«Нұр-Султан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-5 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                       min                max

          D-5                     168577          193642

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даңғылы 13, 5 этаж, пошта мекенжайы: 010000 Нұр-Сұлтан қ., анықтама телефоны: 72-92-65, факс: 72-92-61, e-mail: tolkyn_t@mail.ru «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Нұр-Султан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің жетекші маман, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 22 қарашаға дейі н (D-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Тексеру комиссиясы отырыстары мен кеңестерінің материалдарын ресімдеу; кіріс, шығыс хат-хабарларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, аудиторлық есептерді, оның ішінде электрондық құжат айналымында тіркеуді қамтамасыз ету, ағымдағы мұрағатпен жұмыстарды жүзеге асыру, істер номенклатурасын жасау және келісу; мемлекеттік тілді қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу, ақпараттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім:  Экономика, құқықтану, аударма іс, мемлекеттік және жергілік басқару, мұрағаттану, құжаттарды жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысандағы 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысан бойынша толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ»  халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»  халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта (Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) мыналардың бар болуын тексереді:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижемен заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификат;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижемен жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қорытынды.

Ереженің 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.

Бұл ретте Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер мен заңның "Қазақтан Республикасның мемлекеттік туралы» 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Өтініш;

2) тиісті Персоналды басқару қызметі құжаттарды ұсыну күніне дейін бір айдан аспайтын мерзімде растаған қызметтік тізім.

Қолма-қол немесе пошта арқылы толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Толық емес құжаттар пакетін ұсыну конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық пошта мекенжайына берген кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін жеті жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинетіне,   e-mail: tolkyn_t@mail.ru) немеес «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы  әңгімелесу «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат 505-кабинет),  рұқсат берілген туралы  хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуі мүмкін.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.