«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.03.2024 - 20.03.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.03.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 29.03.2024
Сұхбат: 03.04.2024
Анықтама телефоны: +7-702-168-35-55
D-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аудит және қаржалық бақылау бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы, D-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аудиторлық, сараптамалық-талдамалық іс-шараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтау; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін материалдарды беруді жүзеге асыру.
Қосымша талаптар:
Мемлекеттік аудитор сертификаты
Жеке талаптар:
Мемлекеттік аудитордың сертификаты.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқықтану, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
Шағым жасау тәртiбi:
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.