«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бюджетті жоспарлау, атқару және активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асырады.
2019 жылғы 9 айда 12 аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды шығарылды, 46 аудит объектісінде жалпы сомасы 163 005,3 млн. теңге, атап айтқанда:
- мемлекеттік органдарда – 79 464,0 млн. теңге;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 83 541,3 млн. теңге қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша жалпы сомасы 56 409,7 млн.теңгеге немесе қамтылған қаражат көлемінің 35 % - нан астам бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың ең көп үлесін 41 234,8 млн. теңгеге тиімсіз жоспарлау бұзушылықтары, 9 130,5 млн. теңгеге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының бұзушылықтары және 6 044,4 млн. теңгеге бюджетке өтелуі және/немесе қалпына келтірілуі тиіс (құжаттардың сәйкес келтірілуімен, жұмыстардың орындалуымен) қаржылық бұзушылықтар құрайды. Сонымен қатар, аудит объектілерінің қызметінде 751 рәсімдік бұзушылық және 249 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Қалпына келтірілуге/өтелуге ұсынылған қаржылық бұзушылықтардың бүгінгі күнге 3 459,2 млн. теңгесі қалпына келтірілді/өтелді, оның ішінде:
- 71,7 млн. теңгесі – ақшалай нысанда өтелген;
- 3 387,5 млн. теңгесі – жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарларды жеткізу, есеп бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілді.
Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі (70%) бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін сақтамауға келеді. Мысалы, тұрғын үй құрылысы бойынша көзделген тетіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде аудит объектісінің бухгалтерлік есепте жалпы сомасы 967,3 млн. теңгеге активтерді теңгерімге қабылдау бойынша операцияларды көрсетпеу фактісі анықталған. Мұндай бұзушылықтарға жол берілудің негізгі себептері бухгалтерлік қызмет жұмысшыларының жеткіліксіз біліктілігі және кадрлардың тұрақтамауы болып табылады.
Барлық аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары Тексеру комиссиясының www.rkastana.gov.kz ресми сайтында жарияланады.
Анықталған бұзушылықтарды талдау анықталған бұзушылықтардың көпшілігі жүйелі сипатқа ие екендігін көрсетті, бұзушылықтарға жол берілудің негізгі себептері жұмыскерлердің өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, жұмыскерлердің көп жүктелуі, кадрлардың тұрақтамауы, басшы құрам тарапынан жұмыскерлердің Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын сақтауына тиісті бақылаудың қамтамасыз етілмеуі болып табылады.
Осылайша, бұзушылықтарға жол бергені үшін 79 лауазымды адам, оның ішінде 53-і тәртіптік жауапкершілікке, 26-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жалпы сомасы 3,8 млн.теңгеге айыппұл салынды).
Сонымен қатар, есептік кезеңде Тексеру комиссиясымен жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және жұмыстарындағы кемшіліктерді жою жөнінде 37 ұсыныс және 187 тапсырма жіберілді.
Барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті ақпарат тұрақты негізде Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына және әкіміне жолданып отырады.
Сондай-ақ, алдын алу, оның ішінде қаржылық бұзушылықтарды ескерту бойынша шараларды қабылдау мақсатында Тексеру комиссиясы аудит объектілерімен бірлесе отырып, тұрақты негізде неғұрлым проблемалық мәселелер бойынша семинар-кеңестер өткізіп отырады.
Ағымдағы жылғы 3 қазанда Тексеру комиссиясы Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттарының, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Білім басқармасы және Мәдениет және спорт басқармасын өкілдерінің, сондай-ақ 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, елорданың мәдениет және спорт саласындағы 25 мекеме басшыларының және қаржы-шаруашылық қызметіне жауапты лауазымды адамдарының қатысуымен «Техникалық, кәсіптік білім беру және мәдениет салаларындағы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер» тақырыбында семинар өткізді. Толығырақ ақпарат www.rkastana.gov.kz сайтында орналастырылған.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы алдағы уақытта елордадағы қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзушылықтарын алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізуді жалғастыратын болады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ
«Астана Ақшамы» газетінде
31.10.2019 ж. №128 (3949) жарияланды