«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-3 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2023 жылғы 5 ақпандағы № 71 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    D-3                     305 232                   350 615

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі,  010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат  мекенжайы бойынша, электрондық пошта:  e-mail t.tokusheva@rkastana.gov.kz,   анықтама телефоны: 8 (7172) 72-92-65, факс: 8 (7172) 72-92-61, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдамына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудитор, (D-3 санаты,  бірлік)

Функционалдық міндеттері: Аудиторлық, сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша талдау және материалдар жиынтығын жүргізу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жіберуді жүзеге асыру, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асыру, мемлекеттік аудит жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы, есеп және аудит,  мемлекеттік аудит, экономика, құқықтану, мемлекеттік және жергілік басқару, мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған  қызметтік тізім.

Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуге рұқсат берілген  кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін  бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар әңгімелесуді «А қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) әңгімелесуге рұқсат берілген туралы  хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.