Негізгі көрсеткіштер
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2013 жылдың 9 айы бойынша негізгі көрсеткіштері
№ р/н | Көрсеткіштер атауы | бірлік өлшемі | 2013 жылдың 9 айы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: | млн. теңге | 85 485,9 |
мемлекеттік органдарда | млн. теңге | 53 724,7 | |
квазимемлекеттік секторда | млн. теңге | 31 761,2 | |
2 | Бақылау объектілерінің саны | бірлік | 75 |
мемлекеттік органдар мен мекемелерде | бірлік | 32 | |
квазимемлекеттік секторда | бірлік | 43 | |
3 | Анықталған бұзушылықтар сомасы | млн. теңге | 14 249,9 |
Қалпына келтіруге жататын | млн. теңге | 3 031,9 | |
Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат | млн. теңге | 583,4 | |
Қалпына келтіруге қатынасы | % | 19,2 | |
қалдық | млн. теңге | 2 448,5 | |
4 | Орнын толтыруға жататын | млн. теңге | 292,1 |
Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат | млн. теңге | 5,5 | |
Орнын толтыруға қатынасы | % | 1,9 | |
қалдық | млн. теңге | 286,6 | |
5 | Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: | бірлік | 32 |
органдармен орындалған ұсыныстар саны | бірлік | 3 | |
6 | Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: | бірлік | 124 |
органдармен орындалған тапсырмалар саны | бірлік | 28 | |
7 | Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: | бірлік | 5 |
тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар | бірлік | 5 | |
қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар | бірлік | ||
қозғалған қылмыстық істер | бірлік | ||
сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар | бірлік | ||
қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) | бірлік | ||
8 | Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: | бірлік | 58 |
қылмыстық | бірлік | ||
әкімшілік | бірлік | 3 | |
тәртіптік | бірлік | 55 |
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2013 жыл бойынша негізгі көрсеткіштері
№ р/н | Көрсеткіштер атауы | бірлік өлшемі | 2013 жыл | Орындалмау себептері, қабылданған шаралар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: | млн. теңге | 152 654,8 | |
мемлекеттік органдарда | млн. теңге | 111 331,7 | ||
квазимемлекеттік секторда | млн. теңге | 41 323,1 | ||
2 | Бақылау объектілерінің саны | бірлік | 114 | |
мемлекеттік органдар мен мекемелерде | бірлік | 44 | ||
квазимемлекеттік секторда | бірлік | 70 | ||
3 | Анықталған бұзушылықтар сомасы | млн. теңге | 15 681,1 | |
Қалпына келтіруге жататын | млн. теңге | 3 434,7 | 2013 жыл бойынша: 825,5 млн. теңге сомада (қалған сомадан 35,9%) сот талқылаулары жүргізілуде | |
Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат | млн. теңге | 1 426,5 | ||
Қалпына келтіруге қатынасы | % | 41,5% | ||
қалдық | млн. теңге | 2 008,2 | ||
4 | Орнын толтыруға жататын | млн. теңге | 328,2 | |
Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат | млн. теңге | 38,7 | ||
Орнын толтыруға қатынасы | % | 11,8% | ||
қалдық | млн. теңге | 289,5 | ||
5 | Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: | бірлік | 35 | |
органдармен орындалған ұсыныстар саны | бірлік | 3 | ||
6 | Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: | бірлік | 124 | |
органдармен орындалған тапсырмалар саны | бірлік | 28 | ||
7 | Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: | бірлік | 6 | |
тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар | бірлік | 5 | ||
қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар | бірлік | 0 | ||
қозғалған қылмыстық істер | бірлік | 1 | ||
сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар | бірлік | |||
қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) | бірлік | 1 | ||
8 | Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: | бірлік | 70 | |
қылмыстық | бірлік | |||
әкімшілік | бірлік | 8 | ||
тәртіптік | бірлік | 62 |
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2013 жылғы 9 айдың қорытындысы шығарылды
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 18 бақылау іс-шарасы өткізілді (тиімділікті бақылау бойынша - 14 іс-шара, сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау бойынша 4 іс-шара), есептілік кезеңдегі 3 бақылау іс-шарасы ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталады.
Барлығы бақылау іс-шараларымен бюджет қаражатының 85 485,9 млн. теңге көлемдегі сомасымен 75 бақылау объектісі қамтылды.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 14 249,9 млн. теңгені немесе бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен 16,7%-ды құрады, оның ішінде 3 324,6 млн.теңге бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жатады.
Алдыңғы кезеңдердегідей, негізгі үлесті (89,2%) мемлекеттік органдарға, сонымен бірге бюджет қаражаттарын алушылар болып табылатын бақылау объектілеріне де тән болатын бюджет қаражаттарын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар орын алып отыр.
Мысалы, Энергетика басқармасына елорданың отын-энергетикалық кешенін дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бақылау бірқатар жүйелі проблемалардың бар екендігін анықтады.
Энергетика басқармасымен жоспарда көзделген он бес тікелей нәтиже көрсеткішінен тек бес көрсеткішіне қол жеткізілген.
Орындалмаған жұмыс көлеміне төлеу, сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілмеген жұмыстарға төлеу фактілері орын алған.
Көп жағдайда, көптеген нысандардың құрылысы аяқтау мерзімін бұзумен жүргізіледі және жұмыс өндірісінің кестесін бұзғаны үшін айыппұл санкциясын қолданудың орнына тапсырыс берушілермен нысандарды тапсыру мерзімін қайта қарастырумен қосымша келісімдер жасалуда. Өз кезегінде, бұл фактор жобалар құнының қымбаттауына әкеліп соқтырады.
Кейбір жобалар бойынша келісімшарттар жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетумен жасалады, бұл құрылыстың нормативтік мерзімін анағұрлым жоғарлатады. Сонымен, келісімшарттарға қол қою кезеңінде бұл жобалар барлық туындайтын жағдайлармен ұзақ салынушы болуға мүмкіндігі бар.
Астана қаласының Мәдениет басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылау жеке ғимараттарының болмауынан бірқатар мәдениет ұйымдарының толыққанды шығармашылық қызметті жүргізуге мүмкіндіктерінің болмай отырғандығы және мәдениет ұйымдарының қажетті талаптарына көбінесе сәйкес келмейтін ғимараттар мен орын-жайларды жалға алуға мәжбүр екендері анықталды.
Атап айтсақ, тек 2012 жылы мәдениет ұйымдарымен ғимараттар мен алаңдарды жалға алуға 25,0 млн. теңге жұмсалған.
Елорда әкімдігінің ведомстволық бағынысты 19 мәдениет ұйымдарының тек 4 ұйымының өз ғимараттары бар. Алайда, жекеменшікте ғимараттары бар болғанымен, әрқашан қажетті талаптарға сәйкес келе бермейді.
Мысалы, Қуанышбаев атындағы қазак академиялық музыкалық-драма театры оркестр шұңқыры жоқ ғимаратта орналасқан және спектакльдер кезінде оркестр залдың балконында орналасады.
Жеке жайлармен қамтамасыз ету мәселесі қаланың Орталықтандырылған кітапханалық жүйенің кітапханалары үшін де өзекті болып отыр, өз кезегінде олар да белгілі-бір қиыншылықтарды өткеріп, жалға алынған орын-жайларда орналасуға мәжбүр.
Бұл ретте, кітапханалардың көпшілігі орын-жайлардың күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан.
Тиісті мониторингтің жоқтығынан, Мәдениет басқармасымен 2012 жылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмсалмаған шығыстары бойынша артық субсидияны бөлуге жол жіберілген, соның нәтижесінде 2012 жылдың соңында 11,9 млн. теңге сомада ақша қаражаттарының қомақты қалдығы пайда болды, бұл 2013 жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде есепке алынбаған.
Басқармамен бұған дейін де осыған ұқсас бұзушылықтардың жіберілгенін және алдағы уақытта қайта жібермеу бойынша шаралар қолданылғанын атап өту қажет. Алайда, талдау қолданылған шаралардың жеткіліксіздігін және қысқа мерзімді екендігін көрсетті.
Соңғы 2 жыл ішінде қала әкімдігімен елорданың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді шаралар қолданылуда, сол мақсатта тиісті Концепция бекітілді.
Сонымен, бүгінгі таңда жалпы сомасы 2,4 млрд.теңге құрайтын 8 жобаны жүзеге асыру аяқталды, оның ішінде 4 жоба мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды.
Жүргізілген жұмыстар өзіне көшелерді жарықтандыру, жол полотносын және аяқжол құру, сумен жабдықтау және кәріз желілерін жүргізу немесе ауыстыру, аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көшелер мен саябақтарды көгалдандыруды қосады.
Сонымен бірге, талдау Концепцияны жүзеге асыруда бірқатар проблемалардың барын көрсетті.
Астана қаласының шеткері аймақтарын дамытудың бағытын, басымдылығын және механизмін анықтайтын нормативтік құқықтық база жоқ.
Жекелеген жағдайларда, жобалардың аяқталғанына қарамастан, салынып біткен жүйелер орталық қолданыстағы желілерге қосылмаған және жұмыс істемейді.
Сондай-ақ, Концепцияны әзірлеу кезінде тиісті инфрақұрылымда тұрғын үй массивтерінің нақты қажеттіліктері ескерілмеген, бұл қаланың шеткері аймақтарын дамыту бойынша іс-шараларды сапасыз жоспарлаудың бірде бір себебі болып табылады.
Нәтижесінде, жобалардың нақты жүзеге асырылуы Концепциямен қарастырылған іс-шараларға сәйкес келмейді. Жобалық-сметалық құжаттаманы сапасыз әзірлеу себебінен жобада қарастырылған кейбір жұмыстар жүзеге асыруға жарамайды.
Бұдан басқа, 3-тоқсан ішінде Тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларымен бірге квазимемлекеттік сектор субъектілері де, яғни мемлекет активтерін пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған, Астана қаласы әкімдігінің жарғылық капиталында қатысу үлесі бар әртүрлі жекеменшік формасындағы заңды тұлғалар қамтылған болатын.
Тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға орындау үшін тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2013 жылғы 1 жартыжылдығының негізгі көрсеткіштері
№ р/н | Көрсеткіштер атауы | бірлік өлшемі | 2013 жылдың 1 жарты-жылдығы | Орындалмау себептері, қабылданған шаралар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: | млн. теңге | 68 705,8 | |
мемлекеттік органдарда | млн. теңге | 40 619,2 | ||
квазимемлекеттік секторда | млн. теңге | 28 086,6 | ||
2 | Бақылау объектілерінің саны | бірлік | 18 | |
мемлекеттік органдар мен мекемелерде | бірлік | 36 | ||
квазимемлекеттік секторда | бірлік | 37 | ||
3 | Анықталған бұзушылықтар сомасы | млн. теңге | 12 509,7 | |
Қалпына келтіруге жататын | млн. теңге | 1 905,0 | 2012 жыл бойынша: 1 712,7 млн. теңге сомада (қалған сомадан 73,9%) сот талқылаулары жүргізілуде | |
Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат | млн. теңге | 204,0 | ||
Қалпына келтіруге қатынасы | % | 10,7 | ||
қалдық | млн. теңге | 1 701,0 | ||
4 | Орнын толтыруға жататын | млн. теңге | 281,6 | |
Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат | млн. теңге | 0,1 | ||
Орнын толтыруға қатынасы | % | 0,0 | ||
қалдық | млн. теңге | 281,5 | ||
5 | Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: | бірлік | 17 | |
органдармен орындалған ұсыныстар саны | бірлік | 1 | ||
6 | Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: | бірлік | 72 | |
органдармен орындалған тапсырмалар саны | бірлік | 18 | ||
7 | Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: | бірлік | 4 | |
тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар | бірлік | 3 | ||
қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар | бірлік | 1 | ||
қозғалған қылмыстық істер | бірлік | |||
сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар | бірлік | |||
қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) | бірлік | |||
8 | Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: | бірлік | 35 | |
қылмыстық | бірлік | |||
әкімшілік | бірлік | |||
тәртіптік | бірлік | 35 |
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2013 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындысы шығарылды
2013 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген жоспарға сәйкес, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 15 бақылау іс-шаралары өткізілді, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артты.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бақылау шарасымен 68 705,8 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын қамтитын 73 бақылау объектісінде бақылау іс-шаралары өткізілді. Бұл ретте, бақылаумен қамтылған қаражаттың қомақты бөлігі Астана қаласын дамыту мақсатына арналған, нақты 22 853,7 млн. теңге сомасында.
Нәтижесінде, анықталған бұзушылықтар сомасының жалпы көлемі 12 509,7 млн. теңгені құрады, ол бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінің 18,2% құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анықталған бұзушылықтар көлемі 51% өскенін атап өту керек.
Қорытындыларда көрсетілгендей бұзушылықтардың негізгі бөлігін 74,9% көлемінде бюджет қаражатының шығыстары алып отыр. Аталған бұзушылықтар бюджет қаражатын алушы болып табылатын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ барлық бақылау нысандарына да тән.
Бұл ретте, бюджетке өтелуге тиісті соманың көлемі 281,6 млн.теңге, ал 1 905,0 млн.теңге сомасындағы қаражаттар қалпына келтірілуге тиісті.
Одан басқа, бұрыңғы мерзімдегідей Тексеру комиссиясының бақылауы барысында жарғылық капиталы Астана қаласының әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, яғни түрлі меншік формаларының заңды тұлғаларымен, мемлекет активтерін пайдалануда көптеген бұзушылықтар анықталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу және орындау сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Кейбір іс-шараларға, олардың жүзеге асырылуына жергілікті бюджет есебінен қомақты қаражат бөлінген.
Мысалы, Денсаулық сақтау басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында Балалар үйі қызметінің дамуы, бағыты, мақсаты мен міндеттері көрсетілмеген.
Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің 2011-2015 жылғы Стратегиялық жоспарында жол-көлік оқиғаларында қайтыс болғандар деңгейі көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштер 13,3% дан 13,1% аралығында болғанына қарамастан, 2012 жылға 16% мөлшермен жоспарланған.
Одан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өткен жылдардың қорытындысы бойынша стратегиялық жоспарлардың көрсеткіштері мен мақсатты индикаторларын нақты қалыптасқан көрсеткіштермен сәйкес келтіріліп қоюда. Нәтижесінде, стратегиялық жоспар көрсеткіштерінің жетістіктерін объективті бағалау мүмкіндігі болмай отыр.
Кейбір мемлекеттік органдар мен олардың ведомствоға бағынысты мекемелерінің қаржылық тәртібінің төмендігі байқалуда.
Мысалға, Тексеру комиссиясымен өткен бақылаудың қорытындысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасына ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық жағдайының қиындығын ескере отырып, мемлекет активтерін тиімді пайдалану және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық көрсеткіштері төмендеуін болдырмау мақсатында, «Руханият орталығы» ЖШС мен «Тілдерді дамыту бойынша «Зерде» инновациялық орталығы» ЖШС біріктіру жолымен қайта құру ұсынылған.
Алайда, аталған ұсыныстар ескерілмеді, соның салдарынан «Тілдерді дамыту бойынша «Зерде» инновациялық орталығы» ЖШС-нің қаржылық жағдайы қиындап, еңбек ақысын төлеу бойынша қарыздар туындауына алып келді.
Аудан әкімдері аппараттарымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде және мектепке дейінгі ұйымдардың аумақтарын абаттандырып, кіші сәулеттік формаларды орнату жұмыстарын жүзеге асырған, алайда ол активтер мекемелер баланстарына берілмеген және ескерілмеген.
Тауар, жұмыс және қызмет жабдықтаушылары жағынан қабылданған келісім-шарт міндеттемелері бұзушылықтары орын алған, алайда, тапсырыс берушілер салғырт жабдықтаушыларға айыппұл санкцияларын (тұрақсыздық айыппұлы) әрдайым қолданбайды.
Сондай-ақ, кейбір тапсырыс берушілер атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін қабылдауда, жабдықтаушыларға қатысты көп жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен аталған бұзушылықтар анықталғаннан кейін соттың қарауына әкелетін епсіздік, ұқыпсыздық және «жұмсақтық» танытады.
Бүгінгі күнде бақылау нысандарымен Тексеру комиссиясының бақылау қорытындылары бойынша 4 591,8 млн.теңге сомасында қаражат орнына келтірілді және 272,1 млн.теңге сомасы бюджетке қайтарылды.
Одан басқа, бақылау нысандарымен осы немесе басқа да бұзушылықтарды алдын ала болдырмау мақсатында, Тексеру комиссиясымен қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен спорт, білім беру және мәдениет саласындағы қолданыстағы жекелеген заңнама нормаларын түсіндіру үшін аталған саладағы мекемелердің қаржылық қызмет басшылары үшін 3 семинар-тренинг өткізілді.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2013 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің қысқаша қорытындысы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2013 жылдың бірінші тоқсанына бекітілген жоспарына сәйкес Астана қаласында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер қылмыскерлігін алдын-алуға бағытталған бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бақылау бойынша; Астана қаласының бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінде кредиторлық және дебиторлық қарыздың қалыптасу негізділігіне; «АҚҚБ «Жаңа құрылыс» ЖШС-де мемлекет активтерін пайдалану сәйкестігіне және Астана қаласында ақпараттық-имидждік іс-шаралар өткізуге бақылау іс-шараларын өткізді.
Бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 17 193,9 млн. теңгені құрап, Астана қаласының 2013 жылғы 1 тоқсанға бекітілген бюджетінің 26,7% құрады.
Анықталған бұзушылықтар сомасының жалпы көлемі 872,1 млн. теңгені құрады, ол бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінің 5,1% құрайды.
Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражатын пайдаланылуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылаумен, Астана қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кредиторлық және дебиторлық қарыздарының қалыптасу негізділігіне қаржылық есептілігімен Астана қаласы әкімдігінің дебиторлық қарызының сомасы 2013 жылғы 1 қаңтар жағдайында 75 301,1 млн. теңгені немесе елорданың түзетілген бюджетінің 22,5% құрағанын анықтады.
Елорданың дебиторлық қарызының өсуі аванстық төлемдерге, сондай ақ келісім-шарттың бекітілген талаптарындағы сома көлемінен жоғары төлемдерге байланысты.
2013 жылғы 1 қаңтар жағдайында Астана қаласы бюджетінің кредиторлық қарызы 1 869,2 млн. теңгені құрады, кредиторлық қарыздың негізгі бөлігі құрылыс басқармасына -1 276,3 млн. теңге (68,2%), Энергетика және коммуналдық шаруашылығына-363,5 млн. теңге (19,4%), Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында-119,6 млн. теңге (6,4%) жатады.
Бақылаумен Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында «Даму» кәсіпкерлігін дамыту қоры» АҚ-ның алдында 2011 жылы қалыптасқан және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржылық есептілігінде көрсетілмеген 38,4 млн. теңге сомасында кредиторлық қарызды жасыру фактісі анықталды.
«АҚҚБ «Жаңа құрылыс» ЖШС-де мемлекет активтерін пайдалану сәйкестігін бақылауда Серіктестік активтерін оның ішінде жер телімдерін мемлекеттің иелігіне уақытында өткізуді тіркеу бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігін көрсетті.
Серіктестіктің қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы оның шығындылығын көрсетеді, 2011 жылы 11 422,7 млн. теңге, 2012 жылы-13 159,1 млн. теңге шығын алынған.
Астана қаласында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер қылмыскерлігін алдын-алуға бағытталған бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бақылауда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарының жеткіліксіздігін және жауапты мемлекеттік органдардың өзара нақты әрекеттестіктерінің жоқтығын атап өтеді.
Қазіргі таңда елордада қосымша білім беретін 12 мемлекеттік мекеме және 23 есік алды клубтары қызмет етеді.
Бұл ретте, есік алды клубтарының ұйымдастыру-құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заң актілерімен регламенттенбеген және ерікті бірлестіктер түрінде заңды тұлғаның ұйымдастыруынсыз қызмет етеді.
Нәтижесінде, Астана қаласында есік алды клубтарын материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің әлсіздігі байқалады, бұл есік алды клубтарының даму концепциясының және қызметтерін үйлестіріп қаржыландыратын біріңғай органының болмау салдарынан болып табылады. Санитарлық норма талаптарының бұзушылығында есік алды клубтарының басым бөлігі тұрғын үйлердің жертөле жайларында орналасқан.
Қосымша білім беру мекемелері көбінесе қаланың орталық бөлігінде орналасқан, бұл ретте, елорданың жекелеген аудандарында әсіресе шеткері аймақтарында мүлдем жоқ.
Қызмет етуші 12 қосымша білім беру мекемелерінің 7-уінің жеке жайлары, спорт алаңдары мен залдары жоқ, қалғандары балалар мен жасөспірімдермен толыққанды сабақ өткізу жағдайлары жоқ жайларда орналасқан.
Сонымен бірге, елордада аталған мерзімде кәмелет жасына толмағандар қылмыстылығының саны 34,5% (2011 жылы 58-ден 2012 жылы 78 қылмысқа дейін) өсуі байқалады, нарколог дәрігердің есебінде тұрған кәмелет жасына толмағандардың саны 2011 жылы 116 адамнан 2012 жылы 132 балаға дейін өсті.
Астана қаласында ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуге бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуын сәйкестікке бақылауда көп жағдайда іс-шара өткізудегі негізгі шығындар алғашқы жоспарланған смета шығындары сомасынан асатындығын көрсетті, жарияланған немесе бейнеге түсірілген ақпараттық-имидждік іс-шаралардың мазмұнды бөліктеріне бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр, көп жағдайда жасалған келісім-шарттардың қосымшалары - сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктері, көрсетілетін қызметтердің орны мен шарттары, мағынасын ашумен көрсетілетін қызметтің бағасы жоқ.
Одан басқа, жалпы талдау өткізілетін ақпараттық-имидждік іс-шараларды жоспарлаудың жүйелілігінің жоқтығын көрсетті, ол бюджетті нақтылау әдісімен қосымша қаражат бөлуге әкелетінін, нәтижесінде іс-шараларды қаржыландыру іс-шара өткізіліп болғаннан кейін (аяқталғаннан кейін) жүзеге асады.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мүдделі ведомстволар мен мекемелерге сәйкес тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.