«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіндегі 2016 жылғы 29 шілдеде өткен жалпы конкурстың қорытындысы
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мен уәкілетті органның интернет-ресурсында 2016 жылғы 18 шілдеде күні жарияланған «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс бойынша мынадай ақпарат береді:
Кандидаттың берген құжаттарын, өткізілген әңгімелесу мен дауыс берудің нәтижелерін қарастыра келе, Конкурстық комиссия «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру үшін ШЕШТІ:
D-4 санаты бойынша «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік аудит және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы ретінде Саида Серікқызы Мұсабаева ұсынылсын.