«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, 72-92-60, t.tokusheva@rkastana.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Жоспарлау және есептілік бөлімінің басшысы (D-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 123 257, 48 теңгеден 166 564,16 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттің орындалуын талдау мәселесі бойынша бөлімді жалпы басқаруды қамтамасыз ету,мемлекеттік аудит және мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар даярлау үшін бақылау құжаттарының бағалауы мен талдауын жүргізу,тиісті органдарға тоқсандық және жылдық ақпаратты дайындауға қатысу, жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде жылдық есепті дайындауға қатысу, Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің нәтижелері бойынша тоқсандық, жылдық есептерді әзірлеу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит,қаржы), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да қасиеттер.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат, 505-кабинет) қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Үміткерлермен әңгімелесу ««Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат, 505-кабинет) әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.