне, сонымен бірге қол жеткізе алмау себептеріне талдау жүргізілмейді.

Есепті кезеңде аудиторлық іс-шара қорытындылары бойынша Астана қаласының прокуратурасына 1 аудит материалы жолданды.

Әкімшілік шара қолдану үшін Астана қаласының Әділет департаментіне 1 материал жолданды.

Сонымен бірге, Астана қаласының Әкімшілік сотына қарастыруға жолданған, Тексеру комиссиясымен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама толтырылды. Оның ішінде, 3 материал бойынша жаза (1 200 АЕК) қолданылды, 1 материалдан бас тартылды және 1 материал қарастырылуда.

Заңнама нормаларының бұзылуына жол берген 9 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, өзекті мәселелер және анықталған бұзушылықтар бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық мүдделі ведомстволар мен мекемелерге 49 ұсынымдар және тапсырмалар жолданды.

 

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы 1-тоқсандағы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі 2016 жылғы 
1-тоқсан
1 2 3 4
1 Аудитпен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 16824,7
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 0
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 16824,7
2 Аудит объектілерінің саны бірлік 7
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 0
  квазимемлекеттік секторда бірлік 7
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 1281,6
4 Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 1200
  Аудит объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 1200
  Қалпына келтіруге қатынасы % 100,0
  қалдық млн. теңге 0,0
5 Өтеуге жататын млн. теңге 81,6
  Аудит объектілерімен өтелген қаражат млн. теңге 5,5
  өтелуге қатынасы % 6,7
  қалдық млн. теңге 76,1
6 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны бірлік 35
  орындалған ұсыныстар саны бірлік 0
7 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны бірлік 14
  орындалған тапсырмалар саны бірлік 0
8 Құқық қорғау органдарына процессуалдық шаралар қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік 1
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік 1
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік 0
  қозғалған қылмыстық істер бірлік 0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар бірлік 0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) бірлік 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 9
  қылмыстық бірлік 0
  әкімшілік бірлік 1
  тәртіптік бірлік 8