«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-3 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2023 жылғы 5 ақпандағы № 71 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    D-3                     305 232                   350 615

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі,  010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат  мекенжайы бойынша, электрондық пошта:  e-mail: tolkyn_t@mail.ru, анықтама телефоны: 8 (7172) 72-92-65, факс: 8 (7172) 72-92-61, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдамына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудитор, (D-3 санаты, 1 бірлік, «А» блок)

Функционалдық міндеттері: Аудиторлық, сараптамалық-талдамалық іс-шараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтау; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін материалдарды беруді жүзеге асыру.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану), мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысандағы 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысан бойынша толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ»  халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»  халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта (Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) мыналардың бар болуын тексереді:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижемен заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификат;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижемен жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қорытынды.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер мен «Қазақтан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Өтініш;

2) тиісті Персоналды басқару қызметі құжаттарды ұсыну күніне дейін бір айдан аспайтын мерзімде растаған қызметтік тізім.

Қолма-қол немесе пошта арқылы толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Толық емес құжаттар пакетін ұсыну конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық пошта мекенжайына берген кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін жеті жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинетіне,   e-mail: tolkyn_t@mail.ru) немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік органның жұмыс уақытында сағат 08.30-дан 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан 18.00-ге дейін, бес күндік жұмыс аптасы тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы  әңгімелесу «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет),  рұқсат берілген туралы  хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуі мүмкін.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.