«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг. :
Санаты еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
D-4 260 131 302 255
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, факс 8 (7172) 72-92-61, (t.tokusheva@rkastana.gov.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудитордың ассистенті (D-4 санаты, 1 бірлік, А блок).
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша құжаттарда қол қою құқығынсыз аудиторлық іс-шараларды жүргізу (аудиторлық есеп); аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтауды жүргізу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.
Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) ұсынылуы тиіс.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар әңгімелесуді «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) әңгімелесуге рұқсат берілген туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.