«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, 72-92-60, t.tokusheva@rkastana.gov.kz , «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жоспарлау және есептілік  бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы  (D-4 санаты, 1 бірлік) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  93275,9 теңгеден 125755,9 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Жергілікті бюджеттің орындалуын талдау; Тексеру комиссиясының есептерін, ақпараттары мен қорытындыларын даярлау; тиісті органдарға тоқсандық және жылдық ақпаратты дайындауға қатысу, жергілікті бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есепті әзірлеуге қатысу; бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды дайындау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін бақылау құжаттарын бағалауды және талдауды жүргізу, Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің нәтижелері бойынша тоқсандық, жылдық есептерін әзірлеу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджемент), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған үміткерлерді тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары,  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да қасиеттер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

- ғылыми дәрежесінің болуы.*

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) жалпы конкурс өткізу туралы осы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде (құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді) тапсырылған қоса берілген құжаттар тізімі көрсетілген мұқабада орналастырылған құжаттарды қарауға қабылдайды.

Бiлiмi туралы құжаттардың; еңбек қызметін растайтын құжаттың; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат; конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Аталған лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен бірге  мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, оның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Өтініш