2013 жылғы 12 қазан күні Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Жоспарлау және есептілік бөлімінің бас маманы бас бақылаушысы және №2 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс жарияланды.
Ағымдағы жылғы 29 қазан күні бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау аяқталды.
Конкурсқа қатысуға 4 үміткер құжат тапсырды (3 ер, 1 әйел).
Үміткерлердің кәсіби және жеке қабілеттерін бағалау мақсатында 2013 жылғы 1 қараша күні әңгімелесу өткізілді.
Конкурстық комиссия 2013 жылғы 1 қараша күні Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Жоспарлау және есептілік бөлімінің бас маманы бас бақылаушысы және №2 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өткізген конкурстық кезеңінің қорытындысын қабылдады.
Үміткерлермен өткізілген әңгімелесу нәтижесінде Конкурстық комиссиямен:
- Жоспарлау және есептілік бөлімінің бас маманы-бас бақылаушысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жарасбаев Кадыр Алимович;
- №2 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне) Ашим Айгуль Ашимкызы ұсынылды.
Персоналды басқару қызметі бөлімі