«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-4 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы;

6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг. :

Санаты

еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-4

260 131

302 255

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-92-65, факс 8 (7172) 72-92-61, t.tokusheva@rkastana.gov.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудитордың ассистенті (D-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану) саласында жоғары білім.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нітижелері бойынша құжаттарда (аудиторлық есеп) қол қою құқығынсыз аудит объектілерінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу; аудиторлық іс-шаралар бойынша материалдарды талдау және жинақтауды жүргізу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындауға қатысу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған  қызметтік тізім.

Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  үш жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуге рұқсат берілген  кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін  бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар әңгімелесуді «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет) әңгімелесуге рұқсат берілген туралы  хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.