«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, соның ішінде, мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, соның ішінде, мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізіліммен белгіленген саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, соның ішінде, орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, соның ішінде, мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен белгіленген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 тіркелген.
Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
D-2 166 163 220 681
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, факс 8 (7172) 72-92-61, t.tokusheva@rkastana.gov.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы (D-2 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану).
Функционалдық міндеттері: Тексеру комиссиясының аппаратына басшылықты жүзеге асыру, оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; аудиторлық және ақпараттық-талдау іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесін жүргізуді ұйымдастыру; Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.
Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) ұсынылуы тиіс.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар әңгімелесуді «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) әңгімелесуге рұқсат берілгені туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.