«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, 72-92-60, t.tokusheva@rkastana.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы (D-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 123 257, 48 теңгеден 166 564,16 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аудит объектілерінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар материалдары бойынша талдау және жинақ жүргізу; Тексеру комиссиясы қызметіне қатысты талдамалы материалдарды дайындауға қатысу; бөлімнің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды дайындау; жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды енгізу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджемент), құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған үміткерлерді тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да қасиеттер.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Аталған лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен бірге мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, оның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.