Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес жүргізілді.

Тексеру комиссиясы төрағасының 2020 жылғы 22 шілдедегі №58-Н/Қ бұйрығы ішкі талдау жүргізу үшін негіз болып табылады.

Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- Тексеру комиссиясының қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- Тексеру комиссиясының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Тексеру комиссиясының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, аудиторлық қызмет, 2019 жылғы және 2020 жылғы 1 жартыжылдықтағы құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің; ақпараттық қауіпсіздік және кадрлық қамтамасыз етудің негізінде жүргізілді.

І.НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ

Тексеру комиссиясының бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және тікелей «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №167 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына, Тексеру комиссиясының ережесі мен регламентіне, мемлекеттік аудит, сапаны бақылау, әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және ақпараттандыру, талдау мен есептілікті жоспарлау бөлімдері туралы ережелерге, Персоналды басқару қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Бөлімдер туралы ереже) сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімдер туралы ережелерде анықталған функциялар нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.

Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне ішкі талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ

Бөлімдердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне ішкі талдау жүргізу кезінде мынадай мәселелер қаралды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауыспалылығы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) бақылау функцияларын іске асыру;

4) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

1) Персоналды басқару, соның ішінде, кадрлардың ауыспалылығы.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында бос лауазымдарға орналасуға өткізілген конкурстардың нәтижелері бойынша 13 адам тағайындалды. Тексеру комиссиясында бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу кезінде басқа мемлекеттік органдардың өкілдерінен, қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметшілерден байқаушылардың қатысу тәжірибесі қолданылады.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында әртүрлі себептермен   7 адам жұмыстан босатылды, қызметкерлердің лауазымы төмендетілді және «командалық ауысулар» болған жоқ.

Тексеру комиссиясының қызметкерлері мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты міндеттермен, шектеулермен және тыйым салулармен танысты.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, Персоналды басқару қызметі жаңадан немесе алғаш қабылданған қызметкерлерге арнайы тексеру жүргізу үшін материалдарды Ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.

Қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің салық органдарына мүліктік сипаттағы кірістер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсынбау фактілері жоқ.

2019 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК-да мемлекеттік аудиторларды сертификаттау бағдарламасы бойынша – 1 қызметкер оқудан өтті, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 1 қызметкер қайта даярлау курсынан өтті және CIPFA халықаралық бағдарламасы бойынша – 11 қызметкер оқытылды.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Тексеру комиссиясының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

Талданып отырған кезеңде кадрлардың орташа ауыспалылығы  нормаларынан асып кету және лауазымын төмендету, қызметкерлерді қабылдау немесе жұмыстан шығару кезінде мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ. Тексеру комиссиясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген шектеулерді, тыйым салуларды және міндеттерді орындамау жағдайлары анықталған жоқ.

1) Мүдделер қақтығысын реттеу.

Тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі №108-Н/Қ бұйрығымен мүдделер қақтығысы туралы ереже бекітілді.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы туралы мәліметтер түскен жоқ.

Ереженің 8-тармағына сәйкес, аудиторлық іс-шараларға қатысатын үлестес тұлғалардың тізімі қалыптастырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудиторлық іс-шараға шықпас бұрын Тексеру комиссиясының аудитті жүргізуге жауапты мүшесі Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.В. Лебоны тарта отырып, аудит тобының мүшелерімен техникалық оқу (нұсқау) жүргізеді.

1) Бақылау функцияларын іске асыру

Мемлекеттік аудит бөлімі аудиторлық іс-шараларды тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) негізінде жүргізеді (мысалы, 2019 жылы 86 мемлекеттік аудит объектісін қамти отырып, 20 аудиторлық іс-шара өткізілді, 2020 жылдың 1-жартыжылдығында 24 мемлекеттік аудит объектісін қамти отырып,  5 аудиторлық іс-шара, соның ішінде, 2020 жылдың 2-жартыжылдығына ауысатын 3 аудиторлық іс-шара өткізілді).

Тізбе тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі - ТБЖ) негізінде қалыптастырылады.

Тізбе Тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі - ТБЖ) негізінде қалыптастырылады.

Тексеру комиссиясының мүшелері тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізу туралы өтінімді жіберген кезде ТБЖ-ны мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалауды ескере отырып, тәуекелдер деңгейі (жоғары, орташа, төмен) бойынша және басқа мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін басшылыққа алады.

Қағидаларға сәйкес, аудиторлық іс-шараны жүргізуге тікелей басшылықты Тексеру комиссиясының өзіне бекітілген жұмыс бағыттары бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты мүшесі жүзеге асырады.

Мемлекеттік аудит тобының құрамын қалыптастыру кезінде аудиторлардың кәсіби дайындығы, олардың психологиялық үйлесімділігі және тағайындалған объектідегі алдыңғы аудитке қатысуы ескеріледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторларға функционалдық жүктеменің біркелкі бөлінбеуі, аудиторларды сол объектілерге топтар құрамына енгізу бөлігінде проблемалық мәселелер анықталды.

Аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша (алдын ала зерделеу материалдарының, Аудит жоспарлары мен бағдарламаларының жобалары, аудиторлық есептер, Қаулылардың, аудиторлық қорытындылардың, Нұсқамалардың және жиынтық тізілімнің жобалары) Жалпы және Рәсімдік стандарттардың бұзылуы анықталған сараптамалық қорытындылар дайындалды.

Мемлекеттік аудит объектілері хаттарының негізінде аудиторлық қорытындыда қамтылған Нұсқамалар (Қаулылар) мен ұсынымдар тармақтарының уақтылы және толық орындалу мәніне сараптама жүргізілді.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында сараптамалық қызмет шеңберінде аудиторлық іс-шараларға алдын-ала бағалау жүргізілді, Жиынтық сараптамалық қорытындылар дайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының 2018 жылғы 19 шілдедегі №73-О/Д бұйрығына сәйкес, аяқталған аудиторлық іс-шаралар бойынша мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділік рейтингін айқындаудың барлық өлшемдері бойынша жиналған балдардың жиынтық санын есептеуге арналған жұмыс жүргізілді.

Сапаны бақылау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері фактілері анықталған жоқ.

  • Ішкі талдауға ұшыраған өзге де мәселелер

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі бір көзден сатып алу болып табылады.

2019 жылы жалпы сомасы 67 820,4 мың теңгеге 56 позиция бойынша бір көзден сатып алу жүргізілді.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібін қолдануға байланысты бір көзден сатып алу тәсілі барынша азайтылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2020 жылы мемлекеттік сатып алу жоспарында жалпы сомасы 38 505,2 мың теңгеге бір көзден алу тәсілімен 19 позиция жоспарланған.

2019 жылдың 12 айында және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан 21 өтініш келіп түсті, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралды.

Оларды уақтылы қарамау және жауап беру фактілері анықталған жоқ. Тоқсан сайынғы негізде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басқармасы салыстыру жүргізеді.

2019 жылы және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша іс-әрекеттеріне азаматтардың жеке және заңды тұлғалардан өтініштері, соның ішінде, сенім телефоны арқылы өтініш түскен жоқ.

2019 жылы және 2020 жылдың 1-жартыжылдығында тұрақты негізде Тексеру комиссиясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, Еңбек және орындаушылық тәртіптің талаптары мен шектеулерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҰСЫНЫМДАР:

Тексеру комиссиясының мүшелері:

  1. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуын мониторингтеу жөніндегі жұмысты күшейту және ұсынымдар мен тапсырмаларды орындау жөнінде шара қолдануды қамтамасыз етсін;
  2. Тексеру комиссиясының Нұсқамаларын орындау жөніндегі талаптарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін аудит объектілерінің кінәлі лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде уақтылы шара қолдансын.

Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері

Мүдделер қақтығысы фактілеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Мемлекеттік қызметшілер этикасы кодексін және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасы қағидаларын қатаң сақтасын.

Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі

  1. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде аудиторлық іс-шаралардың алдын ала кезеңін жүргізу мерзімдері мен қорытынды кезеңін жүргізу мерзімдерін назарға алсын;
  2. Мемлекеттік аудиторларды бөлу жоспарын дайындау кезінде аудиторлардың кәсіби дайындығын, олардың психологиялық үйлесімділігін, тағайындалған объектідегі алдыңғы аудитке қатысуын ескерсін.

Мемлекеттік аудит бөлімі

Аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде барлық кезеңдерде мемлекеттік аудит саласындағы заңнаманы қатаң басшылыққа алсын.

Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі

Мүдделер қақтығысына жол бермеуді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Әдеп кодексін және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын сақтауын талдау бойынша профилактикалық жұмысты күшейтсін;

Жұмыс тобы:

Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету
және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Т.Е. Бертаев
Мемлекеттік аудит
бөлімінің басшысы  Ш.Т. Байсейітова
Персоналды басқару
қызметінің басшысы Н.К. Токушева
Сапаны бақылау және құқықтық
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.О. Бекбосынова
Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі
басшысының м.а. Б.С. Хасенов