Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурсқа хабарландыру
Конкурстардың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-2 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес; D-O-3, D-R-1, E-2, E-R-1;
2) Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында не облыстық және оған теңестірілген соттан немесе Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотынан төмен емес судья лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
3) ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты санат
min max
D-3 410 720 471 788
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, Астана қ., Сарыарқа даңғылы 13, 5 қабат, пошталық мекенжайы: 010000 Астана қ., Сарыарқа даңғылы 13, 5 қабат, 505-кабинет анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, факс: 8 (7172) 72-92-61, e-mail: t.tokusheva@rkastana.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы (D-2 санаты, 1 бірлік, «А» блогы).
Функционалдық міндеттері: Тексеру комиссиясы аппаратына жалпы басшылық жасау, аудиторлық, ақпараттық-талдамалық іс-шараларды ұйымдастыруды және оған қатысуды қамтамасыз ету; Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелерін жүргізуді ұйымдастыру; Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, қаржы, құқықтану), с.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысан қоса беріледі);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттік қызметшінің тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей куәландырылған қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес топтамасын не дұрыс емес мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қабылдау мерзімінде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттар «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін үш жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат, каб.505).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесу өткізілетін күн туралы хабардар етеді, хабарлама қатысушылардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы телефон арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде өтеді (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат, каб.505 кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Байқаушылар ретінде конкурстық комиссияның отырысына он сегіз жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.