«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
«Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 71 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 сәуірдегі № 32237 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг. :
Санаты |
еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
D-4 |
260 131 |
302 255 |
«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, факс +7 (7172) 72-92-61, tolkyn_t@mail.ru) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудитордың ассистенті (D-4 санаты, 1 бірлік).
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: мемлекеттік аудит, экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.
Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нітижелері бойынша құжаттарда (аудиторлық есеп) қол қою құқығынсыз аудит объектілерінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтауды жүргізу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысандағы 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысан бойынша толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта (Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) мыналардың бар болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижемен заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификат;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижемен жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қорытынды.
Ереженің 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.
Бұл ретте Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер мен заңның «Қазақтан Республикасның мемлекеттік туралы» 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Өтініш;
2) тиісті Персоналды басқару қызметі құжаттарды ұсыну күніне дейін бір айдан аспайтын мерзімде растаған қызметтік тізім.
Қолма-қол немесе пошта арқылы толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы Қағидалардың
5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсыну конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық пошта мекенжайына берген кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынады.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін жеті жұмыс күні ішінде «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинетіне, e-mail: tolkyn_t@mail.ru) немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік органның жұмыс уақытында сағат 08.30-дан 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан 18.00-ге дейін, бес күндік жұмыс аптасы тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы әңгімелесу «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, АстанаС қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет), рұқсат берілген туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.