«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-3 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа жалақысы, тг.:
D-3 - 327923
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, Астана қ, Сарыарка даң. 13, 5 қабат, пошта мекенжайы: 010000 Астана қ, Сарыарка даң. 13, 5 қабат, анықтама телефоны: 72-92-65, факс: 72-92-60, e-mail: tolkyn_t@mail.ru «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
- «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аудит және қаржалық бақылау бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы, D-3 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Аудиторлық, сараптамалық-талдамалық іс-шараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтау; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін материалдарды беруді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқықтану, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару. Мемлекеттік аудитордың сертификаты.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.