Негізгі көрсеткіштер

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2014 жылдың 9 айы бойынша негізгі көрсеткіштері

№ р/н Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2014 жылдың 
9 айы
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн.тенге 61 749,4
  мемлекеттік органдарда млн.тенге 60 215,7
  квазимемлекеттік секторда млн.тенге 1 533,7
2 Бақылау объектілерінің саны ед. 45
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде ед. 24
  квазимемлекеттік секторда ед. 21
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн.тенге 3 825,5
4 Қалпына келтіруге жататын млн.тенге 2 216,3
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн.тенге 1 227,8
  Қалпына келтіруге қатынасы в % 55,4
  қалдық млн.тенге 988,5
5 Орнын толтыруға жататын млн.тенге 59,5
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн.тенге 24,4
  Қалпына келтіруге қатынасы в % 41,1
  қалдық млн.тенге 35,1
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар ед. 11
  органдармен орындалған ұсыныстар саны ед. 0
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар ед. 149
  органдармен орындалған тапсырмалар саны ед. 48
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: ед. 10
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар ед. 9
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар ед. 1
  қозғалған қылмыстық істер ед. 0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар ед. 0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) ед. 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: ед. 57
  қылмыстық ед. 0
  әкімшілік ед. 16
  тәртіптік ед. 41

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2014 жылғы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері

№ р/н Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2014 жыл
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн.тенге 151 451,9
  мемлекеттік органдарда млн.тенге 148 113,8
  квазимемлекеттік секторда млн.тенге 3 338,2
2 Бақылау объектілерінің саны ед. 66
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде ед. 42
  квазимемлекеттік секторда ед. 24
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн.тенге 28 405,2
4 Қалпына келтіруге жататын млн.тенге 3 090,4
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн.тенге 2 733,8
  Қалпына келтіруге қатынасы в % 88,5
  қалдық млн.тенге 356,6
5 Орнын толтыруға жататын млн.тенге 104,1
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн.тенге 41,0
  Қалпына келтіруге қатынасы в % 39,4
  қалдық млн.тенге 63,1
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар ед. 14
  органдармен орындалған ұсыныстар саны ед. 0
7 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар ед. 229
  органдармен орындалған тапсырмалар саны ед. 66
8 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: ед. 11
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар ед. 10
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар ед. 1
  қозғалған қылмыстық істер ед. 0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар ед. 0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) ед. 0
9 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: ед. 78
  қылмыстық ед. 0
  әкімшілік ед. 18
  тәртіптік ед. 60

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2014 жылдың 9 айының қорытындысы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 16 бақылау іс-шарасы жүргізілді (тиімділікті бақылау бойынша - 13 іс-шара, сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау бойынша 3 іс-шара), 2014 жылдың тамызынан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен «2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау, сондай-ақ оны іске асыруға бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау» бірлескен бақылау іс-шарасы басталып, ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталатын болады.

Барлығы бақылау іс-шараларымен 61,7 млрд. теңге көлемдегі бюджет қаражатымен 45 бақылау объектісі қамтылды.

Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 3,8 млрд. теңгені немесе бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен 6,2%-ды құрады, оның ішінде 2,3 млрд. теңге сомадағы бұзушылықтар қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жатады.

Алдыңғы кезеңдердегідей, негізгі үлесті (58,7%) мемлекеттік органдарға, сонымен бірге бюджет қаражаттарын алушылар болып табылатын бақылау объектілеріне де тән болатын бюджет қаражаттарын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар орын алып отыр.

Сондай-ақ, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар 251,1 млн. теңгені немесе 6,5%-ды, мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде – 45,6 млн. теңгені немесе 1,2%-ды, бюджетке түсімдер бойынша – 36,5 млн. теңгені немесе 1%-ды, басқа да бұзушылықтар 1 242,9 млн. теңгені немесе 32,4%-ды құрады.

Есепті кезең ішінде бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 1 227,8 млн. теңге сомадағы қаражат қалпына келтіріліп, 24,4 млн. теңге бюджетке өтелді.

Есепті кезеңде бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Астана қаласының прокуратурасына және Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне 16 бақылау материалы жолданды.

Қаржылық бақылау инспекциясына әкімшілік жаза қолдану үшін 13 бақылау материалы жолданды, оның 11-і бойынша жаза қолданылып, 2-уі бойынша бас тартылды, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Экология департаментінде 1 материал қаралуда.

Әкімшілік жауапкершілікке 11 адам және 5 заңды тұлға, тәртіптік жауапкершілікке 41 адам тартылды.

Тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға орындау үшін тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2014 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қысқаша қорытындысы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта барлығы 14 бақылау іс-шарасын жүргізді, бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 61,4 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 38,4% қаражат Астана қаласын дамыту мақсатына бағытталған қаражаттарға (23,6 млрд. теңге) жатады.

Бұл ретте, анықталған қаржылық бұзушылықтардың және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың көлемі 2,8 млрд. теңгені құрады.

Өткізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бағытталған.

Бақылау-талдамалық іс-шаралардың қорытындылары бақылау объектілерінің қызметінде жекелеген жүйелі кемшіліктердің барын көрсетті. Солайша, бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуіне жүргізілген талдау, кіріс бөлігінде жыл сайын орташа есеппен 21%-ға түсімнің артуын көрсетті, бұл елордадағы бизнес-климаттың жақсаруына қалай байланысты болса, сондай-ақ жалпы салықтық әкімшілендірудің жақсаруына да байланысты.

Өз кезегінде, түсімдердің артуы жоспарлы түрде алдыға қойылған, бірінші кезекте елорданың әлеуметтік саласындағы мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, салық органдары жағынан салық төлеушілерді тексеру тенденциясының азаюын атап өту керек, бұл түсімдердің барлық кодтары бойынша толық есептелген салық сомасының кемуіне алып келеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, салық органдарының салық салу объектілері және салық салумен байланысты оларды алу бөлігінде объектілер туралы ақпаратты меңгерген елорда әкімдігінің өкілетті органдарымен әлі күнге дейін тиісті өзара іс-қимыл болмай отыр.

Жергілікті бюджетке салықтық емес төлемдерді есептеудің дұрыстығы, өндіріп алудың толықтығы және аударудың уақтылылығын жүйелік мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тиісті түрде жүргізілмей отыр.

Сондай-ақ, Астана қаласының ішкі істер органдары бөлімшілерімен салынатын әр түрлі әкімшілік айыппұлдардың жергілікті бюджетке айтарлықтай түспейтіні атап өтіледі. Ішкі істер департаменті жағынан салынатын әкімшілік айыппұлдардың орындалуына жүйелі мониторингтің жоқтығы, әкімшілік айыппұл төлеушілерді арнайы бақылау-өлшеуіш техникалық құралдары және қондырғыларымен анықталып белгіленген салынған айыппұл сомалары туралы ақпараттандыру жүйесі реттелмеген, оның ішінде басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуды құрайтыны әкімшілік айыппұлдарды жергілікті бюджет кірісіне өндіріп алу бойынша тиісті шараларды уақытында қолданбауға алып келеді.

Ішкі істер органдарымен салынған әкімшілік айыппұлдар түсімдерінің басым бөлігі ішкі істер органдарының рейдтік және басқа да арнайы іс-шараларының нәтижесінде қамтамасыз етілетінін атап өту керек (құжаттарды тексеру, автокөлік сатып алу-сату бойынша келісімдерді рәсімдеу, техникалық бақылау жүргізу кезінде және т.б.).

Төлеушілерге әкімшілік айыппұлдарды төлету бойынша уақтылы шараларды қолданбау қолданыстағы заңнама нормаларының жекелеген жетіспеушіліктеріне де байланысты қиындап отыр.

Бюджеттің шығыс бөлігінде бөлінген қаражаттарды игерудің сапалық, сондай-ақ сандық көрсеткіштерінің анағұрлым жақсарғанына қарамастан, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен дебиторлық және кредиторлық берешектерді өтеудің, әсіресе өткен жылдардың берешектерін азайту бойынша жүйелі проблемалары қалып отыр.

Сонымен, жалпы дебиторлық берешек 21,8%-ға төмендегенде, 2013 жылы өткен кезеңдердегідей жалпы берешек сомасына өткен жылдардағы берешектің үлесі 65,7%-ға ұлғайды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көпшілігі мерзімі өткен дебиторлық берешекті қолданыстағы заңнама шеңберінде өтеу бойынша белсенді шаралар қолданбайтынын атап өту қажет (оның ішінде сот және құқық қорғау органдары арқылы).

Бұдан басқа, өткен жылдардағы дебиторлық берешектің өсуіне ағымдағы берешектің өсу көрсеткіштері де әсерін тигізеді (яғни, ағымдағы немесе өткен қаржылық жылдағы).

Елорданың денсаулық сақтау объектілерінің қызметіне жүргізген талдау қаланың кейбір емханаларының қаржылық тәртібі Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жағынан олардың қызметіне бақылауды күшейтуді қажет ететінін көрсетті.

Сонымен, Тексеру комиссиясының қаржылық тәртіпті жоғарлату бойынша бұрын берілген ұсынымдарына қарамастан №№ 5,6,7 қалалық емханаларымен және «Демеу» отбасылық медицинаның оқыту-тәжірибелік орталығы» МКК-мен қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің бұрмалануына алып келген әр түрлі бұзушылықтар анықталды.

Бұдан басқа, кадрлардың жоғары тұрақтамаушылығына байланысты, жоғары психоэмоционалдық артылған міндеттерге қарамастан, жалақының төмендігіне байланысты білікті медициналық кадрлардың жетіспеушілігі сақталады.

Босандыру және патронаж саласында жекелеген медициналық қызметтерді ұсынудың төмен сапасына байланысты жүйелі мәселелер анықталды.

Білім беру саласында Астана қаласында техникалық және кәсіби білім жүйесін дамыту тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Өткен кезеңдердегідей, елорда колледждерінде Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаты және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесінің сақталмайтыны негізсіз шығындарға алып келетіні анықталды.

Кейбір жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатындағы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шығындар нормалары бұзылуда.

Колледждердің студенттері мен оқытушыларын ведомстволық бағынысты жатақханалардан орынмен қамтамасыз ету мәселелері де баса назар етуді талап етеді.

Сонымен бірге, Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасының Тұрғын-үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларының Астана қаласында жүзеге асырылу мәселелері де қарастырылды, бұл жерде көптеген проблемалардың ілесетіні бізге мәлім.

Бақылау қорытындысы Бағдарламаның қазіргі уақытта салынып жатқан немесе салынып біткен 30 тұрғын-үй кешендерінің 29 нысаны аяқталу мерзімінен кешіктірілгенін көрсетті. Бұдан басқа, белгіленген наразылықтар құрылыс жұмыстарының сапасын да тудырады, бұл оларды жою нәтижесінде нысандардың аяқталу мерзіміне әсер етеді.

Жобалық-сметалық құжаттамаларды уақытылы түзету, қосымша мансардты қабаттарды салу, аяқталған нысандарды кейіннен коммуналдық меншікке берумен мемлекеттік комиссияның актілерімен қабылдау мәселелері де өзекті болып қалуда.

Сонымен бірге, кейбір жағдайларда мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен нысандарды қабылдағаннан кейін атқарылған жұмыстар көлеміне төлеу фактілері де орын алды, бұл заңнама нормаларына қарама-қайшы болып келеді.

Жоғарыда көрсетілген аса сипатты ауытқушылықтар мен қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтары нәтижесінде нысандар мерзімінде аяқталмай, азаматтар тұрғын үйлерін уақтылы алмауда Бұдан басқа, тұрғын-үй нысандарының аяқталу мерзімінің созылуына іргелес аумақтарға инженерлік коммуникациялар жүргізуде және абаттандыру кезінде өкілетті органдар іс-қимылдарының келіспеушілігі де өз әсерін тигізеді.

Тексеру комиссиясымен жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекет активтерін басқару тиімділігін бағалау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілді, бұнда да Қазақстан Республикасы әр түрлі заңнама нормаларының бұзушылықтары анықталды.

Сонымен қатар, жалпы алғанда өткен кезеңдермен салыстырғанда бақылау объектілері анықталған бұзушылықтарды жою және оларды әрі қарай болдырмау жөнінде іс-шаралар кешенін қабылдау бойынша шұғыл түрде шараларды қолданатынын, бұл бюджет қаражатын пайдаланудың және мемлекет активтерін басқару тиімділігінің жоғарлауына әсер ететінін атап өту қажет.

Сонымен, бүгінгі күнде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бақылау объектілерімен 1,4 млрд. теңге сомада қаражат өтеліп/қалпына келтіріліп, ол анықталған бұзушылықтар көлемінің 80%-ын құрады.

Барлық проблемалық мәселелер және анықталған бұзушылықтар бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Астана қаласы бойынша 
Тексеру комиссиясы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2014 жылдың I тоқсаны бойынша негізгі көрсеткіштері


р/н
Көрсеткіштер атауы бірлік өлшемі 2014 жылдың 
I жартыжылдығы
1 2 3 4
1 Бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемі, олардың ішінде: млн. теңге 61 400,70
  мемлекеттік органдарда млн. теңге 60 215,70
  квазимемлекеттік секторда млн. теңге 1185
2 Бақылау объектілерінің саны бірлік 36
  мемлекеттік органдар мен мекемелерде бірлік 23
  квазимемлекеттік секторда бірлік 13
3 Анықталған бұзушылықтар сомасы млн. теңге 2788,1
  Қалпына келтіруге жататын млн. теңге 1535,6
  Бақылау объектілерімен қалпына келтірілген қаражат млн. теңге 1221,1
  Қалпына келтіруге қатынасы % 79,50%
  қалдық млн. теңге 314,5
4 Орнын толтыруға жататын млн. теңге 39,7
  Бақылау объектілерімен орны толтырылған қаражат млн. теңге 20,1
  Орнын толтыруға қатынасы % 50,60%
  қалдық млн. теңге 19,6
5 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар саны, оның ішінде: бірлік 9
  органдармен орындалған ұсыныстар саны бірлік 0
6 Бақылау шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тапсырмалар саны, оның ішінде: бірлік 117
  органдармен орындалған тапсырмалар саны бірлік 30
7 Құқық қорғау органдарына процессуалды шара қолдану үшін жіберілген материалдар саны, оның ішінде: бірлік  4
  тергеуге дейінгі тексерісте жатқандар бірлік  4
  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандар бірлік
  қозғалған қылмыстық істер бірлік  0
  сотқа жіберілген және сотпен қарастырылғандар бірлік  0
  қылмыстық іс тоқтатылды (уақытша тоқтатылды) бірлік  0
8 Жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар: бірлік 32
  қылмыстық бірлік  
  әкімшілік бірлік  2
  тәртіптік бірлік 30

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің 2014 жылғы I тоқсанның қорытындысы шығарылды

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес есепті кезең ішінде 4 тиімділікті бақылау іс-шарасы өткізілді.

Барлығы бақылау іс-шараларымен бюджет қаражатының 35 359,9 млн. теңге көлемдегі сомасымен 14 бақылау объектісі қамтылды.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 275,1 млн. теңгені немесе бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен 0,8%-ды құрады, оның ішінде 147,9 млн.теңге бюджетке қалпына келтіруге және өтеуге жатады.

Алдыңғы кезеңдердегідей, негізгі үлесті (93,5%) мемлекеттік органдарға, сонымен бірге бюджет қаражаттарын алушылар болып табылатын бақылау объектілеріне де тән болатын бюджет қаражаттарын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар орын алып отыр.

Жүргізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне бағытталған.

Атап өтсек, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінген бюджет қаражатының және «Астанагорархитектура» ЖШС мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бақылаумен, Елорданы дамытудың Бас жоспарының 25 техникалық-экономикалық көрсеткіштерден тұратын, 7 негізгі бағытқа бөлінген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштердің орындалуына талдау жүргізілді, олар: аймақ, халық, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік-шаруашылық мақсаттағы кәсіпорындар, көлік және жолдар, инженерлік жабдық, қоршаған орта.

2011 (есептік) жылға қарастырылған жоспарлық маңыздағы кейбір көрсеткіштерге қол жеткізілмегендігі атап өтіледі.

Мысалы, Бас жоспарға сәйкес 2011 жылға қарай елорда тұрғын үй қорының 15 302,8 мың шаршы метріне қол жеткізу жоспарланған болатын, алайда 2012 жылы елорда тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15 052,4 мың шаршы метр құрады.

Аталған міндетті жүзеге асыру үшін 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасымен «тұрғын үй құрылысын дамыту» көрсеткіші қарастырылған, ол бойынша алғашқыда 2011 жылға - 1 209,5 мың шаршы метр, 2012 жылға - 1 180,5 мың шаршы метр және 2013 жылға -1 162,7 мың шаршы метр жоспарланған болатын, кейіннен олар екі рет қайта түзетуге ұшыраған, нақтырақ айтсақ сәйкесінше 1 403,6 мың шаршы метр, 1 200,0 мың шаршы метр және 1 100 мың шаршы метр болып түзетілді.

Аталған цифралардан көріп тұрғанымыздай қала халқының саны үнемі өсіп отырғанына қарамастан, енгізілетін тұрғын үйлердің жоспарланған көлемі жыл сайын төмендеуде, бұл Елорданы дамытудың Бас жоспарының тиісті көрсеткіштерінің қол жеткізілмеуіне алып келеді.

Осы уақытқа дейін Астана қаласының қала маңы аймағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы қабылданбай, ағымдағы жылдың сәуірінде ғана бекітілді.

Барлық ірі қалалардағыдай, елордада автокөліктер санының ұлғаюына, азаматтық мақсаттағы нысандарының жаппай құрылысына байланысты Астанада жылдан жылға автокөліктер тұрақтары мәселесі қиындап барады.

Алайда, талдау барлық салынып жатқан тұрғын үй кешендері автокөліктер үшін паркингтермен қамтамасыз етілмейтінін көрсетті. 2011-2013 жылдарға пайдалануға берілген пәтерлер мен елорда паркингтерінің ара қатынасы 1000 пәтерге 199 машина-орын немесе 5 пәтерге 1 машина-орынды құрайды.

Тиісті рұқсатсыз орналастырылған заңсыз сыртқы (көзбе-көз) жарнамамен мәселе күрделі болып тұр, бұл көп жағдайда жайғастыру үшін салықтардың түспеуіне байланысты жергілікті бюджеттің айтарлықтай шығындарына әкеліп соғады.

Тексеру комиссиясымен сондай-ақ Астана қаласында инфокоммуникациялық технологияларды енгізу және пайдаланылу тиімділігіне талдау жүргізілді, оларды енгізу жалпы алғанда «е-әкімдіктің» жобалық құжаттары мен мақсаттарына сәйкес келеді.

«е-әкімдігін» жүзеге асыру нәтижесінде өз пайдаланушыларына сөзсіз жайлылық тудыратын жекелеген ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүзеге асырылған.

Атап айтсақ, мысалы Астана қаласы әкімдігінің электрондық қызмет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйелерінің «Жеке тұлғалар» МД, «Заңды тұлғалар» МД, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ және «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» АЖ-мен қарым қатынастары жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, талдау «Электрондық әкімдікті дамыту» бағдарламасының түпкілікті нәтижесінің кейбір көрсеткіштері сандық түрде өлшемсіз екенін көрсетті. Жекелеген мақсатты индикаторлар мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін көрсетпейді және әр түрлі мемлекеттік органдардың көрсеткіштерінің қосарланушылығы орын алып отыр.

Мысалға, «тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 50%-ға дейін арттыру» көрсеткіші Әкім аппаратында, сондай-ақ Астана қаласының Білім басқармасында да көзделген.

Сонымен бірге, есептік кезеңде Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуына бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалау, сондай-ақ Индустриалдық парктің даму деңгейін бағалау жүргізілді.

ҮИИДМБ жүзеге асырылған 3 жыл ішінде елордада 200-ден артық шағын және орта бизнес субъектілері қолдау алып, 4 мың жаңа жұмыс орындарының құрылуына себепші болғанын атап өту қажет.

Осы және басқа да пәрменді шаралар Бизнестің жол картасы қатысушыларының салықтық төлеулерін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, бұл тек 2013 жылы 1,7 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың көрсеткішінен 53,7%-ға артты.

Сонымен бірге, елорданың индустриалдық дамуының ЖАӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі, негізгі капиталға инвестициялар көлемі, өнеркәсіп өнімінің жеке көлемінің, өндеуші өнеркәсіптің және машина жасаудың индекстері, шикізаттық емес экспорт үлесінің ұлғаюы сияқты негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізудің әлсіз динамикасы байқалуда.

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде жобалардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында (67,5%) жүзеге асырылады, бұл ҮИИД бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес келмейді.

Жергілікті деңгейде ҮИИД, БЖК 2020 және ЖҚЖК 2020 бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдар арасында нақты қарым-қатынастар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы орган құрылымының арасында қарым-қатынастардың жоқтығы орын алып отыр.

Мамандарды даярлау және қайта даярлау елорданың еңбек нарығында олардың қажеттілігі есебінсіз жүзеге асырылады, бұл бөлінген бюджет қаражатының тиімділігін біршама төмендетеді. Нәтижесінде, білім алған мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылған азаматтар үлесі төмен болып тұр.

Аймақтық индустриалау картасының көптеген кәсіпорындары жобалық қуаттылыққа қол жеткізген жоқ.

Инвесторларды тарту мақсатында арнайы экономикалық аймақ аумағында потенциалды инвесторларға барлық инфрақұрылымымен жер телімдері беріледі. Алайда, жер телімдерін бөлу рәсімі ұзақ уақытты алады. Солай, осы немесе басқа да себептермен, 2011 жылдан бері «BS Medikal surgery» ЖШС, «ASTANA BLOCAID» ЖШС, «ASTANA MEDIKAL EGUIPMENT» ЖШС және «Асқар Тау KZ» ЖШС-мен жер телімдерін рәсімдеу процедурасы аяқталған жоқ.

Сондай-ақ, АЭА кейбір қатысушыларымен құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру және объектілерді көрсетілген мерзімдерде пайдалануға беру бойынша қабылданған келісімшарттық міндеттемелер сақталмай отыр.

Тексеру комиссиясымен Астана қаласының Білім басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына жалпы білім беру мекемелерін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігінің мәселелері қарастырылды.

Елорданың жалпы білім берудің қолданыстағы жүйесінің көкейкесті мәселелерінің бірі бұл оқушылар орындарының тапшылығы, мектеп ғимараттарының шамамен 40%-ы пайдалану қызметінің рұқсат етілген мерзімінен асып кеткен, сондай-ақ мұғалімдердің тапшылығы да байқалады.

Мектептердегі компьютерлік және басқа да техника оқу жұмыстарының түрлері мен әдістерін жетілдіру үшін заманауи ақпараттық технологияларды толық мөлшерде пайдалануға, сондай-ақ білім жүйесінің басқару тиімділігін арттыру үшін мүмкіндік бермей отыр.

Анықталған өзекті мәселелер және анықталған бұзушылықтар бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық мүдделі ведомстволар мен мекемелерге тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы