«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, факс 8 (7172) 72-92-60, t.tokusheva@rkastana.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі - 2 бірлік (1 бірлік, негізгі қызметкердің 2018 жылғы 1 мамырға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, № 1-2; № 1-5), D-2 санаты. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 293 239,29 теңден 472 155,96 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бекітілген Жұмыс жоспарына және Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық қызметін ұйымдастыру; аудиторлық іс-шараны өткізуге және оның материалдарын белгіленген жұмыс бағыттары бойынша іске асыруға тікелей басшылықты жүзеге асыру; Аудиторлық қорытындының ұсынымдарын және Нұсқама тапсырмаларын орындауға тұрақты және жүйелі негізде мониторингілеуді жүзеге асыру; жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынуды ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, «экономика және бизнес» немесе «құқық» мамандықтары бойынша.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-2, В-3, С-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) үлгі бойынша өтініш (қоса беріледі)*; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсыру күнінен кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе анық емес мәліметтер беру конкурс комиссиясының оларды қарастырудан бас тартуына негіз бола алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар мемлекеттік органның электронды поштасына электронды нұсқада немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберілген жағдайда олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуге жіберілмейді.
Құжаттар «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен кейінгі жұмыс күнінен бастап есептелетін үш жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс (Астана қаласы, Сарыарқа даңғ., 13, 5-қабат, каб.505).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғ., 13, 5-қабат, каб.505) әңгімелесуге жіберу туралы хабарландыру алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.