Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2022 жылғы және 2023 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Астана  қаласы 
2023  жылғы 9 маусым

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен және Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылғы 25 мамырдағы №48-О/Д бұйрығының негізінде бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес тексеру комиссиясы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұшырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 1-15 маусым аралығында.

Талданатын кезең: 2022 жыл және 2023 жылдың 5 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

  1. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ:

Тексеру комиссиясы өз қызметінде мынадай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен;

Тексеру комиссиясының қызметін тікелей реттейді:

- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V Заңы – (бұдан әрі мемлекеттік аудит туралы Заң);

- «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысы (бұдан әрі – МАҚБ қағидалары;

- «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы»  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №5 –НҚ нормативтік қаулысы (бұдан әрі- Рәсімдік стандарттар);

- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың Үлгілік жүйесін бекіту туралы»  2015 жылғы 28 қарашадағы №13-НҚ  нормативтік қаулысы (бұдан әрі – Үлгілік жүйе);

-Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығы;

- Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №248/32-VII шешімімен бекітілген «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі;

-Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының 2021 жылғы 10 ақпандағы №10-О/Д бұйрығымен бекітілген «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Регламенті (2022 жылғы 12 қыркүйектегі №75-Н/Қ енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен;

-Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі №42-Н/Қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит бөлімі, жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі, сапаны бақылау бөлімі, Персоналды басқару қызметі, заң қызметі туралы ережелер;

- Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 42-Н/Қ бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің функционалдық міндеттері;

- талдау объектісінің қызметін реттейтін өзге де ішкі құжаттар.

Тексеру комиссиясы және құрылымдық бөлімшелер туралы ережеде айқындалған функциялар нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді, жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген функциялар жүзеге асырылмаған.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне ішкі талдау жүргізу кезінде сапаны бақылау, заң, қаржы және кадр саласындағы бөлімдердің қызметін реттейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

  1. БӨЛІМШЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

Тексеру комиссиясының штат саны 31 бірлікті құрайды.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша нақты саны – 29 бірлікті құрады, таза ауысымдылық (өз қалауы бойынша жұмыстан шығарылған) 1 бірлікті немесе 3,2% құрады, 4 қызметкер басқа мемлекеттік органдарда лауазымға орналасуына байланысты жұмыстан шығарылды, 2 өзге себептер бойынша.

Бос лауазымдарға орналасуға іріктеу мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі, 2022 жылы 4 ішкі конкурс және 14 жалпы конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша 8 адам тағайындалды

(Ержанов М.Л., Рахметова А. К.,  Еслямбек А. Ш.,  Нұрғазин С. Е., Нұрғожина А. А., Каримова В. Т., Амитов Д. У.,  Игибаева А. Е.).

Персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметті өткеруді, еңбек тәртібін, еңбек режимі мен жағдайларын, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтауды, қызметті бағалауды, тағылымдамадан өтуді және оқытуды Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қамтамасыз етеді. Кадрлық іс жүргізу "Ақызмет"АЖ-да жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау тізбесі бекітілді (1-қосымша).

2) мүдделер қақтығысын реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттеу бірқатар нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік әдеп қағидалары).

Мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу алгоритмі Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы бекіткен қызметкерлердің мүдделері қақтығысы туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда тікелей басшы немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға міндетті:

1) адамдарды лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерін орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгерту;

3) мүдделер қақтығысын жою жөнінде өзге де шаралар қолдануға құқылы.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:

Мәслихаттың 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №248/32-VII шешімімен бекітілген «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік қызметтер жоқ.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

Мәслихаттың 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №248/32-VII шешімімен бекітілген          «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес рұқсат беру функциялары жоқ.

5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:

Функцияларды орындау барысында мемлекеттік аудит бөлімі бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік аудит бөлімі аудиторлық іс-шараларды тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде жүргізеді.

Бақылау тексеру комиссиясының мүшелеріне жүктелген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, Тексеру комиссиясының Нұсқамаларындағы тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Мемлекеттік аудит тобының құрамын қалыптастыру кезінде аудиторлардың кәсіби даярлығы, олардың психологиялық үйлесімділігі және тағайындалатын объектідегі алдыңғы аудитке қатысуы, топ мүшелерінің мемлекеттік аудит объектілерімен үлестестігі туралы мәліметтер ескеріледі.

Алайда, бір объектіде бір мемлекеттік аудиторды өткізу фактілері және аудит топтарының құрамы бірдей.

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

қаржы-экономикалық қызметте

Осы бағыт бойынша талданған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

Мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз етуде.

Осы бағыт бойынша талданған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

Қызметті іске асыруда пайдаланылатын қайталанатын Ақпараттық жүйелер жоқ.

9) Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері, мемлекеттік қызмет және/ немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары бойынша жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде сенім телефонына өтініштері түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға жататын кезеңде 194 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 58 басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберу, 136 орындалды, оның ішінде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 12 өтініш өтініш берушінің бастамасы бойынша кері қайтарылды, қарау мерзімдері бұзылған жоқ.

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша сот шешімдері жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2022 және 2023 жылдарға арналған Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс ұйымдастырылды.

 

ҰСЫНЫМДАР:

1) Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлеріне:

Мүдделер қақтығысы фактілеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын қатаң сақтау.

2) Тексеру комиссиясының мүшелеріне:

Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау жөніндегі талаптарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін аудит объектілерінің кінәлі лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды уақтылы қолдану.

3) Аппарат басшысына, мемлекеттік аудит бөліміне, персоналды басқару қызметіне:

Штат санын ұлғайту қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасына ұсыныстар енгізу.

4) Аппарат басшысына, мемлекеттік аудит бөліміне, заң қызметіне, сапаны бақылау бөліміне:

«Квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін тиімсіз басқару» ұғымдық аппаратын қолдану бөлігінде мемлекеттік аудит саласындағы нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу мәселесін қарау туралы Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасына ұсыныстар енгізу.

5) Жоспарлау, талдау және есептілік бөліміне:

Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде аудиторлық іс-шаралардың алдын ала кезеңін өткізу мерзімдері мен қорытынды кезеңін өткізу мерзімдері назарға алу.

6) Сапаны бақылау бөліміне:

Ұсынылған аудиторлық материалдар бойынша мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелерін сараптау сапасын бақылауды күшейту.

7) Заң қызметіне:

Уәкілетті органдарға, сотқа және құқық қорғау органдарына жіберілген әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу істеріне мониторинг жүргізу.

8) Персоналды басқару қызметіне:

Мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді қатаң сақтауын қамтамасыз ету, бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын сақтау.